«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Күз береке күз мереке" ертеңгілік

02.11.2018

Күз береке  күз мереке

 

1-жүргізуші:  Дәнге  толып қызыл қырман,

                        Қырман басы қызыл думан.

                         Мөлдіретіп жүзімдерін.

                         Келді алтын күзім менің.

                          Молшылық күз- береке күз,

                          Береке күз- мерекеміз.

  Құрметті  ұстаздар,  қадырменді  қонақтар,  сүйкімді  бүлдіршіндер! Сіздерді  бүгінгі  біздің  «Күз береке  күз мереке»  

атты  ертеңгілігімізді тамашалауға  қош келдіңіздер!

 2- жүргізуші:  Бүгін мейрам,бүгін той,

                           Қуанышты күн біліп қой.

                           Күзгі бақтай сыңғырлап,

                       Алақанды соғып қой.

 

-Алдарыңызда  «Ақтиін»

ересектер тобын  қарсы  алыңыздар!

( Әсем әуенмен балалар музыка залына кіреді).

 Қуандырып біздердіі,

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Ән: «Күз келгенде»

   Марғұлан:   Күздің қазан айында,

                          Алма, алмұрт піседі.

                          Жапырақтар сарғайып,

                          Сыбдыр - сыбдыр түседі.
Нариман: Келеді көшіп комбайн,

                       Алтын дария егінді.

                       Жинап маржан бидайын,

                       Күзіміз неткен көңілді.

 

    Имран:  Жетті желмен алтын күз,

                    Жеміс жинау салтымыз.

                    Жиып - теріп болған соң,

                    Той жасайды халқымыз.

 

1- жүргізуші:  Жайдары күз, жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы кең далам,

Дариядай шалқар күз.

   Көрініс ертегі:  «Көкөністер»

Ерте ерте ертеде көкөністер орманда мекендепті. Екі сәбіз орманда өсіп тұрса  аяқ  астынан ызғарлы, суық  күз келді. Ол өзімен бірге жапырақтарын  ұшырып  дауылы мен шашын алып келді. Суыққа тонған  сәбіздер шығайын десе шыға алмайды. Былай қозғалады,олай қозғалады шыға алмайды. Бір кездекішкентай  сәбіз домалап шығып кетеді. Ал, қасындағы досы шығалмайды. Кішкентай сәбіз мен шықтым деп, қашып кетпей, қасындағы досына көмектесып оны тартады - тартады шығара алмайды. Шаршаған кішкентай сәбіз көмекке  көкөністерді іздеп  орманда келе жатса алдынан қарбыздарды кездестіреді. Қарбыздар,  қарбыздар, қарбыздар  сендер маған досым сәбізді шығаруға көмектесіндерші деп қарбыздарды алып келеді. Сәбіз, қарбыз,қарбыз, қарбыз тартады- тартады шығара алмайды. Сәбіз енді өзінің досың шығару үшін көмекке тағы  көкөністерді іздеп жолға шығады.Келе жатса алдынан қияр кездеседі. Қияр, қияр, қияр  менің досым сәбізді шығаруға көмектесші  деп қиярды алып келеді. Сәбіз, қарбыз,қарбыз, қарбыз  қияр тартады -тартады шығара алмайды. Досын шығара алмаған соң сәбіз қайтадан жолға шығады көкөністерді  іздеп. Келе жатса алдынан саңырауқұлақ шығады.Саңырауқұлақ, саңырауқұлақ, саңырауқұлақ  менің  досым сәбізді шығаруға көмектесші  деп саңырауқұлақты алып келеді. Сәбіз, қарбыз, қарбыз, қарбыз  қияр, саңырауқұлақ тартады- тартады шығара алмайды.Осы  кезде жақын жерде өсіп тұрған құлпынайлар дауыстарын естіп қалып Сәбіз досым біз сенің досыңды шығаруға көмекке келедік. Қане бәріміз оны тартып шығарайық дейді.Сәбіз, қарбыз,қарбыз, қарбыз  қияр, саңырауқұлақ және құлпынайлар бәрі тартада- тартады сәбіз досы сәбізді домалатып шығарып алды.Сәбіз  сендер мені күздің суығына қалдырмай шығарып алдындар рахмет сендерге достарым деп алғысын былдіреді.

Көкөністер: (бәрі бірге) Бәріміз біріміз үшін, Біріміз бәрімізүшін

  2- жүргізуші:   Әсем әуен салдырған 
Сәбилер де алғыр жан 
Бал дәуреннің қызығын 
Есте қалар балдырған. 
Төрехан:  Сап - сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
   Құстар қанат қағады,
      Қоштасқандай бізбенен.
Ділназ: 

Қарашы,күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,

Көңілсіз неткен күз еді.

  Денис: 

Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып, Алтын күз бізге нұр төгіп.

1-жүргізуші:   

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

     Би: 

«Көкөністер мен жемістер

(Арнұр, Төрехан, Денис, Нариман, Имран, Ермек,

Мадияр, Мансур)

Мансур:  Қуандырып біздерді,

                  Мерекелі күз келді.

                  Кел жемісті алтын күз,

                  Кемелденсін халқымыз.

 

Әмірлан:  Сары теңге жапырақ,

                  

Бояған ба көл бетін?

                  

Тоңазыпты топырақ,

                  

Ызғарлы екен жел де тым.

 

Арнұр: Кездескен сон күзімен,

             Бұтағынан үзілген.

              Ай жапырақ-сары алтын,

               Айналаның бәрі алтын

  2- жүргізуші:  Ән салыңдар күліңдер 
Жайнап гүлдей жүріңдер 
Күздің тойын тойлайық 
Би билейік, ойнайық. 

Өзге елден келген қонақ кіреді:

  -Сәлеметсіздерме, балалар! Сендерде болып жатқан қандай той? Бәрің неге көңілдісіңдер?

  2- жүргізуші: 

Өзге елден келген

қонақ, біз бүгін

«Күз береке  күз мереке»

мерекесін тойлап жатырмыз.

Қонақ: Мен сендердің ата- аналармен ойын ойнасам болама

Балалар:  Иә

Маған онда

көмектесесіңдер ме?  Мына жапырақтарды

ата- анларына таратып беріндерші

-Ой,

жарайсыңдар!  Балалар,енді сендер мен

сияқты секіре аласыңдар ма?

Олай болса,

менімен бірге секіріп билейік

(балалар қонақпен  бірге бір шеңбер айналып секіріп билейді).

Енді ата- аналар кімде жапырақ бар сол ата- аналар ортаға шығып  жапырақтын артында қандай сурақтар бар сол сұраққа жауап берулерын сураймын. Ой, жарайсыздар «Ақтиін» тобының ата- аналары қандай мықты екен.Балалар мен енді  қайтайын мені өздерің сияқты басқа да,балалар күтіп отыр. Сау болыңдар,балалар, - деп  қонақ  шығып кетеді.

1- жүргізуші: 

Береке бақ дарыған

Жомарт көңіл жарқын күз

Сары алтынға малыған

Жетті міне алтын күз

Ерасыл:  

Көбейді құт-береке

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.

Амирали:   Гүл жайнаған даланың,

                    Жапырағы солыпты.

                     Таңырқадым, қарадым,

                    Танымастай болыпты.

  Ернар:   Алтын, сары, қызыл, көк,

               Алуан-алуан жапырақ.

               Күзгі бақта күлімдеп,

               Көз тартады атырап.

  2- жүргізуші:  Күзде жаңбыр жауады

Ойнатпайды біздерді

Қолымызда қолшатыр

                          Ойнауға біз барамыз

Ән: «Тамшылар»

1-жүргізуші:  Сарғайды тоғай,
  Сап - сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

Абдуллах:  О, алақай, тамаша,

                    Шашу шашады жапырақ.

                    Бақтың іші алаша,

                    Аунар ма еді жатып ап!

  Ермек:   Астық жеміс жиылды,

               Қамбамызға құйылды.

               Ардақты күз мың алғыс,

               Алдық өнім сыйыңды.

  Али:  Ұшты талдан жапырақ

  Сары көбелек секілді

          Аспанда жай шатырлап

          Тамшы жерге секірді

2-жүргізуші:  Сау-сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді.
Қоңыр тартып атырып
Көкке құстар тізілді.

Би: «Жапырақтар»

(Амирали, Әмірлан, Марғұлан, Нурислам, Ернар, Арнұр, Абдуллах, Али)

  Медина:  Күзім-ау,күзім-ау,

                  Мінезің  бұзық-ау

                  Жаңбырың сіркіреп,

                  Келгенің қызық-ау!

  Мадияр:   Қамбар толды астыққа,

                  Рахмет саған,алтын күз.

                  Бір усытап шаштық та,

                  Қап-қап қауын алдық біз.

  Нұрислам:  Ой,балалар,балалар,

                     Қоңырқай күз болыпты.

                     Қурап жапырақ салыпты,

                     Ел егін орыпты.

  1-жүргізуші:  Нұрға бөлеп өмірді,

                         Жырға бөлеп көңілді,

                          Жарқыраған сәулелі

                         Күз әуені төгілді.

Ән:  «Күзгі әуен»

  2- жүргізуші:   Күз арқылы білеміз,

Жомарттықтың салтын біз.

Біз өзіңді сүйеміз,

Рахмет саған, алтын күз!

Қадірлі  көрермендер! Осымен біздің  «Күз береке  күз мереке»  атты  «Ақтиін» ересек топ балаларының шағын ертеңгілігі  аяақталды

 қош сау келесі кездескенше!

 

Просмотров: 636


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст