«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Рухани жаңғыру аясында қазақтың асық ойындары арқылы балаларды рухани – адамгершілікке тәрбиелеу”.

15.08.2018

“Рухани жаңғыру

аясында  қазақтың  асық  ойындары

арқылы балаларды  рухани – адамгершілікке тәрбиелеу”.

 

Мақсаты: Халқымыздың

ата-дәстүрін жаңғыртып, жас ұрпақтың санасына сіңіру, балаларымыздың асық

ойынына деген қызығушылықтарын арттырып, ұлттық ойындар туралы білімдерін

жетілдіру.

 

Міндеті:Қазақтың ұлттық ойынын

меңгерту. Асықты үй жануарларынан алатынымызды дәлелдеу. Ұлттық ойынның қажет

екеніне көз жеткізу.

 

Жобаның өзектілігі: Қазақтың ұлттық ойыны- асық,ол туралы оқып білу. Бүлдіршіндеріміз

ғаламтордағы анимациялық топтамалар мен ойындарға әуес болып барады.

 

Нәтижесі: Егер қазақтың ұлттық

ойындарында асықтың түрлерін дұрыс қолдана білсек, асықпен ойнауға деген

қызығушылықпен сұраныс артар еді.

 

Жобаның  мерзімі: 

04.09.2017-22.05.2018ж

 

Ұсыныстар: Ұлттық

ойынымыз асықты неге ұмыта бастадық?

1.Асық ойындарының тәрбиелік мәні зор.Асық ойыны

ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа және сергектікке баулиды.

2. Асық ойыны өзінің түріне қарай баланың күш-жүгерін

арттырып,бір мезгілде бірнеше бала ойнайтын асық ойындарының түрлері жас

баланың намысын оятып, «қатарымнан озсам,мен жеңсем» деген талпынысты бойға

қасиет қылып сіңіреді.

 3. Асықтың атып ойнайтын түрлері

үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан

айналымын жақсартады.

4. Үнемі отырып,тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай

бүгу, жиырылу, ширығу-жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын

ауруларының алдын-алуға оң әсерін тигізеді.

5. Асық ойындары-баланың бойында тұлғалық жақсы

қасиеттерін қалыптастыруға болады.Балалардың зейінділік, есте сақтау

қабілеттері дамиды. Асық ойындары арқылы балалар ұйымшылдыққа үйренеді, топта

бір-бірімен өзара сыйластыққа баулиды.

 

Просмотров: 1158


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст