«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жау,жау жаңбыр

24.08.2018

«Қарлығаш» тобы.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Жау-жау, жаңбыр.

Мақсаты:

а) сызықтарды қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалана отырып саусақ

арқылы түсіруге жаттықтыру, балаларды табиғат құбылыстарын бақылай отырып өз сезімдерін

іс-әрекетте бере білуге үйрету;

ә) іс-әрекет барысында бейнелегендерін музыка әуенімен қимыл-қозғалыста

үйлестіре ьілуге бағыттау;

б) табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі

құралдар: бұлттар

бейнеленген үлгі сурет.

Қажетті құрал-жабдықтар: көгілдір түсті майлы бояу, әрбір балаға ақ

қағаз (жоғары бөлігіне бұлттар бейнеленген), сүрткіш.

Сөздік жұмыс: жаңбыр тамшылары.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

 

Мотивациялық-қозғаушылық

Педагог

балалардың назарын өзіне аударып, жұмбақ айтып береді, оның шешімін табуды

ұсынады.

Тырс-тырс

тамады, 

Тереземді

қағады.

- Бүгін күн

қандай? Ашық па? Бұлтты ма? Жаңбыр жауып тұр ма? Балалар, бүгін күн салқын,

жаңбыр жауып тұр. Аспанды бұлт торлаған. Күн бұлттанса, жаңбыр жауады.

- Тақтадағы

суретке қараңдаршы, бұл не ?  Түсі

қандай?

- Жаңбыр

жауғанда қандай дыбыс естіледі?

-  Кәне, тыңдап көрейік.

 

 

- Қалай тамып

тұр екен?

Педагог үстел

үстін тысырлатып, жаңбыр дыбысын бейнелейді.

- Ой, жаңбыр

қалай қатты құйып жауып кетті. Енді көк алақандарыңды тізелеріңе қойып,

шапалақтап көріңдер.

Балалар

педагогпен бірге аяқтарын тарсылдатып дыбыс шығарады, бұл жаттығулар

балаларға жағымды көңіл күй сыйлайды.

Көркем сөз

оқу.

Жауын-жауын жауады,

Бәрін суға малады.

Біз бояуды аламыз,

Тамшыларды саламыз.

 

Балалар

жұмбақтың шешуін табады.

- Жаңбыр.

 

Ауа райы туралы

білгендерін айтады.

- Бұлт.

- Түсі көк.

 

- Тырс-тырс.

Балалар

тамшылар дыбысын тыңдайды.

- Тырс-тырс

тамып тұр. Балалар да педагог әрекетін қайталап жасап көреді. Балалар

педагогтің айтқанын қайталайды.

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық- ізденістек

- Енді көк майлы бояуды  пайдаланып

қағазға жаңбыр тамшыларын саусақ арқылы түсіреміз. Қараңдар, бұлттан төмен

қарай тамшылар түсіп келеді.

Бірнеше үзік

қысқа сызықтармен салып көрсетеді. Қағаз бетіне шашырата салуды қадағалайды.

Жұмыстарына басшылық жасап, аяқтаған жұмыстарын мадақтайды. Музыка әуенімен

«Жаңбыр тамшыларын тосамыз» деген қимылды ойын ұйымдастырады. Балаларға үзік

сызықтар немесе тамшыларды барлық қағаз бетіне көбірек салу керектігі

түсіндіріледі.

Көк майлы

бояуды алып, сурет салуға кіріседі.

Балалар қағаз

бетіне шашырата жаңбыр тамшыларын  саусақпен бейнелейді. «Жаңбыр тамшыларын

тосамыз» деген қимылды ойын ойнайды. Балалар қағаз бетіне жаңбыр тамшыларын

көп етіп түсіреді.

 

 

Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог

балалардың салған суреттерін мадақтайды. Көрме ұйымдастырылады.

Балалар

өздерінің еңбектері туралы әңгімелеп береді, достарының салған суреттерін

тамашалайды

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: табиғат құбылыстары жайлы қарапайым

түсініктері.

Игереді: жаңбырдың жауу түрлері және оны қағаз

бетіне түсіру ерекшеліктерін.

Меңгереді: қағаз бетіне жаңбыр тамшыларын үзік

сызықтар арқылы салуды.

 

 

 

Просмотров: 2116

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст