«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

дос іздеген бота

11.10.2018

 Ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

 

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Дос іздеген бота» қазақ халық ертегісі

Мақсаты: ертегі мазмұны бойынша бойларына

мейрімділікті, адалдық қасиеттерін сіңіру.

Міндеттері:

Білімділік: ертегіні байланыстыра сөйлеуге, өз ойын

толық айтуға дағдыландыру.

Дамытушылық: сөздік қорын молайту, тілін, есте сақтау

қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: досқа адал, мейірімді болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: бота, құлын, бұзау, қодық, қозы, күшік, мысық, қарға, бақа,

әтеш, ара.

Үш тілдік компонент: бота- верблюжонок - camel, құлын

-жеребёнок - foal, бұзау-телёнок- calf, қозы -ягнёнок- lamb.

Керекті құралдар: ертегі кейіпкерлерінің суреттер, үй

жануарларының төлдерінің суреттері.

 

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Армысың алтын күн

Армысың жер ана

Армысыздар апайлар

Армысындар балалар

 

Қонаққа ботаның келгенін айтады, амандасады.

Бота, бота ботамын,

Ақылды боп атандым.

Тостағандай көзім,

Әдемімін өзім.

Ол өзінің басынан кешкен оқиғаны, мына әдемі кітапқа жазыпты.

Бұл кітапты «Дос іздеген

бота» деп атапты.

Кітапты

көрсетеді.

Жарты шеңбер жасап отырады.

 

Бір-біріне құшақтап амандасады

 

Ботаны қуана қарсы алады, амандасады.

 

 

 

 

 

Кітапқа қызыға қарайды.

 

Іздену-ұйымдастырушы

Әңгімелеу: Қуыршақ

театрмен көрсету

Мен сендерге «Дос іздеген бота» ертегісін сахналап берейін:

«Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді

сүйкімді баласына мейрімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота

ақылды болып өседі. Бір күні анасы:

-Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім. Енді

тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қиын, әрі қызық емес,-дейді.

Бота өзіне ұқсайтын жалт-жұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар

дос іздеп шығады. Жайылып жүрген құлынды көріп:

-Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін деп бота боздайды.

Мяу- мяу , кел екеуміз дос болайық,-деп мысық

мяулайды.

-Жоқ, сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп.

-Мүмкін бұзау болар,-деп мысық ботаны шығарып салады.

Сөйтіп бота боздап: бұзауға, қозыға, әтешке,  аяғында араға келеді.- деп боздайды.

Бота араға келіп:

-Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

-З-з-з-зз,-кел, екеуміз дос болайық,- деп ара ызылдап қуа жөнеледі.

Бота арадан зорға қашып құтылады.

Басы салбырап, шаршап бота өз анасына келеді.

Анасы:

-Дос таптың ба?-деп сұрайды.

-Жоқ анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сияқты

ешкім жоқ екен,- дейді.

Анасы жымиып:

-Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқам, боташым. Досты жан

тазалығымен таңдау керек, - деді.

Бота қуанып , адал достары құлынды, бұзауды, қодықты, қозыны,

күшікті, мысықты, әтешті, қарғаны, бақаны ертіп келеді. Ал араны сабырсыздығы

үшін қоспаған екен»

Сергіту сәтті :

Видио

 

Балалар қимылмен қайталайды

 

Балалар мұқият тыңдайды

Рефлексивті  түзетушілік

Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтар:

- Ертегі ұнады ма?

- Түйе ботаны қалай тәрбиеледі?

- Бота өзіне не іздеді?

-

Ол өзіне қандай достар тапты?

 

Нені білу

керек: Достық

деген не екенің білді

Қандай

түсініктерді игерді: дос адал, мейірімді болатының игерді

Меңгерген  дағдылары мен іскерліктері: ертегіні өз ойымен

байланыстырып айтуды меңгерді.

 

                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1787


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст