«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Рухани жаңғыру аясында қазақтың асық ойындары арқылы балаларды рухани – адамгершілікке тәрбиелеу”. Баяндама

17.08.2018

Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесі өзінің басым

бағдарын жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне назар аудара

бастады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде

тәрбиелеу, білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен, жоғары оқу орнына дейінгі

барлық ұйымдардың міндеті. ХХІ ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық

қана тұтастығын сақтап қалады» деп атап өткен.Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев

бала тәрбиесіне, олардың ғаламдық өзгерістерге дайын етіп өсірудің қаншалықты

маңызды екенін атап өтті. Сондықтан баланы бір қырынан ашатын, өзіне

сенімділікке, қырағылыққа үйрететін мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық

ойын дамытуда септігін тигізетін асық ойындарын тілге тиек етпекпін.

Балабақшадағы оқу –тәрбие үрдісінде асық  ойындарының тәрбиелік мәні зор. Кезінде ұмыт

бола бастаған осы асық ойындарын қайта жаңғырту қазіргі кезеңде өте маңызды деп

есептеймін. Біздің балабақшамыз «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын басшылыққа ала

отырып, салт-дәстүрлерімізді қастерлеп, бабалар ерлігін,даңқты істерін үнемі

насихаттап, тарихи тұлғаларға еліктеуге, сондай-ақ ұлттық ойындарымызды

үйретуді мақсат еттік. Мен тәрбиеші ретінде бала тәрбиесіндегі асық ойындарының

қалыс қалып бара жатқан жайына тоқтала отырып, «Қазақтың ұлттық ойындары арқылы

балаларды сыйластыққа тәрбиелеу» тақырыбында әдістемелік жұмыс жасауды өзіме

міндет етіп алдым.Балабақшадағы бүлдіршіндерге қазақтың ұлттық ойындарын ойната

отырып, өзара сыйластыққа, бауырмалдылыққа тәрбиелеуге болатынын түсіндім.Осы

әдістемелік тақырыбымды зерттей келе,балалардың 

асық ойындарына деген қызығушылығы басым екенін байқадым. Сондықтанда  мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық

ойын дамытуда асық ойындарының алатын орны ерекше екенін түсіндім.Сол себепті

асық туралы кітапханаларға барып, әдістемелік оқулықтардан қарап, зерттей

бастадым.

 

«Асық ойнаған озар , доп ойнаған тозар

Бәріненде құйрық жеп 

қозы баққан озар»  деген

мағынасы  қисықтау  мәтелді 

иесі осы  кеңес  заманда 

біздің  санамызға  сініріп келгені   баршамызға аян.  Жалпы 

асықтың  қадірін  алаш баласынан  артық білген 

ешкім жоқ. Осы  асықты  ойнау арқылы , асықты  жинау арқылы қазақтың баласы көптеген

дүниедегі тәлім-тәрбие алған. Оның ішінде 

асық ойнау арқылы олар  түрлі

отыру , тұру  сияқты гимнастика  жасап жүгіреді. Ал оны жинау  арқылы 

ол өзінің  ең алғашқы  мал жинау , яғни болмаса қазіргі

замандағы  тілмен айтқанда коммерциялық  тұрғыдан 

өзінің  кәсіби бастауды осы

асықтар арқылы үйренген. Енді бүгінгі заманда ХХІ ғасырда бұл асықты  жалпы ойнап жүрген баланы  некен-саян көреміз. Қалалық жерлерде тіпті

мүлдем көрмейміз десек те болады. Қалалық жерлерде  асығы бар 

балалардың  өзі бұны  тек 

дорбаларда  ойыншық арасында  сақтап жүреді.  Ал  енді осы асықтарды  бүгінгі таңда 

осы балаларға  тәлім -тәрбие  құралы ретінде көрсеткім келеді.

   Мектепке

дейінгі  мекемелерде  қазір көп нәрсе  бар, ата – ананың талабы бойынша бар, біздің

мемлекетіміздің  білім беру  стандарты 

бойынша  мектепке дейін мекемелер

қандай әдістемелер  қолдану керек, типтік

бағдарлама бар. Ал сонымен  қатар

бала  даму үшін  қосымша 

баланың ойлау  қабілетін, зейінін

, физиологиялық жан – жақты  дамуы  үшін 

әр түрлі  методиканы  қолданады.. Енді сайып келгенде  біздің қазақ халқы бала тәрбиесіне  үлкен мән 

берген. Соған  байланысты  біз 

ұлттық  тәрбиеге көп мән береміз

және де  жан жақты  , алысты- жақынды шетелдің шет  мемлекетінде 

әр түрлі  методиканы  қолданып, 

балалардың дамуына  үлкен

көңіл  бөлеміз. Біз бұрыннан  қолөнерді  қолданып келе жатырмыз. Енді  асықты 

осы  «рухани жаңғыру» бағдарламасы

аясында алдым.  Осы кезде неге асықты

қолданбасқа? Асық ешқандай  да  кері әсер 

келтірмейді деген  ойға келдім.

Оны санаса да , ұстаса да  болады.

Адамның алақаныңда әр түрлі нүктелер бар. 

Қалай айналдырса да  асық  өте қолайлы. 

Бұрын қазақ халқы  асықты  тек ойын 

құралы ретінде  қолданған. Енді

мен бұл асықты  оқу дамыту  құралы ретінде  жан – жақты баланы мектепке  дайындап және 

физиологиялық , психологиялық жағынан 

қолдануға  болады деп  өзім көп ойланып, осыны  шештім, тек қана оны бір ойда шешкен жоқпын

әрине  кітапханаға  барып, асық ойындары туралы оқыдым, зерттедім

.Содан осы  асық технологиясын  оқу тәрбиесіне  кірістірдік, жеке еңбек деп айтуға әрине

келмейді ұжым болып істедік.

    Массажды  қолғап жасадық. Ыңғайлы балаларға пайдалы

физиологиялық  жағынан  денсаулық сақтау  жағынан да пайдалы.

Келесі ой 

асықтарды тесіп бір жіпке 

өткізетін болсақ , тіпті баланың көзі 

көру қабілетін, нақтылық, мергендігін 

және асықтарды  түрлі-түсті  түске 

бояп оны өткізіп жіпке өткізгенде баланың қол моторикасы дамиды.

    Мектеп жасына дейінгі балалардың  логикалық ойлау қабілетін дамытуда жас

ерекшеліктеріне сай асықтан түрлі қажетті бұйымдарды жасап шығаруға болады.

Мысалы 2-3 жастағы  балалар мына  сиқырлы табыстырылған  жолақшаны 

пайдаланамыз. Бұл жерде  бала

өзінің  асықты жүргізіп отырып ,  ұсақ қол 

маторикалары дамитынын түсіндім. Мінекей бұл І сәбилер тобына

арналған. 

  Сонымен 3-4

жастағы балалар  ол міне  асықтың өзіне тән  бөлінген жан –жақты  алшы , тәйке , шік, бүк, деген төрт  жақты 

түрі бар екенін түсінеді. Соны 

мына  формаға  салып , шығарудың  өзі 

баланың ойлау қабілетін арттырады. Бұл 3-4 жастағы  балаларға арналған. 4-5-6 жастағы  балаларға 

математикадан , қазақ тілінде және орыс 

тілінде  буын , әріптер  құралы ретінде асықтарды пайдалануға болады.

Балаларға өте қызықты  баланың

қызығушылығын  тек қана қиылған

әріптерден  көріп қана қоймай, оны

асықтардан да танып-білу балалардың қызығушылығын арттырады. Бұл асықтарды  бала ойнай 

отырып естеріне  сақтайды. құрайды

, көреді, ұстайды .Бұл  әр топта  бар, 

бұл жерде де  түсіне байланысты  және бала 

санды кері,тура  санау арқылы  естеріне 

көп сақтайды.  Мысалы:бізде  бұрынғы кезде есептеу үшін шот болған.  Міне мынау сол 

қарапайым шотты  біз осы  асықтан жасадық.  Сонымен қатар денсаулық сақтау  технологиясы 

бойынша  міне мынау  массаж қолғаптар бар. Қолғаптың пайдасы  бала мысалы 

қолына киеді. Қолына киген 

қолғапты олар бір – біріне қолына киіп, екінші қолына  киілмейтін бір -біріне  үйкелестіру арқылы  олардың алақандарындағы  ұсақ 

бөлшектері алақан  жұмысы

жақсарады.  Ұсақ қол моторикасы дамиды.  Ойлау қабілеті жақсарады.  Сонымен қатар олар бір – біріне массаж

жасайды.  Өте тиімді өте қызықты  әрі денсаулығын дамытуға көп  қызмет атқарады.  Сонымен қатар 

жаңағы  денсаулық сақтау  жолақшалары, ол  жерде 

бала аяқ  киімімен  емес жалаң аяқ  не 

болмаса  нәскимен  әр түрлі 

іздерді , кәдімгі іздерді ойып 

асықтармен  толтырылған.  Іздерді басу арқылы  балаларды майтабандыққа қарсы  және аяғымызда , табаңымызда  әртүрлі 

денсаулықты  нығайтатын  шыңдайтын нүктелеріміз бар.  Баланың табанына  батқан 

сайын  ол денсаулығын  одан әрі 

шыңдай  түседі.  Сонымен қатар мынаны сиқырлы  дорба деп атаймыз. Бұның  ішінде 

табиғи  және  жасанды асықтар бар. Балалар оны ұстап отырып,

табиғи асықтарды қалай сипап-сезу арқылы 

көрмей табады. Бұнда баланың 

өзінің ерекше  дамуына әсерін

тигізеді.

   Енді біз осы

асықтарды қолданып жүргенімізге өте қуаныштымыз. Ата – аналарымыз да риза.  Енді қонаққа барсақ  асық жинай 

жүреміз.  Ата –аналар да жинауға

көмектеседі. Әр түрлі ұлттық ойындар ойнаймыз.Қазақтың ұлттық ойындары асық пен

әр түрлі  ойындарды  балабақшамыздағы  өзге 

ұлт балалары да қызыға ойнайды. Ол 

жай асықты қоя салып  атпайды. «

Хан талапай», «Бес асық», «Құмар», «Омпа», «Тас қала» сияқты  көптеген ойындары бар.Балалар асық ойындарының

ішінде  асық ату ,  ортаны тап деген  асыққа  

қатысты  хан талапай ,  бес асық , әр 

түрлі  ойындарды жақсы  ойнайды. Ол асықпен ойнаған бала  топпен жұмыс істей алатын  бала болады. Бауырмашылдыққа   кезектерін күтуді, ептілікке  үйренеді,зейін 

тұрақтандырады., ұшқырлыққа , коммерциялық  ұтып алады. Ол коммерциялық жағын  баланың 

мына қазіргі  заманауи ,

заманға  тәрбиелейді.  Ол өте тиімді балаларға . Осы ойындарды біз

сабақтарда қолданамыз. Асықпен ойнаған бала жиі қозғалады, жүгіреді, еңкейеді,  түзу тұрады, отырады, яғни жан – жақты  физиологиялық дамиды.

Біздің мақсатымыз, халқымыздың ата-дәстүрін жаңғыртып,

жас ұрпақтың санасына сіңіру, балаларымызды асық ойынына деген қызығушылықтарын

арттырып, ұлттық ойындар туралы білімдерін жетілдіру.Осы мәселені қозғай

отырып,ұлттық ойындарды дұрыс пайдалана білуге, балабақшаларда асық ойындарын

жүйелі түрде пайдаланып іс жүзінде қолға алуға болатынынын түсіндім.Бүгінгі

ұрпағымызға осы ұмыт бола бастаған асық ойындарын қайта қолға алып,балабақшадан

бастап үйрету,әліде болса жетілдіре түсу жолдарын қарастыру керек деп

ойлаймын.Асық ойындары- баланың бойында тұлғалық жақсы қасиеттерін қасиеттерін

қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайымдай

алушылыққа үйретіп, құрдастарымен және де отбасындағы адамдармен де дұрыс

қарым-қатынас жасауға септігін тигізетінін байқадым.Балалардың асық ойындарын

ойнау арқылы зейінділік,есте сақтау қабілеттері дамиды екен. Осы асық ойындары

арқылы балалар ұйымшылдыққа үйренеді,топта бір-бірімен өзара сыйластыққа

баулиды.

Қорытынды

Сонымен қорыта келгенде , балабақшада асық ойындарын

жүйелі қолдану-баланың білімін артып қана қоймай,сонымен қатар денсаулығын

нығайтуға жол ашады.Бұған балабақша қызметкерлері,тәрбиешілер ғана емес,

ата-аналар да белсенділік танытып отырса,нұр үстіне нұр болар еді.Оқу-тәрбие

үрдісіне асық ойындарының жаңа түрлерін енгізіп,іске асыра білсек,бала

бойындағы бес құзереттілікті дамыта отырып, алға қойған мақсат-міндеттерді

орындап, белгілі нәтижеге жетуге болады.

Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды

ұмытамын.Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын,қатысушы болсам, мен түсінемін»

дегендей, әр баланы ойынға қатыстырсақ, бала барлығын есінде сақтап, болашақта

да көргенін, үйренгенін жасайды.Сондықтанда бала тәрбиесінде жақсы нәтижеге

жету үшін көптеген рухани құндылықтарға бай өте көп жұмыстар жүргізуіміз керек

деп санаймын.

 

Осы  жоба 

бойынша  жеткен  жетістіктерім:

 

1. «Рухани

жаңғыру» бағдарламасы аясында Астананың 20-жылдығына арналағн «Білім берудегі

педагогикалық инновациялардың жаңа белестері» Халықаралық Форумда  шебер 

сынып  өткізгенім   үшін  грамотамен   марапатталдым.

 

2. Аудандық «Үздік 

тәрбиеші -2018» байқауына қатысып, 

осы  жоба  бойынша 

шеберлік  сыныбын   көрсетіп, 

«Зерттеуші  педагог»

номинациясына  ие болып,  грамотасымен марапатталдым.

 

 

Просмотров: 777


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст