«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

" Экология" Ауаның қасиеттері ашық сабақ

06.09.2018

 

Білім беру салалары:«Әлеуметтік орта»

Оқу іс – әрекеттері: Экология

Тақырыбы: Ауаның қасиеттері.

Мақсаты: Ауаның қасиеттерін ажырату,тәжірибе жасау арқылы қорытынды

жасай білуге үйрету.

ә)Ойлау белсенділіктерін,байқағыштықтарын

дамыту.

бКөрнекілік құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер.

Билигвальды компонент:ауа-воздух-air (эйир).

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешенің әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Ұйымдастырушылық қызығушылық

Шаттық шеңбері.

    

Шеңбер болып тұрайық.

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын салайық.

Таза ауаны жұтайық.

Жүрекке жылу салайық.

Мейірімділік жолын

алайық.

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға сыйлайық.

 

 

 

 

Балалардың жүрек жарды

жылуы.

 

Ұйымдастыру-шылық –

ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбак:

«Біз оны көрмейміз.

Олсыз өмір сүрмейміз?» Ол не? (ауа)

 

 Ал балалар олай болса ,орнымызға жайғазып,

экранга назар аударамыз.

 Ауаның қасиеттері туралы түсіндіріп кету.

 

 Тәрбиеші: Балалар, бүгін тобымызға таңертең

пошташы сәлемдеме алып келіпті. Сәлемдемені біздің досымыз -Самал жел

жіберіпті. Не бар екенін көрейік. 

«Шардың ішінде не жасырынғанын табыңдар. Оның

ішінде не болуы мүмкін?» 

Балалар: Балалар үрленген шарды айналдырып қарай

бастайды. Олар өз пікірлерін айтады 

Тәрбиеші: шардың байланған жібін шешіп,

ішіндегі ауаны жайлап шығара бастайды. 

-Меніңше шардың ішінде бір нәрсе бар сияқты. Өйткені

оның жібін шешкенде ,дыбыс естілгендей болды. 


Тәрбиеші: Ауа тағы қай жерлерде жасырынып

жатуы мүмкін ? Біз де өзімізді ғалым деп сезініп, тәжірибе жасап көрейік. 

-Біз мұрнымызбен не істейміз? 

-Біз немен демаламыз? 

Балалар: тәжірибе жасауға дайындалады. 



-Яғни мұрын арқылы ауа біздің өкпемізге өтеді.Тынысты

шығарғанда ауа қайтадан ауыз немесе мұрын арқылы сыртқа шығарылады. Кәне бәріміз

тексеріп көрейікші. 


 Біз

ауаны көзімізбен көре аламыз ба?

 

 Ал мұрнымызбен иіскей аламыз ба?

 

Ауаны

қолымызбен ұстай аламыз ба?

 

 

-Сытырлақ  дорбаны алып ішіне ауаны

 жинайық.

-Енді түтікті суы бар стаканға салып үрлейік .

Стақан ішіндегі суда не пайда болды? 


-Алдарындағы желпеуіш қағазды өзімізге қарай

желпітіп көрейікші. Не байқадық? 


-Мына паралонның кішкене бөлігін суға салып көрейік

не байқадық? 


-Шарды

үрлеп ыдыстағы суға салып көрейікші? Шар неге суға батпайды? 


 Оның ішіне не толды?-, яғни ол

орын алады. Ол шарға қайдан келді?-,яғни адамда ауа болады.Ол қалай келеді?

Дем алу арқылы.



 

 Сергіту сәті:

Самал жел бізді

желдетші,

Күн нұры, бізді жарқырат.

Таза ауа, бізге дем

берші,

Мөлдір су, бізді салқындат.

 

Келесі тәжірибеміз

балауыз шаммен жасап көреміз. 

Балалар ауаны не ластайды деп ойлайсыңдар? 


Дұрыс айтасыңдар, қаламыздағы ірі зауыттан шыққан

түтінмен ,көліктен бөлінген түтін ауаға тарап, содан

ауа ластанады.

Қорытынды: Балаларға сұрақ қойып ,оқу іс әрекетін қорытындылау. 

-Балалар біз бүгін не туралы әңгімелестік? 

Ауа ластанбау үшін не істеу керек? 

Балалар: сұраққа жауап береді. . 


 

Бағалау.

Жұмбақтың

шешуі:  (ауа )

 

 

Слайд көрсетіледі.

 

 

 

 

 

Ауа

 

 

 

-Ауа

 

 

-Шардың

ішін босатқанда , одан ауа шықты. 

 

 

 

 

 

Далада,үйде,айналамызда,ауа барлық жерде бар

-Біз

мұрнымызбен демаламыз. 

-Біз ауамен тыныс аламыз

Балалар:

мұрынмен тыныс алып, тәжірибе жасайды. 

Жок,өйткені ол түссіз.

Жок,ол иіссіз, бірақ иісті жеткізе алады.

Ауаны қолдарымен ұстап көреді.

Балалар дорбаға ауаны толтырып,аузын жауып қояды.

Балалар:

түтікше арқылы стақандағы суға ауа үрлейді. Көпіршіктердің пайда болғанын байқайды.

Балалар:

Желпеуіш қағазды желпіп, ауадағы желді байқайды. 

Балалар:

паралон суға батпағанын байқадық. Себебі ол тығыз емес , оның бойында ауа бар

Балалар:

үрілген шарды ыдыстағы суға салады. Шардың ішінде ауа болғандықтан, суға

батпайды. 

Балалар: Завоттардан шыққан түтін, көліктерден шыққан түтіні т.б

- Ауаның қасиеттері

туралы. 


Балалар: сұраққа жауап

береді. . 


 

Рефлекстік түзету

Балалар тапсырма ұнады

ма?

Ұнаса, несімен ұнады?

Қай тәжірибе ұнады?

Балалардың жауабы тыңдалды.

 

 

Білу керек:ауаның қасиетін білу керек.

Болу керек:оқу іс – әрекетке деген ынта – ықыластары болу керек.

Үйрену керек:сұраққа нақты жауап беріп үйрену керек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1377


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст