«Мерекелі, берекелі, келді Алтын Күз!»
Бүгін мейрам, бүгін той
Қуаныш күн, біліп қой
Күзгі бақта сыңғырлап
Алақанды ұрып қой-
Міне күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауады. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастайды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетеді, құстар да жылы жаққа ұша бастайды. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашынды да әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр. Бұл рухани тұрпайылық па, әлде күштілік пе? Бұл туралы өте көп ойлар айтуға болады. Сөйтіп табиғат адамдарға осылай әсер етеді.
Күз. Жыл мезгілдерінің ішіндегі ең бір адамзат баласына көтеріңкі көңіл күй мен тамаша әсер сыйлайтын ғажайып шақ. Онымен қоймай бірден бір еңбекке және ұйымшылдыққа баулыйтын мезгіл деседе болады. Жыл бойғы мол азығымызды да осы бір берекелі күз береді емес пе?! Осыған орай біздің «Балдырған» бөбекжай бақшасында Күз мерекесі аталып өтілді, іс – шара барысында әр топта ертеңгіліктер болды. Аталмыш балабақшадағы бүлдіршіндерде бұл іс-шарағажан-жатыр жоғары деңгейде дайындалып келгенін көрсетті. «Жауқазын» ересек тобының тәрбиешілері Балдаева Ж.Б мен Ақанова А.Ғ. «Сиқырлы күз» атты ертегі шығарды, өлең шумақтар айтылды, күз туралы әндер мысалы «Күзім, күзім», «Күзгі бақ», «Алматының алмасы», «Бұлттар» билерін билеп балалар өз өнерлерін көрсетті. «Жұлдыздар» ересек тобының тәрбиешілері Сейтахметова С.Т. мен Қозғамбаева Б.М «Күзім қандай көңілді» «Алақай жаңбыр жауды» әндер айтылды, «Бүлдірген» «Қол шатыр» билері биленді, күз ханшайымен «Қол шартыр» ойыны ойнатылды, өлең шумақтары айтылды. «Қарлығаш» ортаңғы тобының тәрбиешілері Усенова Б.Т. мен Ануарбекова Г.М. «Күзім қандай көңілді», «Жаңбыр, жаңбыр соқпашы» «Дәмін ажырат» атты ойын ойнатылды, «Қол шатыр» «Күзім, күзім» атты билер билетілді, тақпақтар айтылды, «Алтын күз-2021» күзгі сән улгісі көрсетілді. «Күн шуақ» екінші кіші тобының тәрбиешілері Гафарова Ә.С. мен Мамытова Ұ. М. «Тамшылар», «Жапырақ» әндері айтылды, «Жапырақ» «Саңырауқұлақ» билері билетілді. «Балапан» екінші кіші тобының тәрбиешілері Нұрмағамбетова А.Ә. «Тамшылар» әнімен «Серуендейміз» мен «Саңырауқұлақ» билері билетілді. «Ақбота» ерте жас тобының тәрбиешілері Бекмағамбетова А.Т. мен Карагойшина Р.А балалар «Күзгі орманға» атты ертегі желісімен саяхатқа барды. Атап айтар болсақ: «Күз берекесі: жеміс-жидектер көрмесі, ата-аналардың қолдан жасалған поделкалары көрсетілді. Мереке өте көңілді, әр топтың жас ерекшеліктеріне сай өткізілді. Қонақтардың көңіл-күйлерін көтеру үшін балалар барынша тырысты.
Осы мезгілде бізде «Мерекелі, берекелі, келді Алтын Күз» атты ертеңгілік әс-шаралар болды. Біз өзіміздің тамаша өнерімізді көрсеттік, және де түрлі дәнді-дақылдар мен жеміс-жидектерден керемет туынды жасап шығардық. Біз үшін бұл күз мерекесі өте керемет өтті. Бәрі де көңілді болды. Күз кереметі осы шығар деп ойлаймын.