«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тамақпен улану

02.08.2018

Тамақпен  улану

Тағаммен  улану  дегеніміз- 

микробтардың  белгілі  бір  түрімен,  олардың

шығындыларымен,  токсиндерімен  ластанған  немесе  адам

ағзасына  улы  әсер  ететін микробты  емес  заттармен

ластанған  тағамды  жегенмен жедел пайда  болатын  аурулар.

Барлық  уланулардың  ішінде 

90-95 %  ке  дейін   микробты  уланулар кездеседі.

Тағамдық  токсикоинфекциялар

Тамақ  жегеннен  кейін, егер 

ол  тамақ  әлсіз  патогенді  тірі  ауру 

қоздырғыштармен  және  оның  токсиндерімен  өте 

көп  мөлшерде  ластанған  болса,   жедел 

туатын  ауру.

Тағамдық 

токсикоинфекция-  тамақ  ішкеннен кейін,  аяқ астынан 

көп  адам  ауырады,  ол  тамақты  дайындағанда, 

тасымалдағанда, сақтағанда  немесе  сатқанда  белгілі  бір

санитарлық  ереже  бұзылғандықтан  болған,  ол 

тамақты сатуды  немесе  қолдануды  тоқтатқаннан 

кейін   адамдардың  ауырғаны да  тоқтайды. Жасырын 

кезең  орташа  есеппен 6-24  сағат  аралығында.

Тағамдық  токсикоинфекциялар  ішінде жиі  кездесетіні 

-сальмонеллез. Сальмонеллез инфекциясының  негізгі  көзі 

болып,  ауыл  шаруашылық  жануарлары,  әсіресе  ірі

қара  мал  және  үй  құстары  табылады. Ауру

 жануарлардың  нәжістерінен,  кіші  дәретімен, 

сілекейімен,  мұрын  ішіндегі  сұйықтығымен  қоршаған 

ортаға  бөлініп  шығады. Сальмонеллез  көбінесе  етті 

тағамдарды  дайындау  технологиясы  бұзылғанда  туындайды.

Сальмонеллездің  клиникалық  белгілері  әртүрлі 

болуы  мүмкін,  ересектерде  көбінесе  гастроэнтериттік

және гастроэнтероколиттік түрі  кездеседі. Ауру  аяқ  асты 

басталады.  Адам  қалтырайды,  дене  қызуы  38-40 С

–қа  көтеріледі,  жалпы  әлсіздік  пайда 

болады,  басы  ауырады,  басы  айналады, 

буындары  ауырады,  іші   ауырады,  кейінірек  оған 

іш  өту  қосылады. Жалпы  интоксикация симптомдары, 

асқазан  ішек  жұмысының  бұзылуы  байқалады. 10-12

сағаттан кейін аурулардың  жағдайы  нашарлайды,  көзі 

ішке  кіріңкірейді,  адамның  ортаға  реакциясы 

тежеледі.

 

1.Ішекқұрт аурулары:аскаридоз,энтеребиоз,трихинеллез.

Аскаридоз  — адам мен жануарлар денесінде

тіршілік ететін жұмыр құрттардан (нематодтардан) пайда болатын ауру.Ол адам

денесінде жұптасып өмір сүреді.  Жуылмаған көкөністерді,жеміс-жидектерді жегенде, қайнатылмаған

суды ішкенде құрттар адам денесіне түсіп, ауру туғызады. Әсіресе Аскаридозбен  балалар көп ауырады.  Аскаридоздың алғашқы кезеңінде баланың дене қызуы

аздап көтеріліп, жөтеледі, аяқ-қол басында қызарған бөртпелер пайда болады. Аскаридоздың асқынған кезеңінде бала тәңертеңгілік

жүрегі айнып құсады, іші өтеді. Аскаридозды құрттарға қарсы препараттар ішкізу,

асқазанға таза ауа жіберу арқылы емдейді. Аскаридоздан сақтандыру жолдары: қолды сабындап жуу,

жеміс-жидектерді таза сумен жуып жеу, қоғамдық орындарда тазалық сақтау.

2.Инфекциялық аурулар:дизентерия,холера.

Дизентерия:Ол адамнан - адамға тез жұғып, тарайды.

Әсіресе жаз айларында көбейіп кетеді. Кесел ауру қоздырғыштары бар

тамақтардан, ішетін судан, кір ыдыс - аяқтан, лас ойыншықтардан, көбіне

тазаланбаған жеміс -жидектерден, қауын - қарбыздан, көбірек тұрып қалған қолдан

жасалған салаттардан, қаймақ және сүзбелерден жұғады. Сондай-ақ әр адамның жеке

басының гигиеналық тазалығын дұрыс сақтамауынан да болады.Ауру аяқ астынан

басталады. Ең бірінші белгісі –іштіңөтуі.Сонымен қатар дене ыстығы 38-39 градус

шамасына дейін көтеріледі. Алғашқы кезде әлсіздік пайда болып, асқа тәбеті

төмендейді, онан соң аздап іші ауыра бастайды. Аурудың ішінің өтуі 3-5 рет,кей

жағдайда 8-10 ретке дейін болады. Науқас кідірмей

дәрігерге көрінгені және ауруханада емделгені жөн. 

Алдын-алу шаралары:

Тамақ ішердің алдында және әжетханадан кейін қолды сабындап жуу керек.

Көкөністерді, жеміс-жидектерді пайдаланар алдында мұқият тазалап жуған дұрыс.

 

3.Тамақтану улану: бутулизм

Бутулизм  организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық ауру. Ботулизм адамдарға көкөністен,

саңырауқұлақтан, еттен, балықтан технологиялық ереже сақталмай дайындалған әр

түрлі консервіленген тағамдарды пайдаланғанда жұғады. Ауру белгісі 2 — 12

сағаттан кейін байқала бастайды, адамның басы ауырып, ұйқысы қашады, әлсірейді,

лоқсып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, аузы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады.

Бұл аурудан сақтану үшін азық-түліктерді өңдегенде, тасымалдағанда, сақтағанда,

дайындағанда, соның ішінде үйде консервілегенде санитарлық-гигиеналық

ережелерді мұқият орындау қажет.  

 

4.Зат алмасудың бұзылуы: семіздік

Семіздік, май басу — ағзада артық майдың жиналуы, Мұндай

жағдайда майдың пайда болу процесі оның ыдырауына қарағанда жылдам жүреді.

Көбінесе, семіздік үнемі артық тамақ ішкеннен болады. Бұл жерде қабылдайтын

тағамның мөлшері мен калориясынан гөрі, адамның атқаратын жұмысына байланысты

(ой еңбегі не дене еңбегі) тағамды организмнің қалай сіңіретіні үлкен рөл

атқарады. Сондай-ақ семіздікке дұрыс тамақтанбау, тәуліктік рационда сіңімді

көмірсулар, қант, кондитерлік, тәтті тағамдар мен мал майларының (сары май,

майлы ет) мөлшерден тыс көп болуы және организмнің тұқым қуалаушылық — дене бітімдік

ерекшелігі де белгілі бір дәрежеде себеп болады. Емі: диета сақтау, май,

көмір, су және калориясы аз, бірақ белогы мен витаминдері мол тағамдарды ішу

керек; дәрігердің кеңесімен тәбетті төмендететін дәрі ішу және ашығу күнін

белгілеу; суға шомылу, массаж жасату, спортпен шұғылдану қажет. Шипажай,

санаторийлерде емделу де пайдалы.

 

 

 

Просмотров: 648


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст