«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мүсіндеу Тақырыбы: Жемістер (алма, алмұрт)

14.09.2018

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Балапан»  ортаңғы тобы

 

13.09.18ж.                                                         

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі:  Мүсіндеу

Тақырыбы: Жемістер (алма, алмұрт)

Мақсаты:  Пішінді

мүсіндеудің басу, қысу, жалпақтау әдістерін пайдалана отырып,балаларды әртүрлі

пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету;бейнені затпен салыстыру, мүсіндегі

сәйкестерді анықтай білу қабілеттерін дамыту; балаларды табиғатты сүюге

тәрбиелеу;жемістеррдің пайдасын түсіндіру.                                                                                                                                                                    

Алдын ала жұмыс:  көрме орнын даярлау                                                                                          

Көрнекі құралдар:  жемістер, жеміс муляждары, «Күз аруы»

кейіпкері,

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, көрсету,

сұрақ-жауа, әңгімелеу,  мадақтау.

                      

Оқу іс-әрекет

кезеңдері

             Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті

   Мотивациялық -

    қозғаушылық

Педагог балалармен шаттық шеңберін жасайды.

Кел,балалар,күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Көңілді болып жүрейік!

Педагог суреттерді қолдана отырып балалармен күз

мезгілі туралы әңгіме жүргізеді.

 

 

 

Балалар шаттық шеңберін жасайды.

                                

                   Ұйымдастырушылық

– ізденістік

« Күз аруының» тапсырмасын орындайық.

Басмармақпен басу арқылы алманың пішінін келтіреміз.Сабағын

ағаш бұтақшасынан жасаймыз.Енді, жасыл түсті ермексаздың кішкене бөлшегін

алып,алақанға салып домалақтаймыз,тақтайшаға қойып жалпақтау әдісі арқылы

сопақша пішінге келтіреміз.Пышақтың ұшымен кесу арқылы жапырақтың бейнесін

жасаймыз.Жапырақты алманың сабағына орналастырамыз.Алмамыз дайын болды.

 

Сергіту сәті:

 

Кәне, кімнің бойы ұзын,

Паровозы ол пойыздың.

Қатар қатар тұрайық

Пойызды біз құрайық.

 

Енді алмұртты жасауға кірісеміз.

Сары түсті ермексащды алып,алақанға салып

жұмсартамыз.Сопақ пішін жасаймыз.Сопақшаның жоғарғы жағын қысу арқылы

алмұрттың пішініне келтіреміз.Басбармапен басу арқылы сабақ ойығын

оямыз.Алманың сабағын жасағандай ағаш бұтақшасын орналастырамыз.

 

 

Затқа қарай отырып,алма мен алмұртты мүсіндейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

                                    

           Рефлексиялық - түзетушілік

                                   

«Күз аруы» мен педагог сабақты қорытады:

Балалар жұмысынан көрме.

Алма,алмұрт туралы сипаттап айту;

«Күз аруы» сый таратады(күтуші жуып даярлайды).

Шаттық шеңбері:

Жылу берген күнге рақмет,

Тіршілік берген жерге рақмет

Өсім берген суға рақмет

Бізге жеміс әкелген

«Күз аруына» рақмет.

Балалар өз жұмыстарын көрмеге қояды.

Алма,алмұрттың дәмі,түрі,түсі,пішіні туралы

айтады.Балалар рақмет айтады.»Күз аруын»ортаға алып,онымен күлімсірей

қоштасады.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жеміс жидектер табиғаттың сыйы екендігін;

Игереді: пайдасын түсіне отырып, заттарды мүсіндеуді;

Меңгереді: жемістердің өзара

айырмашылықтарын ажыратуды.

 

Просмотров: 6972


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст