Ерте жас
тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 3.09.2018ж
Білім беру
саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Сылдырмақ»
Мақсаты:
сылдырмақты ырғаққа сай сылдырлатып үйрену,музыка әуеніне сай қимыл жасауға дағдылану.
Қолданылатын өрнекіліктер: сылдырмақтар.
Сөздік жұмыс: сылдырмақ,жомарт.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері |
Музыка жетекшінің іс әрекеті |
Балалардың әс әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық
|
Балаларды көңілді музыка әуенімен залда қарсы алады.Шеңбер бойымен жүру,жүгіру,жеңіл секіру,т.б. Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді Жемістерін жинауға Шақырады біздерді. (Н.Әлімқұлов) |
Балалар музыка әуенімен залға келіп,жүгіреді.Серіппелі тізе бүгеді,айналады. Өлеңді тыңдайды.
|
Ұйымдастырушылық- ізденістік |
Балалар;қазір жылдың кай мезгілі? Балалар жауап бере алмаса,көмектеседі.Күзде жемістер піседі,қысқы дайындық жасаймыз. -Қандай жемістерді білесіңдер? Музыка тыңдау: «Күз жомарт» (Д.Ботпаев,Е.Өтетілеуұлы. -Балалар,жомарт деген сөздің мағынасы мырза,берекелі деген сөз. Күзде жемістер піседі,егін жинайды,қысқа дайындық жасалады.Күн біртіндеп суыта бастайды.Ән шумағы жай орындалады, ал қайырмасы өте көңілді,жылдамырақ орындалады. Ән айту: Өткен сабақтарда айтылған індерді қайталау. Әнді балалардың есіне түсіре отырып,орындау.Ән орындау ережелерін естен шығармау.Бірін бірі ести отырып,үндесіп айтуға үйрету. «Шар»әнін ортаға шеңберде тұрып,қимыл жасап айту. Ән үйрену: «Сылдырмақ» (Е.Хасанғалиев,А.Асылбеков) Жаңа әнді музыка жетекшісі орындап береді.Не туралы айтылғанын сұрайды. Әннің сөзін үйретіп,екі жолын әнге қосады.Түгел шумақты үйреткен соң, «Шақ шақ» деген жерде қолмен ұрады.Әнді түгел үйреніп болған соң,сылдырмақты тартады.Сылдырмақты ырғаққа үйлестіре отырып қимыл жасау.Бәсең жерінде жай ұрып,ширақ жерінде қатты қағу. «Сылдармақпен ойнау» (Б.Дәлденбай. Шеңбер жасап,қолдарына сылдырмақ алады.Музыка ырғағына сай сылдырмақты сылдырлатып,арттарына жасырып,шеңбер бойымен жүгіреді.Музыка аяқталғанда аяқтарын бүгіп отыра қалады.
|
Сұрақтарға жауап береді.
Балалар өздеріне таныс жемістерін атайды.
Балалар музыканы тыңдайды.Шумағымен қайырмасы арасындағы айырмашылықты ажырата тыңдауға тырысады.
Өткен сабақтағы әнді еске түсіріп,орындайды.Шеңбер бойында тұрып,қолдарын кезек кезек көтеріп,аспанда қалықтаған қимылдар жасайды.
Балалар әннің мәтінін қайталайды.Әуеніне қосылып,бірінші шумақтан соң сылдырмақты жай соғып,екінші шумақтан соң қатты соғады.
Балалар музыка ырғағына сай қимылдар жасайды.Шеңбер бойымен жүгіреді,сылдырмақтыжасырып,аяқтарын топылдатады.
|
Рефлексиялық -түзетушілік |
-Сонымен,қазір жылдың қай мезгілі? -Қандай жемістерді білесіңдер ? -Қандай ән айттық ? Қорытындылау,бағалау,мадақтау. |
Балалар қоштасып,топқа оралады.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: музыканы тыңдауды,әнді есте
сақтауды.
Игереді: музыкамен сылдырмақты жоғары
көтеруді,артына жасыруды,отыра
қалуды.
Меңгерді: әуенмен ілесе ырғақты қимылдар
жасауды.