«Жемістер»
(екінші
кіші топ)
Мақсаты:Балаларға жемістер туралы түсінік
беру, жемістер туралы білімдерін анықтау, бекіту. Жемістің денсаулыққа пайдасы
туралы мағлұматтар беру. «Жемістер» - сөзінің мағынасын түсіндіру. Жемістердің
түрлерін ажыратуды үйрету. Тыңдау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, достармен бөлісуді үйрету.
Көрнекілік: жемістердің суреттері,
муляждары; ағаштардың макеттері; себеттер.
барысы:- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Таңғы шеңберге тұрып
бір-бірімізбен сәлемдесейік.
Күн күлімдеп нұр төкті
Бізге жолдап
Балалар: - Сәлем!
Жақсы
сөздер нұр септі
Бізге
жолдап
Б-р:
-Сәлем!
Еске сақтап
кеңесті
Досыңа
сыйла
Б-р:
-Сәлем!
Кел,
қосылып айтайық
Бәріңізге
Б-р:-Сәлем!
Балалар,
бізге орманнан қонақтар келіпті. Бұл нелер?
- Түлкі мен Кірпі. Олармен амандасайықшы.
–Сәлеметсіңдерме!(Кірпі мен Түлкі амандасады).
–Балалар,
олардың бізге әкелген сиқырлы коверті бар екен, ішін ашып көрейік. Конвертке
суреттер салынған екен. Бұл
ненің суреттері?
Балалар
жемістердің аттарын атайды.
(Алма, алмұрт, өрік, жүзім, шие
т.б.) Бұларды бір сөзбен атауға болады ма, ол қандай
сөз? (Жемістер).
Өрік, алма, шие,
алша,
Жидек, жүзім
піседі.
Қауын, қарбыз,қияр,
сәбіз
Дүкендерге
түседі.
- Балалар, ал жемістер қайда өсетінін
білесіңдерме? (Ағашта)
Жеміс өсетін ағашты қалай атайтынын білесіңдерме? (Жеміс ағашы)
Жеміс ағаштары қайда өседі? (Бақта). Балалар, біз сендермен қазір
жемістер бағына барамыз. Ол бақта әрқашан жемістер пісіп тұрады екен .
Өзімізбен нелерді апарамыз?(Түлкімен Кірпіні). Жолда ойын
ойнаймыз. Мен:
«Алма» дегенде, қолдарыңды көтеріп, аяқтарыңның ұшымен жүресіңдер, ал «алмұрт»
дегенде аяғымызды бүгіп, жартылай отырып жүреміз. Кеттік. (Жаттығуды 3-4 р. қайталау).
–Міне, балалар, біздің бақ. Мұнда алма, алмұрт, шие, өрік ағаштары өсіп
тұр екен. -
Алма қай ағашта өседі? (алма ағашында). Өрік қайда өседі? (өрік ағашында).
Т.с.с. –Түлкі
мен Кірпіге жемістер не үшін керек екенін айтайықшы. (Жемістер денсаулыққа өте пайдалы. Оларда
адамға қажет дәрумендер көп болады).
Тағы не жасауға болады жемістерден? (компот қайнатады, тосап жасайды,
кептіреді, қатырады т.б). Д/о
«Дәмінен таны».
Балалар, бұл бақтағы жемістердің дәмін көрейік. Ол үшін біз көзімізді
байлап, қай жемісті жегенімізді дәмінен біліп айтуымыз керек. Біздің сиқырлы
бақ бізге тағы бір тапсырма дайындап қойыпты. Мына үстелдегі ақ парақтарға
дайын қиылған алманың трафареттерін бастырып алманы бояу керек. (Балалар
трафарет арқылы алманың суретін басып салады).
Ал енді жұбақ шешіп көрейік.
Әрі қызыл,
әрі тәтті.
Татқан
жанды таңырқатты. (Алма) - Балалар,
Кірпі мен Түлкі бізге алма жинап беріпті. Оларға не деу керек? (рахмет). Және
олармен қоштасатын уақыт келді. Олар орманға қайту керек.
Балалар.; -Сау болыңдар, Түлкімен Кірпі. Түлкі,
Кірпі: -Сау болыңдар, балалар!
Балаларға алма таратып
беру.