Технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Сенсорика
Тақырыбы: «Шуақты күндер»
Мақсаты:1. Бірыңғай заттарды
бір сенсорлық белгісі бойынша топтастыруға (көлемі, пішіні немесе түстері)
үйрету.
2. Ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Әдептілікке тәрбиелеу.
Билингвальды компанент: доп – мяч, дөңгелек – круг.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеттері |
Балалардың іс-әрекеттері |
Мотивациялық қозғаушы |
Ойындық жағдайат. Балаларға қонаққа ит келді, ол балаларға өзімен бірге әр түрлі түсті шеңберлер ала келеді және онымен ойнауды ұсынады. |
Балалар итпен амандасып,оны сипалайды. |
Іздену-ұйымдастырушы |
Педагог фланелеграфқа бұлт пен күннің суретін жапсырады да тақпақ оқиды: «Бұлт тығылып орманға, Шықты күнім аспанға. Сондай таза , сәулелі, Жетсе егер қолымыз. Даярмыз аялап ұстауға». Педагог өлеңді тағы бір оқып шығады. Сөздік жұмысы: шуақты күн. Билингвальды компанент: доп – мяч, дөңгелек – круг. -Ал, мынадай түстен (қызыл) бізде гүлдер болады. Фланелеграфқа қояды. - Балалар, бізде не сары түсті? - Ал, көк түсті ше? - Ал, жасыл түсті не? - Ал, қызыл түсті ше? Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. |
Балалар қарайды.
Қайталайды шуақты күн.
-Күн. -Аспан. -Шөп. -Гүлдер. |
Рефлексивті түзетушілік |
«Түрлі-түсті доптар» қимылды ойыны. Педагог балаларға түрлі түсті доптармен ойнауды ұсынды. Педагог мына сөздерді айта отырып, допты балаға лақтырады: «Қағып ал менің қызыл, сары, жасыл, көк добымды. Маған лақтыр, жасырма оны!»Педагог әрбір баламен жеке-жеке ойнайды. «Секір добым асықпай, Ойнасын барлық балақай!» Балалардың жұмысын мадақтап,итпен қоштасты. |
Балалар педагогтың алдындағы бос орынға отырады. Бала допты кері қарай педагогке домалатады. Балалар доптың екпінімен секіреді.
|
Нені білу керек:композициядағы түсті ажыратуды, белгілеуді білді.
Қандай түсініктерді игерді: қимыл-қозғалыстағы ептілік пен үйлесімділік дағдысын игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:түрлі-түсті
шеңберлерден композиция жасауды меңгерді.