Ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Балапан» тобы «31»қазан 2018ж
Вариативтік компонент
Білім беру бөлімі: Қазақ
этнопедагогика.
Тақырыбы:Ағаштан жасалған ұлттық
бұйымдар
Мақсаты:балаларды ағаштан жасалған ұлттық бұйымдарымен
таныстыру,олардың жасау жолдарымен таныстыра отырып ,ұлтық бұйымдарымыза деген
қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік:домбыра ,қобыз, тостаған, ағаш
қасық,кебежелер.Слайд.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Педагог балаларға керемет домбыра туралы әңгіме айтып береді. Сонымен қатар ағаш қасық,тостаған, кесе, кебежелер туралы түсінік береді.Олардың қолдану жолдарын,жасалу жолдарын айтып кетеді. |
Балалар зейін қойып тыңдайды. Сұраққа жауап алады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Ұлтық аспаптың ,ыдыс аяқтардың жасалу,қолдану жолдарын түсіндіреді. Көбіне бұл бұйымдар ағаштан жасалады. Оны пышақпен ойып жасайды, әшекейлейді. Бұл бұйымдар алтыннан, күмістенде жасалатын кездері болады. -Тостаған мен біз не ішеміз? -Кебежеге не салып қоямыз? -Күбіде не тұрады? -Сандақ дегеніміз не? Қазір ойын ойнаймыз.Д/о «Бұл не?» Сергіту сәті. «Құлыншаққа мінеміз». Сабақтың соңын «Жайлауда» жиелі ролдік ойынмен жалғастырамыз. |
Балалар ,ағаштан жасалған шеберлердің қолдан жасаған шығармашылықтарын көріп сұрақтарға жауап алады. Қымыз, сүт,айран ішеміз. Киімдер салып қоямыз.
Балаларыдың жауаптары.
Сергілту сәті орындалды. Ойын ойналды. |
Рефлексиялық- түзетушілік |
Қане, кім айтады ағаштан қандай бұйымдар жасаймыз? -Тұрмыста қай жерлерде қолданамыз? -Оны кімдер жасайды? |
Тостаған,ертоқым,сандақ, кебеже жасалынады. Ағаш шеберлері жасайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:ағаштан жасалатын бұйымдарды.
Игереді:ұлтық бұйымдарды қолдануды.
Меңгереді: ағаш шеберлігінің керемет
сұлулығы туралы түсініктерді.