«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы ата-ана жиналысы

12.10.2018

«Бадырған» бөбекжай – бақшасы» МКҚК-ның жалпы ата –аналар

жиналысының № 1 хаттамасы

11.10.2018ж.

Қатысқандары: 40 ата – ана

 

 

 

Күн

тәртібінде:

1.    

2017-18

оқу жылындағы балабақшаның жетістіктері.                                                                               

Жауапты: әдіскер Балдаева Ж.Б.

2.    

Елімізде

«цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында балаларды электронды түрде балабақша

кезегіне қоюдың жаңа түрі.

Жауапты: аудандық білім бөлімінің мектеп және мектепке

дейінгі білім бөлімінің әдіскері Шонова С.П.

3.    

Мектепке

дейінгі білім беру мекемелерде оқу – тәрбие үрдісінде «Инклюзивті білім беру»

жүйесін енгізу туралы ата – аналарға кеңес.

Жауапты: №7 психологиялық – педагогикалық түзеу

кабинетінің әдіскері С.А. Саденова.                                                                                                                          

  

     4. Балабақшада

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Отбасылық клуб» құру. Жауапты: балабақша

психологы Өтеулина М.Ж.

5.    

Ойыншық

таңдаудағы жеті маңызды белгі. (Ата – аналарға арналған кеңес) Жауапты:

балабақша әдіскері Балдаева Ж.Б.

6.    

Ағымдағы

мәселелер.

 

 

1.               

Күн

тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша балабақша әдіскері Балдаева Ж.Б. сөз бастап,

ата – аналарды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті. Сонымен қатар

әдіскер 2017-18 оқу жылындағыбалабақшаның жеткен жетістіктерімен таныстырып,

педагогтармен шәкірттердің еңбектеніп жеткен табыстарын да жеке – жеке атап,

қысқаша мәлімет жасап өтті. Солай, мысалы, «Ақтиін» тобының тәрбиеленушісі

Ағыбай Жанерке электронды түрде Республикалық интеллектуалдық марафонына

қатысып жүлдеге ие болғанын, «Ақбота» тобының тәрбиешісі Бекмағамбетова А.Т. өз

еңбегі үшін төс белгісімен марапатталып, Балдаева Ж.Б. «Үздік әдіскер» атағына

ие болып, «Балапан» тобының тәрбиешісі Мамытова Ұ.М. халықаралық педагогикалық

форумға қатысып, өз жұмыстарын жариялап, алғыс хат, жүлделермен марапатталды.«Be

Clever» халықаралық дамыту орталығы жариялаған сайыстаЖұмабек Ділназ, Сайфуллин

Ерәлі, Ясков Денис деген балабақша тәрбиеленушілері қатысып, І – ші дәрежелі

дипломдарымен марапатталғандарын атай өтті. Тағы басқа да тәрбиешілердің

жетістіктерін атап, жеке тоқталып өтті. Және соңғы, осы жақында ғана өткен

«Тілдер мерекесі» іс – шарасы туралы айтып кетті. Бұл іс – шараға қатысқан ата

– аналарға алғысын білдіріп, сайыстың өте қызықты және ата – аналармен

балабақшаның байланысы осындай мерекелер арқылы нығая түсетінін атай кетті.                                                                                                    

2. Екінші мәселе бойынша аудандық білім беру бөлімінің мектеп және

мектепке дейінгі білім бөлімінің әдіскері Шонова С.П. сөз сөйледі. Өз сөзінде Шонова

С.П., ата – аналарға арнап құрылған бағдарлама «Akmola kz» электронды акимат

сайты туралы ақпаратпен бөлісіп, онымен қалай жұмыс жасауға болатындығымен ата

– аналарды таныстырып кетті. Жоғарыда айтылғандай, сайтқа кіру үшін ЭЦП кілтін

ЦОН арқылы жүктеп алып, баланы балабақшаға орналастыру кезегіне тұрып және

балабақшалардағы бос орындарды қадағалап бақылап отыруларына мүмкіншіліктері

болатындығын айтып түсіндіріп өтті. Және де кезектен шығып қалмас үшін, жылында

бір рет белгі қойып отыруларын сұрады. Ата – аналардың бұл сұрақ бойынша

туындаған сауалдарына жауап бере отырып, Шонова С.П. балабақшаға баланы

орналастыру үшінбарлық қажет құжаттар осы сайт арқылы рәсмделетінін түсіндіре

кетті. Бұл сайт ата – аналар үшін баланы балабақшаға орналастыру рәсімін

жеңілдету мақсатыменқұрылған заманауи цифрлыжабдық екендігін атай өтті.                                                             

3. Келесі қойылған «Отбасылық клуб» жобасының мәселесі бойынша балабақша

психологы Өтеулина М.Ж. сөз кезегін жалғастырды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы

аясындағы мәселелерді іске асыру мақсатымен балаларды ұлтжандылыққа,

Отансүйгіштікке, намысқойлыққа тәрбиелеу жолындағы мәселелерінің бір шешімі –

осындай отбасылық клубтар екендігін түсіндіре отыра, психолог Өтеулина М.Ж. бұл

сұраққа деген өз көзқарасымен бөлісті. Және де мысал келтіріп, слайд арқылы,

Оңтүстік өңірлердегі балабақшаларда ашылғандәл осындай клубтардың жасап жатқан

жұмыстарымен қысқаша таныстыра өтті.Ата – аналарға клубтың бағыт – бағдарламасын

қалай құруға болатындығы туралы, бірігіп өткізілетін іс – шараларға қатысты

сауалдар қойып, пікірлерін анықтай отырып, психолог – тәрбиеші – ата – анаболып

бірігіп, ұлттық тәрбие беру мақсатымен қойылған

мәселелерге жету жолында ат салысуларына шақырды.

4.               

Төртінші

мәселе бойынша  – ойыншық таңдауда қандай

ескертулерді есте сақтау керек екендігі туралы ата – аналарға кеңес беру

мақсатымен балабақша әдіскері Балдаева Ж.Б. сөз жалғастырды. Өз сөзінде ойыншық

таңдау кезіндегі маңызды жеті белгі бар екендігін айтып, таңдау ережелерімен

таныстырып, әр мәселені қысқаша талқылап, түсіндіріп берді. Ойыншық баланың

дүниетанымын қалыптастырушы өте қажетті құрал екенін, сондықтан біріншіден

ойыншық бала жасына сай, дамуына ықпал ететін болу керетігіне тоқтала кетті. Және

кез келген ойыншықтың сертификатын сұрауға сатып алушы құқылы екенін ескерте

отыра, ойыншықтың құрамында зиянды қоспалар болмауы керектігін естеріне сала

кетті. Статистикалық зерттеулерге жүгіне отыра сатылымдағы ойыншықтардың 35% зиянды

болып танылғанын мәлімдеді. Улы заттар баланың ас қазан, бүйрек, басқа да

ағзаларына зиян келтіруі мүмкін екендігін айтты, мұндай жағдайларда тұтынушы

ойыншықты сараптамаға беруіне құқылы екенін айта кетті. Ата – аналардан

балаларының қандай ойыншықпен ойнағандарын, қандай мүмкіншіліктерін дамытуды

қалайтындықтары туралы сауал қойып, пікірлерін анықтап алды. (Ата – аналар:

логикалық, қол ұсақ моторикасын, сөйлеуін дамытатын).                                                                     

Слайд түрінде көрсетілген ұлттық нақышта жасалған ойыншықтармен

таныстырып (құрастырмалы домбыра, ұлттық киімдегі қуыршақ, т.с.с), балаларды

ұлтжандылыққа тәрбиелеу жолындағы мәселенің бір шешімі болып табылатындығын ата

– аналарға жеткізіп, осындай ойыншыққа көбірек көңіл бөлулерін сұрады.                                                             

5. Келесі мәселе бойынша балабақша медбикесі Қалқаева С.Қ. сөз сөйледі.                                                                                             

                             Өз

сөзінде медбике Қалқаева С.Қ. ата – аналарды балалардың күтіміне қатысты

күнделікті гигиеналық ережелерін сақтап, тазалықтарын қадағалап отыруларына

шақырды. Баланы күнделікті шомылдырып, киімдерін ауыстырып, шаштарын, тырнақтарын

мезгілімен алып отыру қажет екеніне нақты тоқталып өтті, және де баланың

сырқаттануына байланысты белгі берілген кездерде дер кезінде жауапкершілік

танытып, ауруды асқындырмай шаралар қолдануларына, нақты айтқанда дәрігерге

көрсетулері керек екенін, инфекция таралу қаупін әрқашанда есте сақтау керек

екендігін ескертті. Серуенге шыққанда киетін киімдерін қадағалауды сұрады.                                                                                                                                                                                       Ата

– аналар тарабынан балалардың тамақтануына байланысты сауал қойылды. Балабақша

меңгерушісі Сайфуллина Т.К. бұл сауал үшін алғысын білдіре отырып, жауабын өзі

қайтарды.                                                      

Тамақтану жағы баланың жасына сәйкес, норма талаптарымен берілетіндігін,

тағамдардың, азық – түліктің сапасы ата – аналар төрайымы және диетбикемен

қадағаланатындығын айтып түсіндірді. Тұтынушыларды қорғау орталығымен

келісімдік меморандумға отырып, олардың талаптарына сай дәруменді азық –

түліктер, көкөніс, жеміс – жидек шамасынша алынып жатқандығын мәлімдеді.

Меңгерушінің бұл сөзін құптап, ата – аналар комитетінің төрайымы Мұратбек Н.

балалардың тамақтану жүйесі жақсы қарастырылғандығын және күнделікті

қадағаланатындығын өз көзімен көргендігін айтып, разылығын білдірді.                                                                  Ата – аналар

тарабынан қойылған келесі сұрақ балабақшаға төлемақы төлену мөлшері туралы

болды. Бұл сұраққа жауап бере отыра балабақша меңгерушісі Сайфуллина Т.К. -

балабақша төлемақысының мөлшері әзірше сол қалпы, өзгеріссіз қалатынын айтып,

төлемақыны дер кезінде төлеулері керектігін ескертті.                                                                             

Ата – аналардың келесі сұрағы топтарда бейне бақылау камерасын орнату

мүмкіншілігі туралы болды. Бұл сұраққа балабақша меңгерушісі Сайфуллина Т.К.

әзірше ондай мүмкіншілік болмай тұрғанын айтып, сыртта ғана камералар орнатылғандығын

айтып түсіндірді. Басқа сұрақтар туындамағаннан кейін балабақша меңгерушісі

Сайфуллина Т.К. ата – аналарға алғысын білдіріп, жиналысты аяқтады.

 

 

 

 

 

Ата – аналар комитетінің төрайымы:    Мұратбек Н.

                              Хатшы:                                     

Карагойшинова Р.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 433


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст