Жүргізуші: Армысыздар
халайық
Бармысыздар халайық
Күзгі тойды жұп жазбай
Келіндер қарсы ,алайық
Қуындырып біздерді
Өлкемізге күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз
Жүргізуші: Құрметті қоңақтар! Бүгінгі «Балапан» орта тобының
балалары дайындаған «Қош келдің, Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Ән
«Алтын күз»
1. Қызыл сары жапырақтар
Алтындай
жарқырайды
Ағыл тегіл
жаңбырдай
Жерге
тербелейді тамаша
Қайырмасы
Қандай тамаша ай
Алақай ау, алақай
Өлкеме күз келгенде
Әбден көңіл көтерді
2. Күзгі дәмді
жемістер
Жұпар
жидек балдай
Тілде ерер шырындай
Үзілгелі жатыр
алақай
Қайырмасы
1.Нұрсәт: Ой, балалар, балалар
Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты
Ой, балалар,балалар
Ойналық та, күлейік
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр – сыбдыр түседі
2.Аяулым: Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы
күз, алтын күз
Дәнге
толы ен далам
Дариядай шалқып жүр
3.Кира: Мейірлі күз, мырза күз
Сыйлығына ырзамыз
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз
4.Маржан: Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлекті
5.Арлан: Алақай, алақай
Қуанды балақай
Береке салты күз
Мереке – алтын күз
Жүргізуші:
Біздің балаларымыздың
орындауында шалқан ертегісін тамашалаңыздар!
Ертегі
«Шалқан» ертегісінің көрінісі .Автор Нұрсәт , Ата –Айдос , әже – Маржан , Немере –
Нургул, Ит – Ая , Мысық – Аяулым, Тышқан – Айзере.
Автор
Нұрсат: Баяғы бірзаманда
шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады.
Шалқан үп-үлкенбоп өседі. Біркүні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады.
Ары тартады, берітартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды. Шал көмекке кемпірін
шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқан нанұстап, ары тартады, берітартады. Бірақ
орнынан қозғалта да алмайды. Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі
кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы
да суырып шығара алмайды. Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етегінен,
немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері
тартады. Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің
құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал
шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, беріжұлқиды. Шалқан шықпайды. Мысық болса,
тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит
немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар
тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады.
Әдемі
әуен қосылады Күз ханшайымы кіреді
Күз
: Береке бақ дарыған
Жомарт
көңіл жарқын күз
Сары
алтынға малынған
Алтын күз
деген мен болам
Қайда
менің жапырақтарым
І
жүргізуші: Қош келдің Алтын күз! Төрлет.
Күз: Иә, мен Алтын күзбін. Қарандаршы, айналаның бәрін алтын
түске бояп та қойдым.
Ән: «Күз келгенде»
1. Күз келгенде балалар
Жаңбыр
жерге жауады
Күз
келгенде балалар
Аспанды
бұл жабады
Қайырмасы
Сылдыр
, гүлдір
Сылдыр,
гүлдір
Жаңбыр
солай жауады
2 . Күз келгенде балалар
Жаңбыр жерге
жауады
Қанаттары су
болып
Тығылады
көбелек
Қайырмасы
Сылдыр
, гүлдір
Сылдыр,
гүлдір
Жаңбыр
солай жауады
Күз: Мен сіздерге көкіністер мен жемістерді алып келдім. мен
бір ойын білемін. Ойының аты: « жемістер мен көкіністерді жинау » Бұнда ата
–аналар мен балалар тез тез етіп жемістер мен көкіністерді жинап алу керек. Кім
бірінші жинайды сол жеңімпаз болады.
ІІ
жүргізуші: Бидай, арпа, тары
бар,
Сұлу, күріш бәрі бар
Әне жырлап барады
Биге назар аударыңыз
Би
: «Қол шатыр» Аяулым,Құсайын, Жасмина , Айдос, Айзере , Нұрсәт
ІІ
жүргізуші: Ән салындар күліндер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Келіңіздер , күз тойын тойлайық
Тақпақтарымызды айтайық
6.Жасмин
: Әй, алақай, тамаша
Шашу шашты жапырақ
Бақытың іші- алаша
Аунар ма еді жатып ап!
7.Айзере: Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап
Тамшы жерде секірді
8.Құсайын: Кездескен соң күзімен
Бұтағынан үзілген
Ай жапырақ, сары – алтын
Айналанын бәрі алтын
9.Айдос: Көбейді құт – береке,
Астық тола қоймамыз
Құтты болсын мереке
«Алтын күзді» тойлаймыз
10.Ая
: Күзім, күзім, күзім
Пісті алма – жүзім
Тұрғанда бәрін күз беріп
Кел, алайық біз теріп
11.Карина: Келді міне күз
Айнала сары алтын
Керемет тамаша
Қандай әсем күз
12.Мендіғали
: Күн суыды, Гүл селді
Бізді тастап құс
кетті
Ән
«Күзгі әуен»
1.Күзгі күзгі әуен
Күзгі әуен не
деген
Оның әнің
тыңдаңыздар
Қосылып бірге
жырлаңыздар
Қайырмасы
Уу-уу аа-аа
Аааа
Күзгі әуен тамаша
2. Күзгі күзгі әуен
Күзгі әуен не
деген
Жапырақтармен
би билендер
Тамашалап
көріндер
Қайырмасы
Уу-уу аа-аа
Аааа
Күзгі билер тамаша
3. Күзгі күзгі әуен
Күзгі әуен не
деген
Оның әнің
тыңдаңыздар
Күзге сәлем
айтыңыздар
Қайырмасы
Уу-уу аа-аа
Аааа
Күз өте тамаша
Жүргізуші: Ойнаймыз күзде біз
Достықты білеміз
Айырып болмасын
Туғандай боламыз
Күз мезгіліне сән үлгісін қабыл
алыңыз
(Арлан, Карина, Жасмина, Нұрсәт, Мендіғали, Ая, Айзере,
Айдос , Маржан,Кира.)
Жүргізуші: Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр – сыбдыр етеді.
Би
«Көкіністер » (Нұрсат, Кира, Ая, Мендіғали, Айдос , Карина, Маржан, Арлан)
Жүргізуші: Ақтарады мырза
күз
Уылжыған жемісін
Күзге біз ризамыз
Аянбаған ел үшін
Күз: - Қандай керемет балалар . Мен құр қол келген
жоқпын сіздерге сыйлықтар алып келдім.
(Бір себет Алманы табыстайды)Ал енді
балалар мен кетейін.
Барлығы
: Рахмет саған Алтын күз Сау
бол!!!!
Жүргізуші: Көк майсылы
көрікі
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлекті
Жүргізуші: Осымен «Балапан»орта тобының балалары дайындаған
«Күз – береке, молшылық» атты ертеңгілігі аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп –көп рахмет.
Келес кездескенше сау болыңыздар!