«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ "Қазақтың ұлттық ою өрнег"і

20.11.2018

Тақырыбы: Ою ханмен оюлар әлемінде.

Аңдатпа:    Бұл оқу іс – әрекетінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып,балалардың  сөздік  қорындағы сөздердің белсенділігін арттыру.Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Мақсаты:   Білімділік: Балаларға  қазақ халқының қол өнерінің оюлары жайлы түсіндіре отырып, сөздік  қорларын  байыту, дұрыс сөйлеуге  үйрету, қойлған  сұраққа  дұрыс  та,  толық  жауап  беруге  дағыдаландыру. Сөздің  дара 

мен  көпше  түрін дұрыс  айтуға  үйрету,  түсіндіру.

Тәрбиелік: Халықтық  педогогикасымен  ұштастыра  отырып тақпақ  пен  мақал - мәтел туралы ұғымды  қалыптастыру, тілге  деген қызығушылығын  ояту,  күнделікті қолданылатың  сөзді пайдалана  отырып  адамгершілікке, имандылыққа, ілтипаттылыққа тәрбиелеу. Ептілікке, бір – біріне  деген сыпайлық пен  шыдамдылыққа тәрбиелеу.

 Дамытушылық: Баланың танымдылық, сөйлеу іс – әрекеттерін біріктіре  отырып, сөздің  дара  мен  көпше  түрін, қандай?, не?, нелер? деген сұрақтарға  қалай  жауап беру керек екенің   түсіндіру,  дамыту. Жан – жақты  ойлау қабілетімен сұраққа  толық жауап  беру  деңгейін арттыру, қабылдау  ниетін  дамыту, ойлау  үрдісін  жетілдіру.

Әдіс –тәсілдер:  Шаттық  шеңбер, ой  қозғау,  әңгімелесу, сұрақ – жауап,  слайдтар көрсету, көрініс,дидактикалық

ойындар мен   сергіту сәті, тақпақ  пен мақал - мәтелдер, бағалау,  қортындылау.

Керек құрал – жабдықтар:   Қазақ  халқының  өрнектері  мен  аспаптары, желім, текемет, қағаз,сырмақ, киіз үй,

сандық, бесік, аяққап, слайдтар, әндер.

Сабақ барысы:

Балалар  ән – күй залына(Сарыарқа күйі  ойналады)  әсем әуен  ырғағымен  кіреді.Балалар  жарты  шеңбер 

құрып тұрады.

Тәрбиеші:  Сәлеметсіңдер ме, балалар! Армысыздар , ардақты  қонақтар!

Тәрбиеші:  Барлығы  бірге:

Асыл  сөздің  атасы

Ақын  болар ұрпақпыз.

Өнер-білім,  еңбекке

Жақын  болар ұрпақпыз.

Тұла  бойы толған  күш,

Батыр  болар  ұрпақпыз.

Тәрбиеші:-  Балалар  орындарына  отырыңдар.

(Слайдтан  киіз  үйдің  суреті  шығады)

  Ертеде халқымыз  тұтынған  заттардың  бәрін  оюмен  әшекейлеп  безендірген.  Ою  белгілі  бір  заттың пішінін  білдіреді. Әр  оюдың  өзіндік мәні  бар.  Оюдың бірнеше  түрлері  бар.

1. Жан-жануарға  қатысты. (Бота мойын, қошқармүйіз)

2. Аспан  әлеміне 

қатысты  ( айшық, жұлдыз)

3. Жер, су, өсімдіктерге

қатысты ( қызғалдақ, қайнар, бүршік)

4. Құрал-жабдыққа  байланысты 

( балта, тарақ)

5. Геометриялық   пішіндерге   қатысты (тұмар, омыртқа, сынық  мүйіз)

 (Осы  кезде  есік  қағылады  да,

ішке  Ою  хан   кіреді.)

Ою хан: -  Балалар  амансындар ма! Мен  сендерге  бүгін  қазақ  халқының 

оюлары  қайдан  пайда  болғаның  көрсеткім  келеді.

Бірақ та,  жолда  қиындықтар  туып  қалуы  мүмкін.

Немес  қиын  тапсырмалар  болуы  мүмкін. Балалар 

қалайсындар,  меніменен саяхатқа  шығуға  әзірсіндер  ме?

Балалар: - Әрине,  біз дайынбыз!

Тәрбиеші: - Балалар  дайын  болсандар, жолға  шығайық.

Ою хан:  - Балалар менің оюлы  кілемім бар еді,  қане  соған  жайғасып  отырып  алындар.  (кілемді  жайып) – Ой, балалар,  менің  кілемімнің  оюлары түсіп  қалыпты ғой.  Қайта  жапсырмасақ бұл  кілеммен  ұша  алмаймыз.  Сендер   маған көмектесесіңдер ме?  Кәне  бәріміз бірге  жапсырайық. ( ою  жапсыру)  Қане, ұшуға  дайынсындар  ма?

Балалар: - Дайынбыз.

(Бәрі оюлы кілемнің 

үстіне отырады, музыка  ойналады, балалар көздерін  жұмады.)  Ою ханның 

Ордасына   келеді.

Тәрбиеші: - Балалар, қараңдаршы, Ою ханның  ордасындағы  заттар түрлі  ою-өрнектермен  өрнектелген.  Сендер 

өздеріңе  таныс  қандай  ою-өрнектерді  байқадыңдар? 

Ою  хан:  - Ал, енді, балалар,   ою-өрнекке   байланысты   білімдеріңді  сынайын. 

Д/О «Кім  тапқыр?»

Ойын  шарты: Оюлардың  жарты суреті  берілген, балалар ол

қандай  ою екенің  табу  керек. .Дұрыс  болса  ою  толық

суретімен  шығады.

Ою хан:    Балалар,сендер оюларды  біледі екенсіндер, ал оюлар туралы  мақал – мәтел  білесіңдер  ме?

 1. Ою – ойғанның  ойы ұшқыр.

2. Ою  ойған, сызу  да  сызады.

3.Оюды  оя  алмаған, ойланбаған.

4.Өнер  сыры-өрнекте

5.Оюы  көптің  өрнегі  көп, өрнегі  көптің ермегі  көп.

Ою хан:-  Ой, балалар  қандай  керемет,

сендер  білгіш екенсіндер! Тамаша, тамаша! 

Тәрбиеші: - Менің  балаларым қазақ  халқының  аспаптарын да  біледі. Ою хан,  қане, менің  балаларымды  тағы  да  сынап  көріңіз!

Ою хан: - Олай  болса  мен  әуендер  жасырам, сендер 

қандай  аспап ойналғаның  атап  беріндер.

Д/О «

Қандай  аспап?»

Балалар  жауабы.

Ою Хан:

-        

Жарайсыңдар!

-        

Балалар, сендер мына  заттың  

не  екенін  білесіңдер ме? (асық)

-        

Ендеше,  осы 

асықпен  қазақ  халқының 

«Хан  талапай» ойынын  ойнайық.

-        

Ал, балалар, балалар!

Кел,  ойнайық алақай.

Қызыл  асықты  кім 

ұстаса

Хан  болады  сол 

бала!

-        

Ал, енді  кімнің қолында  аз 

асық, сол  бала өз  өнерін 

көрсетсін.

1. Ою-өрнек  қарасаң  (Денис)

Өңкей  мүйіз тігілген.

Қайсысын  қаласаң

Қиып  ал  сызған 

ізімен.

Қию  оңай  демеңдер, 

(Нұрислам)

Оған  да  өнер ой 

керек.

Бос  мақтанып  жүрмеңдер

Қиюға  пысық  жан 

керек.

Сырмақ  төрде  ілінген.  

(Кира)

Оюы  қандай  әдемі.

Өрнегі  ашық білінген

Ұлттық  бұйым  кәделі.

-        

Балалар, сендер қазақтың  ұлттық 

ою-өрнегі,  ұлттық  ойыны 

туралы  біледі  екенсіңдер. 

Сендер мына  кеселер  мен 

қамшыларға   қандай  ою-өрнек 

салар  едіңдер.  Сендерге 

берген  тапсырмам  болсын, 

осы  жұмыстарымды  аяқтап 

беріңдерші.

Тәрбиеші: - Балалар,  кәне 

бойымызды  шынықтырып  алып, 

содан  кейін Ою Ханның  тапсырмасын 

орындайық.

Бас  бармақты 

бассам  егер,

«Ботакөз»  боп 

шығады.

Алақанды  ашсам 

егер,

«Бестаңба»  боп 

шығады.

Егер  жұмсам 

алақанды

«Тарақ»  оюы 

шығады.

Оюларды  білетін

Мен  қазақтың 

баласы.

(Қыздар  кесені, ұлдар  қамшыны 

өрнектейді)

Ою Хан: - Жарайсыңдар, балалар!

Өнерлі  екенсіңдер.

Тәрбиеші: - Ою Хан біздің  балаларымыздың  өнерінде 

шек  жоқ.   Осы 

жасаған  бұйымдармен  қазақтың 

ұлттық  биін де  билеп 

бере  аламыз.

Би

Тәрбиеші: – Балалар,  біздің 

балабақшамызға  қайтатын  уақытымыз болды.

Оюхан: - Ендеше, мен  сендерді  сиқырлы 

кілеміммен  балабақшаларыңа

жеткізіп  салайын. – Балалар,  біздің 

қазақ  халқымызда   «Тәбәрік» деген  дәстүр бар. 

Үйге  алғаш  келген қонаққа  берілетін 

сый-сияпат. Ер  балаларға  қамшы 

берейін – Елін, жерін  қорғайтын  Ер-азамат болып  өссін деп. Қыздарыма  білезік 

сыйлайын,  Елінің  салт-дәстүрін  сақтаған 

ибалы    қыздары  болып 

өссін  деп.     (сыйлықтар  беріледі.)

-        

Ал, енді  қолдарыңды 

жайыңдар,  батамды  берейін.

Ақылың  ассын,

Ықыласың  тассын.

Достарың  көп 

болсын

Дұшпандарың  жоқ 

болсын.

Білімдерің  асып тассын!  Әумин!

Кілеммен   ұшып 

балабақшаға  келеміз. Ою

Ханмен  қоштасамыз.

Тәрбиеші:-   Балалар

міне  балабақшаға  да  жеттік. Қане  орнымызға 

отырайық. Балалар, біз  не  көрдік, не істедік?

Балалар жауабы.   Балалар өз әсерлерімен  бөліседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1553


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст