«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баланың балабақшаға бейімделуі

24.01.2017

Ата-аналар жиналысы:

Баланың балабақшаға

бейімделуі.

Мақсаты:  Бала тәрбиесіндегі

балабақша мен отбасы ынтымақтастығын

нығайту. Балалардың мінез - құлқы, бейімі,

қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек

зерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиеші

үштігі арасында өзара сенім мен

сыйластық орнауына ықпал ету.  Бала тәрбиесіндегі ата- ананың

алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;

Отбасы мүшелінің арсындағы

бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым-

қатынасты қалыптастыру;

Жоспар

1.Кіріспе сөз

2.Баланың балабақшаға бейімделуі (баяндама оқу).

3.  «Зерек бала» бағдарламасы

4. «Балалардың балабақшадағы бір күндік өмірі» 

(слайд)

Тәрбиеші:               

Құрметті ата - аналар! Сіздерді біздің балабақшада

көргенімізге қуаныштымыз. Өзімді

таныстырып өтсем, екінші сәбилер «Балапан»

тобының тәрбиешісі боламын. Аты жөнім

Бақыт Болатбекқызы Кашкимбаева. Сіздерге

арнап, «Балалардың балабақшаға

бейімделуі» атты баяндаманы ұсынамын.

 Баланың

бейімделуі қашан,

қайда басталады? Әрине бірінші отбасына және балабақшаға

келгенде. Балабақшада

таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады,

мінез-құлық ережелері мен

нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді?

Өкінішке орай

балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді.

Бала тамақ ішпейді,

ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен

араласудан бас тартады да,

қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды

ойынға

қатыстырмайды.

Баланың балабақшаға қиын бейімделу

себептері: басқа адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен;

дәретке өзі отырып

үйренбегендіктен; кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ,

мысалы қызылша,

орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген (картоп,

нан); балабақшаға келген

алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе

ата-аналар жұмыс тәртібін

айтып, баланы күні бойы балабақшада қалдырады. Осының

нәтижесінде күрделі және

созылмалы мәселелер пайда болады.

     Балаңызбен үйде сөйлесесіз

бе, оны мақтайсыз ба,

оны жақсы көретініңіз туралы айттыңыз ба? Ата-аналардың

балаға эмоцияналдық 

әсері көбінесе жағдайды қиындатады. Әр

отбасында бейімделудің үш түрі бар: жеңіл

түрі – баланың мінез-құлығы 10-15

күнде қалпына келеді; орташа ауырлық

бейімделу – 1 айдың ішінде; ауыр бейімделу

– 2 айдан 6 айға дейін өтеді.

     Қобалжулары қатты

ата-аналардың балалары да

балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені ата-анасының қобалжуын

көріп, баланың

қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата-аналар балаға

көмек беруі керек.

 Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:

-        Баламен

тез қоштасып үйреніңіз. Қоштасуды созбаңыз. Бала сіздің

қобалжығаныңызды көріп, тыныштануы ұзаққа созылады.

-        Балаңыз

сізге сенсін десеңіз, балабақшаға әкеліп, көрінбей қашып кетпеңіз.

-        Балаңызға

ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және соны қатал ұстаныңыз.

-        Балабақшаға

барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып, балаңызды алдарқатпаңыз.

Балаға анық түсінік беру керек. Бір рет болсын баланың

дегенін істесеңіз

әрі қарай баланы көндіру өте қиынға түседі. 3 жастағы

балалар үшін балабақшаға

бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың

эмоциялық жағдайы көп

өзгеріске түседі.

Сондықтан құрметті ата- аналар сіздерге кеңес ұсынамын:

-   Баланызбен үйдегі жағдайда

 топтың күн тәртібімен бірдей етіп,

ұйымдастыруға тырысыңыз.

-   Балабақшаның тамақтану ас

мәзірімен танысып , баланың үйдегі тамақтануына,

балабақшада ішетін тамақтар

түрін қосыңыз.

-  Үйдегі жағдайда баланың өзіне-өзі

қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын

сүрту, шешіну, өз

бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану,

горшоққа сұрану. Киімдері

міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не

болмаса көйлектер замоксыз,

белдеушесіз.

-  Баланың «әлеуметтік көкжиегін»

кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек

ойнатыңыз, жолдастарына

қонаққа барсын,  әжесіне де қонуға қалсын

т.с.с.  Осындай тәжірибе

жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында

тез үйренісіп, тіл

табысатын болады.

-  Баламен жағымды эмоционалдық

жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата-ана жағынан болуы

қажет, балабақша туралы,

оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп,

аймалап, жиі оған өз

мейіріміңізді көрсетіңіз. Сіздер көбірек осындай 

жылылық білдірсеңіз

сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың

көзінше балабақша туралы

өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

-  Жоспарлаңыз: балабақшаға бірінші

келген мезгілінде балаңызды бірінші күні-ақ күн ұзағына

қалдырмауды.

Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада 3-4

сағат, одан әрі түске

дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні

бойына қалдырылады.

 

-  Бейімделу мерзімінде үйде демалыс

кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен

жасау, күн тәртібін сақтау,

эмоциялық жүктемесін түсіру қажет.

- Балабақшаға тек ауырмай келуі қажет. Вирустік

аурулардан сақтану үшін түрлі дәрумендер пайдалану қажет, мұрын қуыстарын

оксолин

  жақпасымен сылап тұру қажет.

- Егер сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңызбен

бірге бөтен адамдарды жатырқамаса,

ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен

мейірімді

болса, балабақшаға келген күннен бастап-ақ үйреніп

кететініне сеніңіз.

  «ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім

беру жаңа стандарты»

бойынша біздің балабақша «Зерек

бала» бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. (тәрбиеші оған сәйкес

слайд көрсетеді)

Бағдарлама, ең алдымен, балалардың жеке және біріккен

әрекеттерін тиімді ұйымдастыру барысында жас

ерекшеліктерін ескере отырып, жеке

даралықты, денені дамытуға, психикасын және

эмоционалды жетістігін нығайтуға

бағытталған. Осыған байланысты бағдарлама 5 сала арқылы

іске асады. Олар

шығармашылық, таным, қатынас,әлеуметтік орта және

денсаулық.

Бала дегеніміз –болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек

болашағымыз солай болмақ. Келешекте  балаларымызды білімді де мәдениетті,

тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. Сондықтан

құрметті ата-аналар егерде біз әрқашанда осындай

ынтымақ бірлігінде жұмыс істесек,сондағана ойдағыдай нәтижелерге жетеміз.

 

 

Просмотров: 1531


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст