«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Патириоттық тәрбие негізі – балабақшадан басталады»

23.12.2021

Биыл қәстерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Бұл- қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттық тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда,  30 жыл –көзді ашып жұмғанда қас-қағым сәт. Дегенмен,  бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. біз де осындай жолдан өтіп келеміз.Осыған орай біздің «Балдырған» бөбекжайында  аудандық семинар өтті. Семинардың ашылуын меңгеруші Серікбиева Г.С. бастады. Әдіскер Гафарова А.С «Патриоттық тәрбие негізі- балабақшада» ұзақ мерзімді жоба көрсетті.

Келесі Кезекті балабақша тәрбиешілері ашық сабақтармен бастады.

Ересек тобының тәрбиешісі Садыкова А.Г «Туған өлкем» тәрбие сағатын көрсетті. Бұл сабақта балалар өздерінің қай мемлекетте, қай өлкеде тұратындарын, толығымен айта алды. Балалар сабақта жақсы белсенді қатысып отырды.

Ортаңғы тобының тәрбиешісі Ануарбекова Г.М «Қыстайтын құстар» ашық сабақ өткізілді,    

Қандай құстар қыстап қалатыны жайлы біліп, лоарға жем салғыш жасап, балалар қамқорлық жасады. Педпгог –психолог Белгібаева М.Д «Менің ұжымым» атты қонақтармен тренинг жүргізді. Қонақтар тренингта бір серігіп қалды. «Менің отбасым» атты ашық сабақты кіші тобының тәрбиешісі Мамытова У.М балалардың жасы 2-3 жаста болса да, сабақ барысында сұрақтарға жауап беріп, жақсы қатысып отырды. Сабақ өте қызықты өтті. Өз отбасы мүшелеоін атап бере алды. Спорт нұсқаушысы Шайкемелов М.Ж «Ұлттық ойындар» ашық сабағы өтті. Өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа ұлттық ойындар ұмытылмасындай ой салды. Балалар арасында эстофеталық жарыстар өткізілді, сабақ барысында қазақтың ұлттық ойындары болды, мысалы; арқан тартыс, асық ойыны, ат жарыс, балаларға қазақтың ұлттық ойындары балабақшадан бастап үйретілуі керек. «Ғажайып жылжымалы киіз үй» шеберлік сыныбын жоғары санатты тәрбиеші Балдаева Ж.Б көрсетті. Жылжымалы киіз үй бес қырлы қәзіргі заманға сай жасалған.

Ұйымдастырылған сабақ аяқталған соң, мерекелік концертпен жалғасты. Педагогтар флешмоб биімен ашты. Әнұран ойналды. Балабақшаның тәрбиеленушілері «Көк тудың желбірегені» атты би компазициясын шығарды. Балабақшамыздың психологы Белгібаева М.Д «Желтоқсан оқиғасы» атты монолог оқып, «Жауқазын» ересек тобының тәрбиеленушілері аспаптармен оркестр көрсетті

Концерт соңвнда ұжым болып Е. Хасанғалиевтын «Атамекен» әнімен аяқталды.

Қазақ тіліміздің тұғыры берік болып елдігіміз жаңдана берсін! 30 жылдығың 100 жылдыққа ұласып шаттығың мен бақытың ортаймасын! Қазақ елі жасай берсін! Қазақстан жасай берсін! 

 

Просмотров: 386


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст