«Жүзі басқа – жүрегі бір, тілі басқа – тілегі бір»
«Балдырған»
бөбекжай-бақшасы» МКҚК-да 22-қыркүйек Қазақстан
Республикасының халықтарының Тілдер
мерекесі қарсаңында
«Жүзі
басқа – жүрегі бір, тілі басқа –
тілегі бір» атты отбасылық
сайыс өтті.
Мұндағы мақсатымыз- ұлттық рух
пен мемлекеттік тіл
мерейінің өсуіне өзіндік үлес қосып, отбасылар арасындағы
татулықты, дәстүрді бүгінгі ұрпаққа жеткізу болды. Елімізде 130-дан астам өзге ұлт өкілдері бір шаңырақтың
астында тату-тәтті өмір сүріп келеді.Бізде балабақшамыздағы өзге ұлт
өкілдерінің отбасыларын сайысқа шақырып, әр жанұя өз отбасыларының өмір тарихымен таныстырып, өз халқының ұлттық
киімін киіп, өз ұлтының салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын паш етіп, ұлттық тағамдарын және балаларға
арналған қызықты ойындарын көрсете білді. Осы отбасылық сайыста қазақ, орыс,
украйн, башқұрт өкілдерінен шыққан отбасылар ана тілімізде еркін сөйлеп, тіл
мәртебесін асқақтата түсіп, еліміздің ертеңгі болашағы бүгінгі
бүлдіршіндерімізге тілді балабақшада ғана үйретіп қоймай, күнделікті өмірде де
қолдануға насихаттауға үйретті.
«Жауқазын»
тобынан Байқасовтар отбасы, «Ақбота» тобынан Құлмағанбетовтар отбасы қазақ
халқының мерейін көтерсе, «Қарлығаш» тобынан Сайфулллиндер отбасы башқұрт
халқының атынан шықса,Плаксиндер отбасы орыс халқының атынан шықса, ал
«Балапан» тобынан Мыңбаевтар отбасы,қазақ пен украйн халқының өкілдерінің
ынтымағы жарасқан отбасы екенін көрсете білді. Ал «Ақтиін» тобынан Тұрашовтар
отбасы қазақ пен орыс халқының бір отбасындағы бірлігін көрсете білді. Отбасылық
сайыс 5 кезеңмен өте қызықты да тартымды өтті.Осы сайыста әділ қазылар
алқасы әр отбасына осы сайысқа
қатысқаны үшін алғыс айтып,әрдайым балабақша мен отбасы арасындағы
ынтымақтастық белгісі ретінде ата-аналармен осындай шығармашылық жұмыстар әлі
де жүргізілетінін айтып өтті. «Ынтымақты отбасы- татулықтың белгісі» деп Сайфулллиндер отбасына «Ынтымақты
отбасы» номинациясы берілді. «Үлгілі отбасы-тәуелсіз елдің тірегі» деп «Үлгілі
отбасы» номинациясын Арқалық қаласынан немересі үшін арнайы дайындалып келген
Ертай Асанәлінің ата-әжесіне бүгінгі балабақшамыздағы жас отбасыларына
үлгі-өнеге бола білген Байқасовтар отбасына берілді. Өз өнерлерімен
ерекше көзге түскен Мыңбаевтар отбасына «Өнерлі отбасы» номинациясы
берілсе,көрерменнің қошеметіне ие болған «Көрермен көзайымы» номинациясына
Плаксиндер отбасы ие болды. Сонымен қатар өз еліміздің ұлттық
салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды көрсете білген Құлмағанбетовтар
отбасына «Мерейлі отбасы» номинациясы берілсе, Тұрашовтар отбасына «Парасатты
отбасы» номинациясы беріліп, көрермен қошеметіне ие болды.
Сондай-ақ, 22-қыркүйек Қазақстан
халқының тілдері күніне орай
өткен онкүндікте Қазақстан
халқының тілдерін дәріптеуге,
келешек ұрпақтың тілге
деген құрметін арттыруға арналлған
іс-шараларды ұйымдастырғаны үшін «Балдырған» бөбекжай-бақшасы» МКҚК
аудан әкімінің орынбасары Г.Нұрмағанбетованың атынан
алғыс хатқа және
бағалы сыйлыққа ие
болды.
Біздің еліміз қашанда достық пен татулықтың
мекені. Сондықтан да әрдайым бірлігі
жарасқан елде бүгінгі ұрпағымызды отбасы мен балабақшада ана тілімізде бірге
тәрбиелей білуіміз керек.
«Балдырған»бөбекжай-бақшасы»
МКҚК-ның тәрбиешісі Ә.С.Гафарова