Шынықсаң
шымыр боласын
( Эстафеталық
жарыс )
Жүргізуші:
Құрметті балдырғандар, спортшылар!
Сіздерді «Шынықсаң шымыр боласын» атты эстафеталық жарысқа қатысуға шақырамыз!
Сіздерге зор ден - саулық «жарыста» сәттілік тілейміз. Ортаға жарысқа түсетін
үш топты шақырамыз:
№1топ -«Тұлпар» командасы
№2топ -«Жеңіс» командасы
№3топ -«Қыран» командасы
Командалар сәлемдесуі.
«Тұлпар»командасынан жалынды сәлем.
«Жеңіс»командасынан жалынды сәлем!
«Қыран»командасынан жалынды сәлем!
Жүргізуші: Міне, балалар шықты алаңға, Жас
спортшылар жеке - жеке команда.
Ал, балалар өздеріңді танытыңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанда!
Тақпақ: Денешынықтыру керек бәрімізге!
Нурислам:
Жаттығу
ырғағы қосылады әніме
Денешынықтыру жалқаулыққа жол бермей,
Ауру сырқауды жолатпайды тәнімізге!
Ал, қанекей бір – бірімізді қостаймыз,
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
«Жеңіске» жетеміз деп
Жалынды ұран тастаймыз.
Жүргізуші: «Алақай» деген ұранды ортаға біз
тастаймыз.
Жарысымызды денені қыздырудан бастаймыз.
Эстафета 5этаптан тұрады:
1 - этап «Кім
жылдам?»
Шарты: Доппен секіріп, жылдам келу.
2 - этап: «Жалауды тез жеткізу»
Шарты: Кеглиді айналып жүріп, жалаушаны 2 – балаға
жеткізу
3 - этап: «Жүйрік ат»
Шарты: Шардыекіаяғынақысыпсекіру
4этап: «Шебер»
Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала
допты алып келу.
5 - этап: «Жаңа орын»
Шарты: бірінші бала айналып жүгіреді, екінші баланың
қолынан ұстап, орындыққа отырғызады.
Жүргізуші: Бүгін міне, оң болып әрісіміз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз!