Текст
05.12.2025
Сабақтастық жоспарына сәйкес бөбекжайымызға Н.Островский және А.Үкібаев мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері келді. Кездесудің негізгі мақсаты – мектеп пен балабақша арасындағы байланыс орнату, балалардың мектепке дайындық деңгейін бақылау және тәрбиешілермен тәжірибе алмасу болды. Кездесу барысында тараптар болашақ бірінші сынып оқушыларын мектепке психологиялық және оқу жағынан дайындау бағытындағы бірлескен жұмысты жоспарлады. Іс-шара өзара тәжірибе алмасуға, ынтымақтастықты нығайтуға және балалардың мектепке бейімделуін жеңілдетуге ықпал етті.