Текст
04.12.2025
“Креактивті педагог - креактивті бала” тақырыбында әдістемелік кеңес өтті. Кеңестің негізгі мақсаты – педагогтардың шығармашылық әлеуетін арттыру арқылы балалардың креативті ойлауын дамыту. Креативті педагог жаңа идеяларға ашық, ойын және тәжірибеге негізделген әдістерді қолданады. Осындай ортада өскен бала еркін ойлап, қиялдап, жаңашыл шешімдер табуға үйренеді. Сондықтан баланың шығармашылық дамуы ең алдымен педагогтың өз креативтілігінен басталады. Педагогтар өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ жас мамандарымыз да өз пікірлерін білдірді. Алға көптеген жоспарлар қойылды.