Текст
«Балдырған бөбекжай-бақшасында» 31 қантар 2017 жылы «Жауқазын» ересектер
тобында ата-аналарға арналған Ашық есік күні өткізілді. Ата-аналар
«Балабақшадағы бір күнім» тақырыбында балаларының күнделікті ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеттерімен танысып, ашық сабақтарға қатысты. Қарапайым математикалық
ұғымдарды қалыптастыру сабағында «6 саны және цифра» ашық сабағы, «Ақшақардың
сүйікт» достары» тақырыбында сүрет сабағы қызықты да тартымды өтті. Сонымен
бірге «Көңілді эстафеталық ойындар» өткізілді. Түстен кейін үйірме жұмыстарында
«Мақта қызбен мысық» ертегісін музыкалық қойылымын ата-аналар тамашалады. Ашық
есік күні ата-аналар өздерінің балаларының бір күндік балабақшадағы өмірімен
толық танысып, өздерінің тәрбиешілерге алғысын айтып кетті.