Тақырып: Үй жануарлары
Білім беру саласы: Қатынас
Іс-әрекеті: Тіл дамыту
Мақсаты:
Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Тақпақ, мақал-мәтелдерді
қайталай отырып, сұрақ –жауап арқылы тіл байлығын дамыту. Үй жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: төлі.
Әдістемелік
әдіс –тәсілдері:Сұрақ –жауап, түсіндіру, көрсету, психологиялық
ойын жаттығулар.
Көрнекілік құралдар: Бейне таспа, үй жануарларының
суреттері.
Әрекет кезеңдері
|
Ттәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру сезімді ояту.
Бейне таспа:
Ән: Қошақаным
Қорытындылау Мадақтау.
Ән: Тұлпарым |
-Сәлеметсіңдер ме, Атам мен»құлыным-дейді Әжем мені»Ботам»дейді. Әкем мені»шырағым Дейді Шешем мені «қозым» дейді. Айналайын жаным дейді. Ал шынында мен кіммін. Мен Кәдімгі баламын.
Жылдың қай мезгілі? Бір аптада неше күн бар?.
Бейне таспадан үй жануарлардың дауысын естиміз.Балалар бірінші жақсылап тыңдайықшы.Мынау ненің дауысы?Мә-мә-мә.! Төрт түлік малдың бірі –ол қой.Бізге қой малының беретін өнімі өте көп. Қойдың жаңа туылған төлін қозы –деп атаймыз.Жүнінен текемет,қолғап,шұлық тағыда басқа қол өнерлерін істейді. Қой малы өте момын ,сүйкімді, ақылды мал.Сондықтан ата-аналарымыз бізді еркелетіп «Қошақаным, қозым деп еркелеткен екен. Балалар осы біз «Қошақан туралы ән ». білетін едік ,қане бәріміз бирге билеп ән орындап жіберейік. Балалар сендерге түсінікті блоса ,мен мынандай тапсырма беремін Ұйқасын тап! Моп-момақан өзі, Сүп-сүйкімді ... (қозы) Жарайсыңдар,дұрыс шештіңдер. Үн таспадан келесі дауысты естейік. Мө-мө-мө. Жарайсыңдар ! Сиырдың беретіні өте көп.Ет,сүт,айран,ірімшік,құрт, май,қаймақ тағы басқаларын осы сиыр малы береді. Сиырдың төлін бұзау деп атаймыз.КЕлесі тындайтынымыз қандай жануар екенін тыңдайықшы.Төрт түлік малдың ішіндегі ең шөлге төзімдісі, қаншама ауыр жүк көтеретін түйе.Түйе өркешіне қарай жалғыз өркешті (нар) және қос өркештіні түие деп атайды екен. Түйе малының төлін бота деп атайды. Сендерді аналарың «Ботам,Ботақаным, Боташым»деп ерелтетін болған . Түйе малының өте ,дәмді,тәтті, сүті бпр оны халық шұбат деп атайды. Шұбат адам денсаулығына пайдалы.Түйенің жүнінен бізге күрте,шәлі, шалма қолғап тақия,малақай тағы басқаларын тоқитын.Балалар енді қандай мал қалды деп ойлайсыңдар.Әрине ол жылқы малы. Жылқы адам баласының шаруасына да пайдасы көп. Жылқыны мінсе көлік, жесе тамақ .Жылқы малының еті өте дәмді. Қазы,қарта,жалы,жая,шұшық. Жылқының сүтінен қымыз жасалады. Жылқы малы киелі мал,сұлу.Жылқының төлін құлыншақ деп атаймыз. . Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.Шешуін тапса,сол бала сабақты жақсы тындаған болып есептеледі. Жұмбақ шешу. Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. (қой) Үстінде бір тауы бар, Кезекті бір жануар. (түйе) Балалар сендер өте жақсы жауап бердіңдер,тақпақ ,мақал-мәтел, жұмбақ тиым сөздер бірінде біледі екесіңдер. Сендермен жарыс өткізгім келеді. Тапсырма былай:Төрт түлік малды қазір бейнелейміз,жапсырамыз, Мүсіндейміз,бояймызӘр бала өз жұмыстарын сөйлетіп,төрт түлік мал туралы білгендерін ортаға салып баяндайды. 1.Үй жануарлар бізге не береді? 2.Неге үй жануарлары дейміз? 3.Үй жануарларының бізге тигізетін пайдасы қандай?Сабақ соңында балаларға үй жануарларының өнімінен дәм татады. Қазақша үй жануарлардың өнімдерінен көрме жасалған .Көрмеге саяхат жасаймыз.
Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы. Сау-саламат болайық.
|
Балалардың жауабы. Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал, кәнекей бәріміз. Сәлем дейік үлкенге. Салеметсіздер ме қонақтар.
Мынау қойдың дауысы.
Бұл сиырдың дауысы . Сиыр м-ө-мө-деп дыбыстайды. Әділет: Бұзау. Әукім ,әукім әукешім, Қасиыншы әукесін. Енең әне келеді, Ақ мамасын береді. Үй жануарлары қыста қорада тұрады. Адамдар шөп,су,жем береді. Расул Қара көзің мөлдіреп, Қызықтырмай,қоймайды. Жібек,жүнің үлбіреп. Қарасам,көз тоймайды.
Әмір: Құлыншағым,құндызым, Құлдырайды шабады. Жылтыңдаған жұлдызым. Құстай қанат қағады.
Тиым сөз: Асанәлі Шөлге ең төзімді мал-ло түйе. Жылқы,түйе,сиыр қандай боран болса да, өз ауылын адаспай табады.
Мұрат Диана: Түйе-байлық Қой-мырзалық Ешкі-жеңілдік, Жылқы-сұлу, Сиыр-сәндік.
Абенова Диана: Шөре-шөре лағым, Тентек болма, шырағым. Секектеме, деміңді ал. Селтеңдеме құлағын. |
Білу керек: Әрбір бала үй
жануарлары оның пайдасын және қажеттілігін білу керек.
Болу керек: Үй
жануаларына деген қызығушылық болу
керек.
Үйрену керек: Үй жануарларына қамқор бола білуді үйрену керек.