«Аяулы
күз, алтын күз» мерекесі
Музыка залы мерекеге сай безендірілген.Жүргізуші кіреді.
1.Жүргізуші:
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін ел енді
1.Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар, әріптестер. Сіздерді«Аяулы күз, алтын күз» мерекесі атты ертеңгілікті
тамашалауға шақырамыз
2.Жүргізуші:
Бұлттар төніп, Жергешөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Күз мезгілінде
Музыка әуенімен Күз аруы кіреді.
Күз аруы: Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты.
Ел егінін орыпты.
Алма, өрік, шиелер,
Себеттерге толыпты.
Сәлеметсіңдер ме,
балалар! Сіздердің бала бақшаларыңызға да күз келіпті. Менің көйлегімнен ұшқан
қызыл, сары жапырақтар сіздердің залдарыңызға қоныпты.
1.Жүргізуші: Иә, Күз Аруы, сіз біздің «Аяулы күз, Алтын күз» мерекемізге қош
келдіңіз!
Күз аруы: Балалар, сендер айтып беріңдерші біздің жақсы
көретін күз мезгілінде қандай ерекшеліктері бар? Мен сендерге сурет белгісін
көрсетемін, ал сендер маған сол туралы сипаттап беріңдер.
2.Жүргізуші: Жомарт күздің біздерге,
Берерін алып шашпайық.
Алтын күз тойын сіздерге,
Өлеңменен жырлайық
Ән: «Тамшылар»
Күз аруы: Балалар, менің сүйікті мезгілім туралы білімдеріңіз өте жақсы екен.
Қайың, терек басынан,
Қызыл, сары жапырақ.
Жерге түсіп шашылған,
Жел үрлесе қалықтап.
Тақпақтар:
Инжу.Құлпынай
Тамылжыған құлпынай
Тәтті екен ау шіркін ай
Жасайын деп, бал шырын
Қабығынан аршыдым.
Бұрыш қызыл ащы: Арсен
Аршығанда бұрышты
Абай болған дұрысты
Ашытады көзіңді ,
Жылатады өзіңді.
Алма: Инаят.
Дәмі аузыңнан
кетпейді,
Қызыл алма шырын бал,
Көктей тісің өтпейді,
Піскен кезде үзіп ал
Қызылша:Нұрсаят
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды,
Винегрет те үстелге.
1.Жүргізуші: Ән салайық күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би билейік ойнайық.
Би: Ұлдар «Маша мен достары»
Тақпақтар:
Алмұрт:Аяулым
Мен алмұртпын,алмұртпын,
Күзде жинап алатын,
Балбыраған біреуін.
Жесең тойып қалатын.
Шие: Аида.
Мен маржандай шиемін
Күн сәулесін сүйемін
Жемістерім піскенде,
Жерге басымды иемін
Жүзім :Назерке
Іші толған шәрбат
Дәмі қандай әйбат
Үзесің бірден жүзін
Оның аты – жүзім.
Картоп:Алихан.
Мен ұялшық картоппын,
Мен емесепін мақтанар,
Мені жақсы көреді,
Үлкендермен балалар.
Жүргізуші: Күз аруы, сіздің құрметіңізге балалардың басқа да өнерлерін
тамашалаңыз.
Ән: «Жаңбыр»
Көрініс «Қияр мен жүзім»
Музыка әуенімен Қияр мен Жүзім бір-бірімен дауласып музыка залына кіреді.
Қияр:Мен тәттімін!
Жүзім: Жоқ,мен тәттімін дедім ғой!
Ару Күз:Сендерге не болған, достар! Бір-бірлеріңмен таласа бермей, балалардан сұрап
көріңдер.
Жүзім:Балалар, қиярға айтыңдаршы мен тәттімін ғой!
Қияр:Сен тәттілеу болсаң, менің дәрумендерім көбірек!
Күз аруы: Онда балалардан сұрайық. Қияр бен Жүзімнің қандай пайдасы бар?
Балалардың
жауаптары:
Жүргізуші: Сендер енді келісесңідер ғой балалардың жауаптарымен? Екеулеріңіз де
пайдалы, тәтті екенсіздер!
Күз аруы:
Ата-ана мен балалар ойыны
Ойын: «Пайдалы жүк»
(Жеміс пен көкөністерді жүк машинеге салып, тарту).
Жүргізуіші: Көңілді өскен балалар,
Ойнай жүріп өседі.
Даламның гүлі жаңбырдың,
Тамшысымен өседі.
Би: «Жемістер»
Тақпақтар:
Сәбіз: Ернар
Өсіретін бойыңды ,
Дамытатын ойыңды.
Қоянғада азықпын
Сәбізбін жазықсыз
Асқабақ:Нұртас
Қауыннан да басқарақ
Қарбызданда басқарақ
Семіріп бақшада
Қандай болып асқабақ
Қырық қабат: Талмир
Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын
Қабат, қабат киініп,
Қырық қабат атандым.
Владик
Дәнін егіп қиярдың,
Тыным таппай суардым
Түйнектерін көргенде ,
Бес алғандай қуандым
Илияс: Бұршақ
Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдармен мен
Сый жасаймын бәріне
Жүргізуші: Балалар, жеміс пен көкөністерден аналарыңыз күзде қандай тағам жасайды? Білесіңдер ме?
Балаладың жауаптары.
Жүргізушілер: Балалар, сендер көкөніс пен жемістерді талғамай көпжеңдер, сонда қыс мезгілінде ауырмайсыңдар. Бірақ, барлығын жуып жеңдер. Ал енді сендердің өнерлеріңе көп рахмет!
Ән: «Алтын күз»
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар,әріптестер күз әрқашанда, өзінің
молшылығымен келсіндей отыра, әр отбасына амандық тілейміз. Біздің «Аяулы күз, алтын күз» мерекесі осымен
аяқталды. Келіп тамашалағандарынызға көп-көп рахмет.