«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңесін құру туралы ата-аналарға жалпы ақпараттандыру

10.12.2018

Жалпы ата-аналар жиналысы

29 қараша 2018 жыл.

хаттамасы № 2

Қатысқандары:  74 ата-ана

Күн тәртібінде:

 

 

1.«Балдырған»

бөбекжай-бақшасы» МКҚК-ында  Қамқоршылық

кеңесін құру туралы  ата-аналарға жалпы

ақпараттандыру.Жауапты: балабақша меңгерушісі Т. Сайфуллина

2.Қамқоршылық

кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау

тәртібінің үлгілік қағидаларымен таныстыру.Жауапты: балабақша әдіскері

Ж.Балдаева.

3. Қамқоршылық

кеңестің құрамын сайлау.

4.Жалпы ата-аналар

жиналысының Шешімі.

Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер

1.Жалпы ата-аналар

жиналысында күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша балабақша меңгерушісі Т.К.Сайфулллина

алғы сөз сөйлеп, жиналысты ашты.Кезектен тыс ата-аналар жиналысының ашыуымыздың

себебін түсіндіріп өтті.Барлық білім беру ұйымдарында, соның ішінде мектепке

дейінгі мекемелерде де қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырып ашу керек

екеніміз жайлы айтып өтті.Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің

2017 жылғы «27» шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген  «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің

жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелері туралы жалпы

мағлұмат берді.Біз балабақшамызда Қамқоршылық кеңесін осы заңнама тұрғысында ашуға

тиіспіз деп атап көрсетті.Қамқоршылық кеңестің құрамында ата-аналардан

сайлауымыз керек.Балабақшада Қамқоршылық кеңесі: Білім беру ұйымдарының білім

алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім

беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жетілдіруге,білім беру

ұйымындағы тәрбиеленушілерге әлеуметтік қолдау көрсетуге, дарынды балаларды

қолдауға көмек беретін болады.Сонымен қатар мемлекеттік жалпыға міндетті білім

беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру  процесін ұйымдастыруға шығыстарды жүзеге

асыруға болатындығын атап өтті.Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ,

бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық

қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылатынын да атап өтті.Ата-аналарға осы

Қамқоршылық кеңесті балабақшамызда сайлау тәртібі бойынша кеңес мүшелерін

дауысқа салу арқылы  сайлап алуымыз керек

екендігі де айтылды.

2.Күн тәртібіндегі

екінші мәселе бойынша балабақша әдіскері Ж.Балдаева сөз сөйлеп,Қамқоршылық

кеңесті сайлау тәртібі мен құрамы жөнінде толық ақпарат беріп өтті. Білім беру

ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің

үлгілік қағидалары «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдегі Қазақсан Республикасы

Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және оны сайлау тәртібін

айқындайтынын айтып өтті. Қамқоршылық кеңестің құрамын тиісті саланың

уәкілетті  органы немесе білім

саласындағы жергілікті атқарушы органы бекітеді және Қамқоршылық кеңеске мүше

болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстарыдң негізінде

қалыптастырылады.

Қамқоршылық

кеңестің құрамына мыналар кіреді:

1) Жергілікті

өкілдік, атқарушы және құқық органдарының өкілері;

2) жұмыс берушілер

мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;

3) коммерциялық

емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

4) ата-аналар

комитеті ұсынған әрбір тәрбиеленушілердің ата-атасы немесе заңды өкілі;

5) қайырымдылық

жасаушылар (бар болса).

Білім беру ұйымының

жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес отырысна осы білім беру ұйымының басшысы

немесе оның орынбасары қатыса алатындығын да айтып өтті. Сонымен қатар

мемлекеттік органдардың өкілдері Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып

сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асырмайды.Қамқоршылық кеңестің

төрағасы болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңестің шешімі оның қызметін

Қамқоршылық кеңес құрамына кіретін мемлекеттік органдардың өкілдерінен басқа

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.Төраға Қамқоршылық кеңестің

атынан әрекет етеді және осы Қағидаларға сәйкес оның қызметін қамтамасыз

етеді.Қамқоршылық  кеңестің жұмысын

Қамқоршылық кеңес сайлаған хатшы қамтамасыз ететін болады.Сонымен Қамқоршылық

кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары

толығымен айтылып, ата-аналарға түсіндірілді.

3.Күн тәртібіндегі

үшінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесін сайлауға ұсыныс жасалды.

Балабақшамыздың меңгерушісі Т.Сайфуллина сөз сөйлеп,  барлық топтың ата-аналар комитетінің

төрайымдарын жинап,осы Қамқоршылық кеңесін құру жөнінде және оның құрамына

кіретін мүшелері жөнінде де таныстырып өткенімізді де айтып өтті.Енді сіздердің

пікірлеріңіз тыңдайық деп ашық айтты.Балабақшамыздың ата-аналар комитетінің

төрайымы Н.Мұратбек сөз сөйлеп, өз ойын ашық айтып жеткізді. «Бізде балабақшамызда

мектептердегі сияқты осындай Қамқоршылық кеңесін құрғанымыз, балаларымыздың

мүддесі үшін нағыз қажет ұйым деп ойлаймын. Себебі: балабақшадағы барлық оқу

процестеріне,дарынды балаларымызға демеушілік жасап отырсақ, өз балаларымыз

үшін жақсы емес пе, сондықтанда біз бәріміз осы Қамқоршылық кеңесін ашып, оған

мүшелікке сайланайық» деп өз ойын ашық ортаға салды. Ата-аналардан  Ж.Алмұқанова сөз сөйлеп,өз ойын білдірді.

«Әрине, менің осы балабақшаға екі балам да келеді, менде осы Қамқоршылық кеңесін

құрғанымыз дұрыс деп санаймын.Өз балаларымыздың білімі мен тәрбиесі үшін барлық

қажетті мүмкіндіктерді заңды түрде жасауымызға бірден –бір жолы деп түсінемін.

Сондықтанда осы балабақшамызда осы кеңеске мүше болып,жұмысын бірге атқарайық

деп айтқым келеді» деді. Сонымен қатар әр топтан ата-аналар жан-жақтан қол

көтеріп,сөз сөйлеп, осы ұсынысты барлығы да қолдайтындарын айтып, әр топтан 2-3

ата-анадан сайлауға келісетіндіктерін айтып, бірауыздан қолдау көрсетті.Сонымен

балабақшамызда Қамқоршылық кеңеске  он үш

адамды сайлауға ұсынып, әр ұсынылған кандидатура жеке-жеке дауысқа

ұсынылды.Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып Ж.Алмұқанова сайланды. Қамқоршылық

кеңестің орынбасары  А.Алиасқарова

сайланды. Қамқоршылық кеңесінің хатшысы болып  М.Жаркимбекова сайланды.  Қамқоршылық кеңесінің құрамына тоғыз адамнан

құрылатын болды.

Жалпы ата-аналар жиналысының

Шешімі:

1.Білім беру

ұйымдарындағы Қамқоршылық кеңесінің ережесіне сәйкес  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігінің 2017 жылғы  «27» шілдедегі

№ 355 бұйрығымен бекітілген «Білім 

туралы» 2007 жылғы шілдедегі Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес

Қамқоршылық кеңесі құрылсын.

 

2.Ата-аналар қоғамы

өкілдерінен, барлығы  9  адамнан тұратын балабақшада Қамқоршылық кеңесі

құрылсын.Қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне төмендегідей тізім бойынша құрылды.

1. Алмұқанова

Ж.С.-қамқоршылық кеңесінің төрайымы.

2.Алиасқарова А.. –қамқоршылық

кеңесінің төрайымының орынбасары.

3. Ахметова  Айгүл 

Ергазиевна  - хатшы

4. Мынбаева  Тамара 

Михайловна

5. Абжанов  Даурен 

Ералханұлы     

6.   Бекишова 

Венера  Мұратқызы       

7.  Мұратбек  

Нина

8. Жұматаева  Динагүл 

Қалибекқызы

9. Бакешев  Талғат 

Қуанышұлы 

 

 

3. Балабақшадағы

Қамқоршылық кеңесінің жұмысы ұйымдастырып, жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілсін.

 

 

 

 

Просмотров: 518


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст