«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мәңгілік жасай берсін-Тәуелсіздік!" мерекелік іс-шара "Ақбота" ІІ кіші тобында

11.12.2018

                       Мәңгілік

жасай берсін-Тәуелсіздік!

Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, астанасы,

желтоқсан, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ

айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген

сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. 

Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке  балалар

залға билеп кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,балалар,

қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16 –шы желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған

балабақшамыздағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз. 

 Иә, көк Туымыз

асқақ  желбіреп  тәуелсіздігіміз салтанат құрғанына  27 жыл 

Тарих  үшін  қас 

қағым сәт, азаттық аңсаған. Алаш 

баласы үшін  ғасырдан  қымбат 

мың тарихы бұл 27 жылдан шектелмейді. Тәуелсіздік  алып келген жетістік те, оң өзгерістерде мол.

Тәуелсіздіктің ен басты  жетістігі –

еркіндік. Еліміздің  еркін өмірдегі  бүгінгі 

табыстарының бәрі де 

тәуелсіздіктің  нәтижесі . Біз

еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары ел болуы тиыпыз.

                             Әнұраны елімнің,

                             Шақырады бірлікке

                             Егеменді халқымның

                             Болашағы  бірлікте.

                    

 Шаикалмасын ешкімнің шаңырағы,

                      

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

                      

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

                      

Қазағымның  қастерлі-Әнұраны!

 Қазақстан

Республиканың әнұраны орындалсын.

 Жүргізуші Бүгін біз осы 

мерекемізді бастамас бұрын «Балдырған»

Балабақшасының меңгерушісіне  Сайфуллина Тлевлес Камешовнаға құттықтау  сөзін береміз.

Жүргізуші: -

Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні Балалар, біздің Отанымыз

қалай аталады?

Балалар: Қазақстан.

Жүргізуші: Қазақстан қандай

мемлекет?

Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы

Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жүргізуші: Еліміздің астанасы қай

қала?

Балалар: Астана.

Жүргізуші: Астана қандай қала?

Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар,

балалар. Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.

 Ернар

Біздің Отан – Қазақстан 

Елбасымыз - Нұрсұлтан

Ел Ордамыз – Астана

 Жаңа туған жас қала.

Айдана

Бар байлықтың басында        

Туған Отан тұр биік

Пейілі үшін қазақтың

Маңдайынан нұр сүйіп.

   А.Ислам

Тыныш менің Отаным, 

Ырыс менің Отаным.

Ардақтайтын Отанын

Мен Отаншыл баламын

Димаш

Біз жас ұлан отан өркені

Үміт артқан болашағы ертеңі

Тәуелсіз елдің даңқын көкке өрлетіп

Гүлге бөлеп жайнатамыз өлкені.

Айсана

Тәуелсіздік мәңгі сақталсын

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату-тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Рустам.

 Тәелсіздік мақтанышым

Бізге бақыт сыйлаған

Бейбіт күнде мен тынышпын

Әрбір таңым нұр  маған.

       

Ән: «Қазақстаным Отаным»

 

-Ал, енді балалар, Рәміздерге

байланысты тақпақтарымызды айтайық (балалардың тақпақтары тыңдалады).


Айсұлтан

Елтаңбасы

елімнің    

Неткен

әйбат,әдемі

Тұнығындай

көңілдің

Ортада

аспан әлемі.

Е.Ислам

Айнымайды

аспанан 

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Жүргізуші:     Қазақстан көк байрақтың нұры едің,

                          Сен дегенде

лүпілдейді жүрегім.

                          Өзің менің

қуанышым, бақытым,

                          Өзің менің

мақтанышым тірегім.

                          Қыран құсым көк

аспанда самғасын.

                          Желбіреп көк

байрағың сан ғасыр

                          Жас ұландар, берік ұстап туыңды

                          Жарқыратып

туған елдің таңбасын

Би «Алға

Қазақстан»  ұлдар

Әділет:

 Бабамның да арманы

Осы еді ғой аңсаған

Тәуелсіздік таңдары

Бақ береді баршаға

Сұлтан

Қазақстан-елдің аты.

Қазақстан-жердің аты

Қазақ деген елімнің

құтты болсын бұл-күні.

 

Мариям

Жалғыз Отан өзіңсің         

Жүрегімнің түбінде.

Оттай ыстық сезімсің

Күнім - Отан, күлімде!

Нұраят

Отанды біз атамекен 

Деп аялап айтамыз,

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз

Алуа

Мерекеге

шығады             

Бүкіл халық ,біліп

қой

Отандастар ұғады

Тәуелсіздік –ұлы

той

 Сымбат

Он алтыншы желтоқсан   

Тәуелсіздік алған күн 

Ерекше боп мәңгілік 

Ел жадында қалған күн

Ән: «Мен қазақтың қызымын»

Мирас:

Қуат алған өзіңнен

Туған елдің ұлымын

Бақытты

етіп өсірген

Отанымның

гүлімін

Алішер

Тәуелсіздік таңы

атты    

Барлық әлем

жаңарып,

Осы тұрған халқыма

Бейбітшілік орнады

Би: «Қазақ биі» қыздар

Ойын: «Туған

елді гүлдендір» .


Ендеше  болшақта Туған елдіріңді қалай

гүлдендіретіңдеріңді көрейік.

(Балалар алдын ала  суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып,әуен

ырғағымен жүріп  Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.)

-Балалар, Туған елдің гүлдендірер ұл-қызы міне, сендерсіздер.

Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді

өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендер. Ол үшін

терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.

«Туған жер –алтын бесік» - демекші, балалар, бүгінгі  кеште  

айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.

Ән; «Жас дәуірдің түлегіміз»

 жүргізуші: Міне, бүгін 

еліміздің  тәуелсіздік  күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.

Құрметті  балабақша  апайлары, балалар  еш уақытта 

қиындық көрмеңдер. Ел  тыныш,  аман 

болсын, бейбіт күніміз  жарқын

болсын. Әрқашан  аспанымызда күн  сөнбесін. Тәуелсіз көк  байрағы 

желбіресін.

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 460


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст