«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Су патшалығына саяхат (Жазғы сауықтыру іс - шара)

31.07.2018

Су патшалығына саяхат

(Жазғы сауықтыру іс - шара)


 Тақырыбы: Су патшалығына саяхат
Мақсаты: 1. Балаларды су және оның маңызы туралы білімдерін бекіту.
2. Тәжірибе жасау барысында бақылағыштық дағдыларын жетілдіру. Саусақ моторикасын дамыту.
3. Шығармашылыққа, қоршаған ортаны қорғауға баулу.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, тәжірибе жасау, ой шақыру стратегиясы, ойын.
Көрнекілігі: Слайд арқылы тақырыптық мазмұнды суреттер. Тәжірибе жасауға арналған құрал - жабдықтар.
Үлестірмелі материалдар.

Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
Балалардың іс - әрекеті
Орындарынан тұрып, өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасап орындайды.
Жыл мезгіліне, айға тоқталу. Жаз, маусым.
- Балалар біз қандай баламыз? Тәрбиешіге қосылып айтады.
Ерте тұрып жуынған,
Тазалықты қуынған.
Судай мөлдір тазамыз,
Суды сүйген баламыз.
Сылдыраған судың дыбысы естіледі.
- Балалар бұл ненің дыбысы екен
- Судың дыбысы
- Дұрыс айтасыңдар.
- Біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы «Су патшалығына саяхат» деп аталады Яғни біз бүгін су туралы білімдерімізді тереңдететін боламыз.
Іздену ұйымдастырушы
- Балалар біз қарнымыз ашқанда не істейміз?
- Ал шөлдегенде не істейміз?
- Су тағы не үшін керек бізге? Балалардың жауаптары.
Теледидардан слайд арқылы сылдырап аққан суды, су тамшыдан құралатынын, суды адамдардың не үшін пайдаланып жатқаны көрсетіліп, түсіндіріледі
Тәрбиешінің түсіндірмесін назар аударып, зейін қоя тыңдайды
Таңғажайып сәт.
Тамшы қыз келеді.
- Сәлеметсіздер ме балалар?! Балалар сәлемдеседі.
Мен сендердің көңілді дауыстарыңды естіп келдім.
Мен Тамшы қызбын.
Біздің бүгінгі тақырыбымыз саған да байланысты. Кел қонақ бол бізге.
Тәжірибе жасау.
1. Су сұйық
Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құйып көрсету
2. Су қатты
Судың мұз күйін көрсету, көру
Балалар жасалған тәжірибелерді қызығып тамашалайды, бақылайды
3. Су мөлдір Су мен сүтті салыстыру.
4. Су тамшы
Тамшылату арқылы судың тамшысын көрсету
Билингвальды компонент: Су – вода, мұз - лед, ташы - капля
Тәрбиешіге қосылып қайталайды
Сергіту сәті.
Су пайдалы адамға,
Шынығамын күнде мен.
Тоңбайды аяз боранда,
Салқын суға үйренген.
(Орындарынан тұрып қимылмен орындайды)
Шығармашылық жұмыс.
1. Орталық: Жапсыру Тамшыны жапсырады
2. Орталық: Сурет /Бейнелеу/ Тамшының суретін бейнелейді

Жұмыстың орындалу реті алдын ала көрсетіліп түсіндіріледі.
Қорыту, рефлексия
Жұмбақ
Суда жүрсе күлімдейді,
Судан шықса өлем дейді.
Бұл не? Балық
Жарайсыңдар!
Олай болса, біз «Балық аулау» ойынын ойнаймыз.
Шарты:
Балалар көлден балық аулайды. Аулаған балығының артында су туралы мақалдың, нақыл сөздің бастапқы сөздері бар, тәрбиешінің көмегімен жалғасын табу керек. Назар аударып тыңдайды.
1. Балық
Сулы жер -... Сулы жер – нулы жер.
2. Балық
Су ішкен... Су ішкен құдығыңа түкірме.
3. Балық
Судың бетін... Судың бетін ашық қалдырма.
4. Балық
Бұлақ көрсең... Бұлақ көрсең, көзін аш
5. Балық
Су бар жерде... Су бар жерде ырыс бар.
6. Балық
Тамшыдан... Тамшыдан теңіз құралады.
7. Балық
Судың да... Судың да сұрауы бар.

Тамшы қыз балалардың бүгінгі іс - әрекеттеріне риза болып, рахмет айтып қоштасады.
Тамшы қызбен қоштасады.
Мадақтау
Қуанышты хабарлама тарату.
Тамшы бейнесі.
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: Судың қасиеттері туралы, судың тамшыдан құралатынын.
Түсінеді: Қоршаған ортаны қорғау керектігін

Просмотров: 2429


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст