«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Баяндама" «Дәстүрден тыс әдістер арқылы балалардың қиялы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту».

16.11.2018

«Дәстүрден тыс

әдістер арқылы балалардың қиялы мен

шығармашылық

қабілеттерін дамыту».

(баяндама)

Шығармашылық - бұл адамның өмір шыңдығында өзін-өзі тануға ұмтылуы,

ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,

дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін

дамытып, олардың өшуіне жол бермеуі, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз

орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. Бұл үлкен

жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны

жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының

қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып

ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана балабақшадан өз өміріне өзгеріс енгізе алатын,

өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.

Баланы балабақшадан бастап шығармашылдықпен ойлауға, қалыптан тыс шешімдер

қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау

психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді.

Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында

болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің

болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп

айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты —

бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа

қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен шешімдерін іздестіру болып табылады.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет»

ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді»

тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей

келе және олар қоғамдық —тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып,

әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.

           Егеменді

еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық бетбұрыстарына қарай

болашақ ұрпақты тәрбиелеуде басты шығармашыл тұлғаны дайындау мектепке

дейінгі ұйымнан басталады. Шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуде бейнелеу өнерінің

орны ерекше. Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы Заңында"

жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту,

адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру білім

беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі деп көрсетілген.

        Олай болса, мектепке дейінгі

кезеңнен шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға дамытуға бейнелеу өнерінің

дәстүрден тыс түрлері өз ықпалын тигізеді. Ол көркемдік шығармашыл әрекетінің

негізі және оның дамуы болып табылады. Бала кез келген әрекет барысында емес,

көбінесе дамытушы әрекет барысында дамиды. Егер бала үлкендердің көрсеткенін

қайталап қана отырса, мұндай әрекет репродуктивті қалыпта болғандықтан

нәтижиесі төмен болады. Керісінше, егер бала әртүрлі,ылғи өзгеріп отыратын

жағдайларға белсенділікпен, шығармашылықпен, қызығушылықпен қатысса, ол үнемі

дамиды.     Балалар сурет салғанды өте

ұнатады. Бірақ  қарындашпен, фломастермен, бормен, қылқаламмен ғана емес

өзінің сүйікті ісіне олар  өзге де заттарды пайдаланады. Мысалы: алақан,

саусақ, табандарымен, әр түрлі таяқшалар, жіптер, мәсуек, далаппен сурет

салуды  қызық көреді. Қарапайым нәрсенің жаңаша қызметін ойлап шығарып,

оларды бейнелеу өнеріне жаратып, таңқаларық сурет салуға қолдану - бұл

тамаша!

     Бейнелеу өнерінің 

дәстүрден тыс түрлерінің ішінде көкөніс бастырмасы,  жіп графикасы,

бірбасылымды сурет (монотипия) , гратаж сияқты сиқырлы әдіспен сурет салу

балаларға ұнайды. Мұндай сабақтарда балалар әрекет етеді, жаңа нәрсені

туындатады, өз әрекетінің нәтижесін көреді. Бейнелеу өнері сабақтарында жұмыс

екі негізгі бағытпен  жүргізіледі. Бірінші бағыт балаларды бейнелеу

өнерінің жадығаттарымен  жұмыс істеудің жаңа әдістерін үйретуге

байланысты. Екінші бағыт балалардың қиялын, елестетуін, тілін дамытуға

байланысты.

      Бейнелеу өнерінің

дәстүрден тыс әдістеріне байланысты әрекет екі бағыттың мазмұнын

біріктіріп  және  көркем- шығармашылық іс-әрекеттің бірнеше 

ерекшелігін қамтиды.

  1. Мұндай сабақтар балалар мен ересектер

арасында мазмұнды, құнды қарым – қатынастың негізін қалайды.

2.Көркем шығармашылық іс әрекет қуанышты, көтеріңкі

көңіл – күй тудырады, жағымды эмоциялық жағдайды қамтамасыз етеді.

3.Дәстүрден тыс сурет салу әдістері балалардың ұсақ қол

қимылын дамытады, сондықтан оқу жылының басынан бастап – ақ оларды әр сабақта

қолдану өте пайдалы. Баланың саусақтары бірден икемге көніп кетпейді,

қылқаламмен дәл, нақты сызықты бірден түсіре алмайды. Ұсақ және дәл қимылды

дамыту балаға тек өз ағзасын сенімді басқару үшін ғана керек емес. Қолдың

ұсақ қимылы миды және оның бақылағыштық, талдаушылық, бұйырғыштық қабілетін

дамытады. Мен өз тобымда дәтүрден тыс  жіппен, тамшуырмен, масуекпен,

гратаж, балауызбен, сүтпен және сулау тәсілдерін қолдандым. Осының ішінде

сулау тәсілімен сурет салар алдында, қағазды таза сумен жалпақ қылқаламның

көмегімен жуып алып, қағаз кеппей тұрып түстерді кезек–кезек қағаз бетіне

тамызу немесе сүйкеу керек, бояу қағаз бетіне сумен бірге жайылады. Түстерді

салатын  суретіміздің тақырыбына  сай алуымыз керек. Балалар 

«Алтын күз»  тақырыбына сулау  тәсілін пайдаланып сурет салған

кезде, сары, қызғылтсары, көк, қоңыр түстерді пайдаландық. Бояу сулы қағазға

жайылып, ағаштың бейнесі, бұлттың бейнесі сумен бірге қағаз бетіне түсті де

ағаштың жапырақтары өте әдемі болып шықты. Бұл тәсілді қолданған кезде

балалар өздерінің салған суреттеріне таңдана қарап, сурет салуға деген

қызығушылықтары артты. Сонымен қоса тырнау әдісі арқылы еркін тақырыпта сурет

салдырттым, мұнда балалардың ой қиялы дамып, сурет салуға деген

қызығушылықтары артып, суреттеріне баға беріп, керемет көңіл күйде болды.

   Қорыта айтқанда, көркемдік – шығармашылық

әрекеті, бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс түрлері баланың шығармашылық

қабілеттілігін, қиялдауы мен ойлауын, жауапкершілігін, өз пікірін ашық

айтуын, дербестігін – барлық қасиеттерінің ашылуы мен дамуына септігін

тигізеді. Дәл осы қасиеттер бүлдіршіннің болашақ өмірдегі жетістік

формуласының негізі болып табылады.  

Бейнелеу өнерінің бұл әдістерін енгізу барысында балалар өздері ойлап,

өздерін шығармашыл ретінде сезінетіндіктерін байқауға болады .

Мұнда балалар өз қабілеттерін көрсетуге толық мүмкіндік

ала отырып, өз жұмыстарының нәтижесін көріп, қол жеткізген жетістіктерін

сезінеді. Ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру кезінде балалар жауапкершілікке, өзара

көмекке, өзіне және құрдастарына деген сенімділікке, серіктік қатынасқа

тәрбиеленеді. 

Шығармашылық ықпал кез келген міндеттерді шешуде педагогтық бейнелеу

техникасының ерекше, дәстүрден тыс жолдарын, шешімнің көптеген нұсқалары мен

тәсілдерін көрсеткен кезде ғана туындайды. 

Дәстүрден тыс сурет салуда Триз әдістерін қолдану өте тиімді. Мұндай әдістің

бір ерекшелігі - балалар нәтижеге тез қол жеткізеді.

Мысалы, әр бала үшін саусақпен сурет салу, өз

алақанының таңбасымен сурет салу, қағаз бетінде бояу тамызып, оны үрлеп

сиқырлы бейнелерге айналдыру өте қызықты. 

Триз әдістері: 

- Бастырма әдісімен сурет салу үшін әр түрлі заттарды қолданып көруге болады.

Мысалы: поролон, бөтелке тығыны, жапырақтар, сәбіз, картоп. Картоптан әр

түрлі пішіндер жасап алып, оны бояуға батырып, бейнелерге айналдыруға

болады. 

- Монотипия әдісі-суреттің симметриялы бейнесі: 

• альбом парағын көз мөлшермен екіге бөлу; 

• бір бөлігіне бояу жағу; 

• содан соң қағазды бүктеу. 

Бояу кепкен соң екіге бүктелген қағаздағы бейнені қиып алуға болады. Бір

немесе бірнеше бояуды бірден қолдану әдісі гүл, ағаш, көбелек бейнелеуде

ыңғайлы. 

- Балауыз әдісі арқылы салынған сурет біріншіден көрінбейді, тек қағаздың

бетінде түрлі-түсті бояулар жағылған соң бейне пайда болады. 

• балауыз шаммен ақ қағазға сурет салу (ағаш,үй, балық, құс, жануарлар

бейнесі); 

• қылқаламмен,мақта немесе поролонмен бейненің үстінен бастыра бояу; 

• Картон арқылы сурет салу әдісі: 

• қатты қағаздан шаршы,тік төртбұрыш пішіндерді қиып алу; 

• картон қағазды бояуға батырып түрлі көріністерді (ағаш,үй,құс,т.б) салуға

болады. 

- Сия тамшысы әдісі арқылы түсті өзгертуге,жаңа тамшылар түсіруге, оларды

қоршап, аяқтауға, әр түрлі бағытта жүргізілген сызық, нүктелерді пайдаланып

тамшының пішінін өзгертуге болады.Тамшыға қарап одан қандай да бір бейне

көреміз. Бұл баланың қиялы мен ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді. 

• сия тамшысын қағазға түсіру,неге ұқсайтынын табу,қосымша бөлшектерін

бейнелеу; 

• сия тамшысын қағазға түсіру,қағазды көтеріп немесе бүгіңкіреп су бояқты

тамызып, сиқырлы бейнеге айналдыру; 

- Ұжымдық жұмыс әдісі: 

• балалар екі шағын топқа (4-5) бөлінеді; 

• бір тақырып белгіленеді(Отбасы,балабақша,т.б); 

• белгі берілгенде әр топтан 1-бала 40-50сек. сурет салады, белгіден кейін

келесі бала сурет салады, осылайша шеңбер бойымен айналып, сурет салу кезегі

1-ші балаға келеді; 

• соңында балалар өз суреттері туралы әңгімелейді, суреттер бағаланады. 

- Саусақпен сурет салу- алақанмен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша

әдісі. 

• Балаларға алақан немесе саусаққа әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін

салу ұсынылады: 

• бояу жайпақ табаққа, суды кішкентай құмыраға құйылып дайындалады; 

• әр саусақты бір түсті бояуға батырып, қағазға түсіріп болған соң құмырадағы

суға жуып, қағаз сүлгімен сүртіп отырады; 

• қосымша далапты, көз бояуын пайдалануға болады; 

- Айна арқылы сурет салу әдісі: 

• бала айнаға қарсы отырады; 

• өз бейнесін айнаға қарап, бақылап әңгімелейді; 

• өз бейнесіне қарап, қағаз бетінде бейнелейді; 

- Дымқыл қағазға сурет салу: 

• дымқыл қағазға салынған мазмұнды суреттер әсерлі бейнеленеді

• баланы қағаз бетін сәл дымқылдай білуге үйрету қажет; 

• дымқылдау үшін мақтаны аздап суға батырып, қағаз бетіне жағу қажет; 

• енді дымқыл қағаз бетіне тез сурет салып шығуы қажет; 

(«Тұмандағы қала», «Менің түсім», «Жаңбыр жауып тұр», т.б) 

- Умаждалған қағазбен сурет салу әдісі: 

• алдымен негізгі бет, палитраға керекті қоюланған гуашь бояуының түстерін

умаждалған бірнеше қағаз бөліктері дайындалады; 

• бала умаждалған қағазды бояуға батырып сурет салады, әр түске батырған

сайын қағаз бөлігін ауыстырады; 

Осы сурет салудың триз әдістерін төмендегідей оқу іс-әрекеттерінде және

баламен жеке жұмыстарда қолдандым: 

1. Картоп бастырмасы әдісі арқылы: «Су асты әлемі патшалығына саяхат»

2. Монотипия әдісі арқылы: «Көбелектер әлемі»                                                               

3. Картон әдісі арқылы: «Тау», «Қайың ағашы»                                                                     

4. Сия тамшысы әдісі арқылы: «Ғажайып орман»                                                                   

 5. Балауыз әдісі

арқылы: «Қысқы орман», «Қысқы ағаштар», «Аяз өрнегі» 6. Саусақ әдісі арқылы:

«Натюрморт»

7. Айна әдісі арқылы: «Менің портретім»

8. Ұжымдық жұмыс арқылы: «Отбасы», «Балабақшада»                                               

9. Умаждалған қағаз арқылы: «Көктем бояулары»                                                          

 10. Алақанмен

сурет салу: «Күн», «Біз- ананың нұрымыз»                                                

11. Дымқыл қағаз арқылы: «Жаңбыр жауып тұр», «Жайдары

жаз»                             

Оқу іс-әрекеттерінде триз әдістерін қолдану арқылы

мынадай нәтижелерге жетуге болады: 

- Баланың қорқынышын жоюға көмектеседі; 

- Өз күшіне сеніп, дербес жұмыс жасай білуі артады; 

- Баланың зейіні қалыптасады және ойлау,есте сақтау және танымдық қабілеті

дамиды; 

- Бала өз қиялын еркін бейнелеуді үйренеді, шығармашылық қабілеті

дамиды; 

- Бала түрлі материалдармен жұмыс жасауды үйренеді; 

- Баланың түсті, пішінді,көлемді, кеңістікті ажырата білу,композицияны 

тақырыпқа сай құрастыра білу сезімі дамиды; 

- Баланың тілі дамиды; 

- Ұсақ қол моторикасы жаттығады; 

- Балада шығармашылық іздену және нәтижеге жету әрекеті қалыптасады; 

- Баланың жағымды көңіл-күйі артады; 

- Жұмыс кезінде балада эстетикалық қанағаттану сезімі қалыптасып, бейнелеу

өнеріне қызығушылығы артады. 

Сонымен қатар , бейнелеу әрекетінде баламен жұмыс нәтижелі болуы үшін 

мынадай қосымша әдістерді қолданған жөн: 

• баланың негізгі әрекеті- ойын; 

• тосын сәт- ертегі немесе мультфильмдегі сүйікті кейіпкер қонаққа келеді

және баланы саяхатқа шығуға шақырады; 

• көмек беру өтініші,себебі балалар көмек беруге әр уақытта дайын

тұрады; 

• сазды әуен қолдану,т.б. 

«Баланың икемділігі мен дарынының қайнар көзі-оның саусағының 

ұшында» деп В.А.Сухомлинский айтқандай, баяндамамды қорытындылай 

келе, алға қойған мақсатым мынадай : 

Мектеп жасына дейінгі оқыту үрдісінде бейнелеу өнері жұмыстарында 

жаңа технологияларды тиімді қолданып,балалардың шығармашылық 

қабілетін одан әрі жетілдіру. 

 

 

 

 

Просмотров: 12395


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст