ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет
салу.
Тақырыбы: Қардағы іздер.
Мақсаты:
а) қағазға қылқаламмен дақ түсіре
білуді үйрету, бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
ә) жануарлардың қимыл-қозғалысын және
іздерін қарға түсіріп жаттығу;
б) табиғаттың әсемдігін сезіне білуге
тәрбиелеу.
Қолданылатын
көрнекі құралдар: демонстрациялық
материалдар, «Қыс көрінісі» суреті.
Қажетті
құрал-жабдықтар: ақ қағаз, қоңыр, көк
түсті бояу (гуашь), қылқалам, ойыншық аңдар.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Педагог серуен кезінде қардағы адамдардың, ит-құстардың іздерін көріп бақылағандарын және өздері де қарға із түсіріп көргендерін еске түсіреді. Аюдың қорбаңдап жүретінін, қоянның секіріп жүретінін, құстардың жем шоқып жегенін әңгімелейді. - Міне, сендердің алдарында ақ қағаз, сендер оны «қар жамылған дала» деп елестетіңдер. Ақ қарға ешқандай із түспеген, әлі ешкім де, нәрсе де жүрмеген. Осы ақ қардың үстіне бояумен із түсіріп көрейік. Енді мына қоянға көмектесейік, ол қарда қалай жүреді екен? Ақ қағазаға бояумен із түсіріп көрсетеді. - Бұл ненің ізіне ұқсайды?
Мына ойыншықтарды қағаз бетіне жүргізіп көріңдерші.
|
Балалар алдын ала бақылау кезінде көргендерін естеріне түсіреді. Әңгімелеп береді. |
Ұйымдастырушылық- ізденістек |
Балалардың жұмыс барысында ұқыпты жұмыс істеулері қадағаланады. - Енді орнымызға отырып, қылқаламның ұшын қатты баспай, кішкене-кішкене дақтар түсіре отырып қоянның ізін саламыз. Педагог қылқаламды кез келген бояуға батырып, оның ұшын ғана қағазға тигізу арқылы қоянның ізін қалай салуға болатынын, қағаз бетіне дақ түсірудің жолдарын көрсетеді. Қоян секіріп-секіріп жүретіндіктен, арасан алшақ немесе жақын да орналастыруға болады. «іздер», «дақ түсіру» сөздеріне түсініктеме беру үшін сөздік жұмыс жүргізіледі. - Балалар, енді музыка әуенімен аңдардың қимыл-қозғалысын қайталап көрейікші. |
Балалар қылқаламды бояуға батырып, қағазада дақ қалдырады, яғни із түсіреді.
Балалар педагогтің сұрағына «аюдың» немесе «адамның» деп өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Ойыншық аңдарды қағаз бетінде жүргізеді. Қайтадан орындарына отырған соң, қылқалам ұшын қатты баспай кішкене дақ түсіре қоянның ізін салады.
Балалар жұмыстарын аяқтап, орындарынан тұрып, музыка әуенімен аңдардың қимыл-қозғалысын қайталап көрсетеді. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Кейбір балаларға жеке нұсқаулар беріледі. Басшылық жасалып, жақсы жұмыстар мадақталып, іс-әрекет барысы қорытындылады. |
«Қояным» ойынын ойнайды. |
Күтілетін
нәтиже:
Біледі: қыста қарда оның үстімен жүріп өткен адамдардың, аңдардың
іздері қалатынын.
Игереді: аңдар туралы қарапайым түсініктерді.
Меңгереді:
қағазға қылқаламмен дақ түсіре білуді,
бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын.