«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бантиктер күні

11.07.2018

Тақырыбы: «Бантиктер күні»

Мақсаты:Балаларға көтеріңкі көңіл- күй сыйлау, ойната отырып,

ойланту.Достыққа шақырып, әсемдікке баулу.

 

Жүргізуші:

Балақай-ау, балақай,

Жаз келіпті алақай!

Сауық-сайран құрайық,

Орнымыздан тұрайық!

Жүргізуші:

Түрлі қимыл қылайық,

Шапалақты ұрайық!

Қошеметке осындай,

Белсенділер лайық!

 

Жүргізуші:

Армысыздар, жас достар!Жайдары жаз

мезгілінің әр күні мереке.Ал, бүгінгі біздің думанымыз «Бантиктер күні» деп

аталады.

 

Жүргізуші:

Ең әдемі де, ең көңілді «Бантиктер

күні» іс-шарасын ашық деп жариялаймыз!

 

Көңілді әуенмен ортаға Күлдіргі мен

Бүлдіргі шығады.

 

Күлдіргі: -Сәлем, құлпырған қыздар!

Бүлдіргі:-Амансыңдар ма, ұлдар!

Балалар:-Сәлем!

Жүргізуші:-Сендер кімсіңдер?

Күлдіргі:-Мен Күлдіргімін, ал мынау менің досым- Бүлдіргі!

Жүргізуші:-Балалар, қараңдаршы бізге қонақтар келді,

Күлдіргі,Бүлдіргі бүгін біздің балабақшамызда мереке, төрлетіңдер!Мақтап жүреді

екенсіңдер, тойдың үстіне топ ете қалдыңдар!

Бүлдіргі:

Балабақша көңілді,

Сәнді неткен айнала!

Гүлге ораған өмірді,

Бантик тағып бар бала!

 

Күлдіргі:

Қызыл, жасыл, сары, көк,

Бантиктердің түрі көп.

Көз тартады бәрі де,

Көлемі де әрі де!

Жүргізуші:- Өздерің тіпті аңғарымпаз екенсіңдер, иә бәрі-бәрі

әдемі!

Бүлдіргі кенеттен Күлдіргінің

бантиктерін тарқатып, қарқылдап күледі.Бүлдіргінің бұл әрекетін ерсі көрген

Күлдіргі жылап жібереді.

Жылаған дауысты естіп ортаға сиқыршы

келеді.

Сиқыршы:

Ахалай,махалай,

Суф-суф-суффф!

Жылағанды жұбатайын,

Ғажап сиқыр жасайын!

Жүргізуші:

-Амансыз ба сиқыршы, бізде мереке

төрлетіңіз!

Сиқыршы:

-Мерекеде мәз болудың орнына,

жылағандарың не?Түсінбедім?

Күлдіргі:

-Жылап отырған мен- Күлдіргі.Өйткені

Бүлдіргі менің бантигімді тарқатып тастады.

Бүлдіргі:-Мен әшейін ойнағаным ғой,

неге ренжи бересің Күлдіргі.

Жүргізуші:

-Әй, Бүлдіргі-ай, бірдеңені бүлдірмесең

көңілің көншімейді ғой сенің!

Сиқыршы:

-Бұларың жарамапты.Қане,Күлдіргі бері

кел, мына сиқырлы матаны жамыл, сонда бәрі ойдағыдай болады.Бірақ, сендер

балалар,менімен бірге сиқырлы сөздерді қатты қайталап жақсылап айтыңдар,

әйтпесе менің жалғыз өзімнің қауқарым жетпес.

Күлдіргі сиқырлы матаны

жамылып.Балалар сиқыршымен бірге сиқырлы сөздерді қайталап айтады:

Ахалай,махалай,

Суф-суф-суффф!

Сим саладин,

Сим-саладин!!!

Матаның астынан баниктері шоқталып шыққан Күлдіргі мәз болады.

Күлдіргі:Сиқыршы, сізге көп рахмет!Мен қайтадан әдемі болдым.

Сиқыршы:

-Бүлдіргі, сенің досыңнан кешірім сұрағың келмей ме?

Бүлдіргі:

-Кешірші досым Күлдіргі, мен сені ренжіткім келген жоқ!Дос

болайықшы, енді бұдан былай ешнәрсені бүлдірмеймін!Уәде беремін!

Күлдіргі:

-Жарайды, тек бұл жолғы уәдең-уәде болсын!

Ойын: «Сиқырлы қалпақ»

Ойынның шарты: Ортаға сиқыршы шығып, қалпағынан түрлі-түсті

шаларды алып шығып сиқыр көрсетеді.Шарлардың бірінен су, бірінен ауа, енді

бірінен құм шығады.Балалар шарлардың сыртына қарап ішіндегісін табуға тиіс.

 

Жүргізуші:

-Керемет сиқырлы ойын болды!Ал енді, білек күшін сынап көрелік.

Ойын: «Кім күшті?»

Ойынның шарты:Дәл ортасында бантикпен белгі қойылған арқанды екі

топқа бөліне отырып, күш сынасу.Арқантартыс жасау.

Күлдіргі:

-Достар, келесі ойнымыз «Кедергілерден өту» ойыны!Қане, мен

мықтымын дегендер шықсын ортаға!

Ойын: «Кедергілерден өту»

Ойынның шарты:Екі команда құрып, түрлі кедергілерден жарыса отырып

өту.

Бүлдіргі:

-Күлдіргі досым біздің ертегілер еліне қайтатын уақытымыз келді,

біраз ойнадық күлдік қайтайық.

Күлдіргі:

-Менің кеткім келмей тұр...

Бүлдіргі:

-Біз бұл балабақшаның қай жерде екенін білдік, жүр енді.

Күлдіргі:

-Жарайды, достар!Келесі жүздескенше аман болыңдар!

Бүлдіргі:

-Иә, балақайлар, сендер өте әдемі, әрі ақылдысыңдар!Сау болыңдар!

Жүргізуші:

-Күлдіргі,Бүлдіргі қалайша сендер осылайша кете бересіңдер?Қане

сиқыршы және балалар бірігіп әдемі бір би билейік!

Флэш-моб: «Я самая!»

Жүргізуші:

Жадыраған, жайнаған,

Шаттанады бар бала!

Күн ұзаққа ойнаған,

Жаз ыстық балақайларға!

 

Жүргізуші:

Құлпырады қыздары,

Неткен мықты ұлдары!

Балабақшам әдемі,

Бәрі-бәрі кәделі!

 

Осымен «Бантиктер күні» іс-шарасы өз мәресіне жетті, аман-сау

болыңдар!

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1724


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст