«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік педагог - 2021» аудандық сырттай байқауы болып өтті.

22.04.2021

Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың озық тәжірибелерін анықтау және мектепке дейінгі жаңартылып жатқан білім беруде инновациялық технологияларды іздестіру мақсатында, тәрбиешілердің білім дәрежесін шығармашылығын іздемпаздықтарын дамыту барысында «Үздік педагог - 2021» аудандық сырттай байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы білім беру саласын жетілдірудегі жаңашыл педагогикалық идеялармен тиімді білім беру технологияларын насихаттау. Тәрбиенің нысандары мен әдістерін жетілдіріп, оқыту мен тәрбиенің үрдісіне жаңа технологияларды енгізу. Сонымен қатар, шығармашылық ізденісте жүрген педагогтардың тәжірибесін жетілдіру.

Осы байқауға балабақшамыздың І санатты тәрбиешісі Сейтахметова Сәуле Тасболатқызы қатысып, өзінің педагогикалық шеберлігін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі 1-орынға ие болып, балабақшамыздың мерейін аудан көлемінде асқақтатты. Бүгінгі таңда тәрбиеші мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарының арасында өтетін облыстық «Үздік педагог-2021» байқауына дайындық үстінде. Тәрбиешімізге ұжым болып сәттілік тілейміз.

«Ел есіңде бір жыл қалғың келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Баланың ой - өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан.

Сондықтан да шығар белестеріміз әлі алда. Шын білімдінің зейін - зердесі кең, алыстан қарасаң - кербез, жақыннан қарасаң - кішіпейіл. Жүзіне үңілсең - мейірімді, жанына үңілсең - шуақты көрінбек. Міне, осындай кербез, кішіпейіл, мейірімді, шуақты тәрбиеші – Сәуле Тасбулатқызын айтар едім.

Просмотров: 320


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст