Технологиялық карта
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімдері: Мүсіндеу.
Тақырыбы:Саңырауқұлақтар ( ақ,
қызғылт сары саңырауқұлақ).
Мақсаты:
а) Түс ерекшеліктерін
ажырата отырып бірнеше саңырауқұлақты мүсіндеу арқылы сюжетті мүсіндеуге
үйрету.
ә) Бала қиялын, ұсақ қол
қимылдарын дамыту.
б)
Еңбекқорлыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Билингвальды компонент:Саңырауқұлақ- гриб
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеттері |
Балалардың іс-әрекеттері |
Мотивациялық қозғаушы |
Балалар шаттық шеңберін жасады. Серуен кезінде жасаған бақылауларын еске түсіріп, сюжетті сурет бойынша әңгімелейді. -балалар, саңырауқұлақ туралы өлең ертегілер білеміз бе? Жақсы, келістік. Онда «Саңырауқұлақ» саусақ ойынын ойынайық. Шынашағым, орманға бар! Шылдыр шүмек,саңырауқұлақ тап! Ортан терек, тазалап ал! Балаң үйрек, куыра сал! Бас бармағым барлығын жеп, Өсіп қапсың томпаңдап. |
-«Саңырауқұлақ» саусақ ойынын білеміз. Балалар ойын мәтініне сәйкес қимыл – қозғалыс жасайды.
|
Іздену-ұйымдастырушы |
-Енді осы саңырауқұлақты ермексазбен мүсіндеп көрейік. Ермексазды ұқалау арқылы пішінін келтіреміз. Балалар қолымыз шаршаған болар сергіту сәтін жасайық. Сергіту сәті: Жеміс мол теретін, Күз дос екен бізбенен. Бәрін тауып беретін Жомарт екен күз деген. Балалар, берілген тапсырманы толық аяқтады. Істелінген саңырауқұлақтарын көк шөптің үстіне орналастырды. |
Балаларға тапсырма берілді, саңырауқұлақты мүсіндеуге кірісті.
Балалар өлеңнің сөздеріне байланысты қимыл қозғалыс жасады.
Берілген тапсырманы ұқыпты орындады. |
Рефлексивті түзетушілік |
-Балалар, бәрің де саңырауқұлақты әдемі мүсіндедіңдер! Осы әдемі жасалынған саңырауқұлақтарыңды мына шөптің үстіне қойыңдар. -Бүгінгі сабақ ұнады ма? |
Балалар өздері жасаған саңырауқұлақтарын алқапқа орналастырды, сипаттап әңгімеледі. |
Білді: саңырауқұлақ атауларын,
түстерін;
Игерді: әр түрлі тәсілдерді пайдалана отырып
мүсіндеуді;
Меңгерді:саңырауқұлақ түрлерін, пайдасын;