Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.
Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.
1989 жылы 22 қыркүйекте «Тіл туралы» Заңымыз қабылданды. Тілдің қадір –қасиетін артырып, өзге тілдің бәрін біл, өз тілімізді құрметтеуді насихаттайтын атаулы мереке құрметіне біздің «Балдырған» бөбекжайында 21-23 қыркүйек аралығында «Тіл - әр халықтың негізі, ұлттық жан дүниесі» аты іс - шаралар өтті. Іс - шаранын мақсаты : балаларға ана тілі туралы түсінік беру, білімін жетілдіру, өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ой - өрісін, сөздік қорын дамыту. Барлық топтар қатысып. «Ақбота» ерте жас тобы қазақ халқын , «Балапан » кіші топ орыс халқын , «Күншуақ» кіші топ өзбек ұлттын , «Қарлығаш» ортаңғы топ француз ұлттын , «Жұлдыздар» ересек тобы неміс халқын , «Жауқазын»ересек тобы барлық ұлтарды біріктіріп бірнеше ұлтты көрсетті. Әр ұлттын киімдерін , өнерлерін салтын көрсете білді. Қазақ, орыс, ағылшын тілінде тақпақтар, мақал – мәтелдер айтылды. Әр ұлттын биі биленді. Әр ұлттын тағамы көрсетілді. «Сиқырлы сандық» ойыны ойнатылды. Жоғарғы топтар «Ең қымбат қазына» көрінісін көрсеті. Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне сай көрсете білді. Тіл – халықтың жаны демекші әр халық өз ана тілін ешқашан ұмытпауы тиіс.