Мен және менің дене мүшелерім
( «Қарлығаш»
екінші кіші топ)
Мақсаты: балаларға
–дене мүшелерін білуді, айтып ажыратуды үйрету. Денсаулықтарын күтіп салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Гигиеналық талаптарды орындауға тәрбиелеу. Көрнекіглігі: Адамның
денесі және жеке дене мүшелері салынған плакаттар, суреттер. Әр балаға дене мүшелері бөлшектері салынған конверт.
Сабақ
барысы: - Балалар, бүгін біз
өз дене мүшелеріміз туралы әңгімелесетін боламыз. Тақтадағы суреттерге қараңдаршы, бұл суреттерде не салынған. (Балалар мүшелерді
атайды).
Бұл біздің дене мүшелеріміз, және адамның суреті. Осы суреттегі дене мүшелерін
атап, оларды өз денемізде көрсетейік.
– Мынау
не? (бас). Балалар атап өз бастарын көрсетеді.
Басымызда қандай мүшелер тағы бар? (көз, мұрын, құлақ). Балалар
суреттегі мүшелерді атап, өз денелеріндегі мүшені көрсетеді, адамға не үшін
керек екенін айтады.
(Мойын, кеуде,қарын, қолдар, аяқтар,т.с.)
Кенет, есік қағылады.
–Балалар, бұл кім екен? (Есікті ашады). Ішке дәрігермен Дымбілмес
кіреді.
–Сәлеметсіңдерме, балалар. Дымбілмес дене мүшелері туралы білгісі
келеді. Ол ойнап жүріп денесінің бір жерін ауыртып алыпты, алаырған жері қалай
аталатынын білмейді, сендер оған көмектесесіңдерме?
-Отырағой,
Дымбілмес, балалармен бірге қайталап, дене мүшелерінің атауларын жаттап ал,
сонда қай жерің ауырғанын біліп, дәрігерге айта аласың.
–Балалар,
мүшелеріміз сау болу, ауырмау үшін не істеуіміз, оларды қалай күтуіміз
керек?
Б-р:- жуынамыз, шашымызды
тараймыз, тырнақтарымызды аламыз.
–Дұрыс, деніміз сау болып өсу үшін тазалық сақтауымыз керек, дәрумендер
жеуіміз керек, қыста суықтан, жазда ыстықтан денемізді қорғаймыз. Ал ауырсақ дәрігерге
барып емделеміз.
–Балалар, дене мүшелері туралы ертегі тыңдайықшы.
–Бір
күні бас, кеуде, мойын, қол, аяқ денеге ең қажет мүше қайсысы екенін біле алмай
дауласыпты. Бас бірінші болып былай депті: «Мен бәріне басшымын, Көз, Құлақ; Мұрында
менде. Мен болмасам ештеңені көрмей, естімей, иісті де сезбей, сөйлей де алмай,
тіпті аштан өлер еді». - «Ал егер мен болмасам сені арлы-берлі жан-жаққа
кім бұрар еді?» деп дауласа кетті мойын да. Осы кезде: «Достар, білесіңдер ме,
егер біз болмасақ жүкті әрлі-берлі тасу, тамақ дайындау, ішу, кірді жуу, сурет
салу, ойнау да өте қиын болар еді »-дейді қолдар. Көп ойланып кеуденің де
шыдамы кетті. «Мен, мен ше?! Егер мен болмасам адам, адам болар ма еді?». «Ал
егер біз болмасақ не істер едіңдер? Ешқайсың аяқсыз ешқайда бара алмайтын едіңдер.Күні
бойы біз сендерді бақшаға, жұмысқа, дүкенге апарамыз. Күні бойы жүгіреміз»-деді
аяқтар. Бұл дау ұзаққа созылар еді... Ұйықтап жатқан Арман өз түсінен шошып
оянып кетті.
–Ал сендер,
балалар, қалай ойлайсыңдар, адамға ең керегі қай мүше?
Б-р:-Бәрі де керек.
–Дұрыс,
балалар, енді шеңберге тұрып «Күн шуағы» деген ойын ойнайық.
–Күн
шуағы сендердің көздеріңді, беттеріңді сипайды, алақанымызбен күннің нұры сипаған
жерлерді сипаймыз. Денемізді, қолдарымызды, аяқтарымызды сипаймыз.
Сергіту сәт. «Сұр қоян жуынып жатыр»
Д/о «адамның денесін құрастыр».
Денсаулық ол шынаққан
барлық
дене мүшесі
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық- ол күлуің, көңіл-күйің
жадырай
Денсаулық
ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай. -Балалар,
дәрігер мен Дымбілмес екеуі сендерге дене мүшелерің сау болу үшін дәрумендер әкеліпті. (Балаларға алма таратады).
Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталады, барлықтарыңа рахмет, сау-сәлемет
болыңдар.
Келесі кездескенше!