«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақшадағы Театр

25.03.2021

Мектепке  дейінгі  жасөспірім  баланы  тәрбиелеу  мен  дамыту  ісіне  байланысты  мақсаттарды  шешуде  театр  ерекше  рөл  атқарады. Театр  әр  балаға  қуаныш  ұмтылмас  әсер сыйлайды, оның  көркемдік  талғамын, еліктеуі  мен  қиялын  дамытады.

   Әдетте  адамның  жеке  басының  қасиеттері  бес  жасқа  дейін  қалыптасады  екен.  Сондықтанда  да баланың  жан-жақты  қалыптасуы  үшін  мектеп  жасына  дейінгі  бүлдіршіндердің бойына  жақсы,  жағымды  қасиеттерді  сіңіре  білу  керек.  Бала әр нәрсеге  құмар, қызыққыш,  ол  өзінің айналасында  болып  жатқан  өзгерісті,  тамаша  құбылыстарды  сеізінуге  тырысады. Оның  жан-жақты  дамып,  жеке  тұлға  болып  тәрбиеленуіне,  тілінің  дамыуын  театрландырылған  ойындар  арқылы  жетілдіруге  болады.  Ал  театрландырылған  ойындарды  балалар  қызықтап  ойнайды.  Театрландырылған  ойындар  желелі  рөлдік  ойындардан  тек  желісі  ғана  емес,  содай-ақ ойнау  іс-әрекетінің   сипатымен  ерекшеленетіні айқындалған.  Театрландырылған  ойындар  ойын – қойылымдары  болып  саналады,  бұл  жерде  балаларға  арналған  көркемдік  шығармаларды  саханалық  қойылымдарға  айналдырып, оларды  кейіпкер  ретінде  қатыстырудың  маңызы зор. Баланы саханада  кейіпкер  ретінде ойната  отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты  ояту. Бүлдіршіндер саханада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.

   Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көрністеріне таңқалдырып,өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді.

   Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы  ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.

 

 

 

 

 

Просмотров: 346


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст