Рәміздер
күні
Мақсаты:
Балаларды Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбелей отырып, бір-біріне деген
сыйластыққа және достық қарым-қатынасқа баулу.Қазақстан Республикасының
рәміздері жөнінде түсініктер беру және құрметтеуге тәрбиелеу.Балалардың
ой-өрісін дамыту.
Көрнекілік:
Ту,Елтаңба.
Тәрбиеші:
Қазақстан-туған
елім,ұлы өлкем!
Құшағында қаулап өскен гүлі ертең.
Отаным деп мен өзіңді сүйемін,
Абыройыңды асқақтатам мен ертең
Елім менің, тәуелсіз жерім
менің, .
Күннен алған шуақты өмір деймін.
Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп,
Көк байрағың төбемнен көрінген күн!
-Балалар,
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер туралы»Конститутциялық Заң 2007
жылы 4 маусымда қабылданды.Осы заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан
Республикасында Мемлнкеттік рәміздер күні ретінде аталып өтіледі. Мемлекеттік
рәміздер-бұл кез-келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның
ажырағысыз атрибуттарының бірі.МемлекеттікТу,Мемлекеттік Елтаңба және
Мемлекеттік Әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.(Слайд көрсету)
Ту-мемлекеттік
егемендік пен біртұтастығы білдіретін басты рәмізнің бірі.Ту ежелден елдің
халқын біріктіру жәнеоны белгілі бір мемлекеттік құрылымдағы сәйкестендіру
міндетін атқарып келеді.Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көгілдір түсті тік бұрышты.Тудың
ортасында шұғылалы күннің суреті,оның астында қалықтаған қыран бейнеленген.Күн,арай,қыран
және ою-өрнек алтын түсті.
Тәуелсіз
Қазақстаның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды.Оның
авторы-белгілі суренші Шәкен Ниязбеков.
-Балалар, сендер
Мемлекеттік ту жайлы тақпақтар білесіндер ме?
Ислам;
Көк
аспанда көкпеңбек,
Қазақстан
жалауы
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Ақ ниеті-алтын күн,
Асқақ арман қыраны.
Жалауы бұл халқымның
Мәртебесі,мақтаны
Айдана:
Айнымайды
аспанан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Тәрбиеші:
Балалар
сендер мемлекетіміздің туы туралы тақпақты жақсы біледі екенсіңдер.
Елтаңба –
мемлекеттің басты рәміздкрінің бірі.Мемлекетің мәдени және тарихи дәстүрін
бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық
ерекшілік белгісін білдіреді.
Егеменді Қазақстаның Елтаңбасы 1912 жылы ресми
түрде қабылданды.Оның авторлары- белгілі сәулетшілер Жанарбек Мәлібеков пен
шот- Аман Уәлиханов.
Назерке:Елтаңбасы
елімнің
Неткен әйбат әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада-аспан әлемі.
Самира:Құт,береке,шаңырақ,
Орын
алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Маржан:
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам!
Сымбат:
Алтын
қанат көмкерген,
Шаңырақ
бар,уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жай белгі емес ұғып ал!
Көгілдір түс аясы,
Бейбіт дала елесі.
Тәрбиеші;
-Жарайсыңдар
балалар!Сендер елтаңба туралы да тақпақ біледі екенсіңдер.
Әнұран-мемлекеттің басты рәміздерінің
бірі.Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып,этномәдени
тұрғыдыдан теңестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.
Тәуелсіз Қазақстаның тарихында елімізің
інұраны екі рет-1992 және 2006 жылдары бекітілді.Әнұраның авторлары
Н.Нәжмединов пен Н.Назарбаев.
Рустам: Әнұраным-жанұраным
Айтар
әнім-сөйлер сөзім
Туған жерім-сағынарым
Мың қайталап айтам мұны.
Інжу: Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте
Ералі
: Рәмізім-елдігімнің
белгісі
Білу керек баладағы ең кіші.
Рәміздерім-әнұран,ту,елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Тәрбиеші:
Балалар.бүгін біздер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен кеңірек
таныстық.Қазақстан Республикасы біздің сүйікті де ортақ Отанымыз.Бас
ұранымыз,көгілдір туымыз-біздің болашақ бағымыз,нұрлы таңымыз.
Бақыт бірлік күн
талабы,
Тоқтамайды дүбір әні,
Мәнгі бақи шырқалады.
Республика Әнұраны!
Барлығы Қазақстан Республикасының
Әнұранын шырқайды.