«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аквариумдағы балықтар

02.02.2017

Тақырыбы: Аквариумдағы  балықтар.
Мақсаты: Тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру.
Тірі табиғатқа деген қызығушылықтарын,сүйіспеншіліктерін арттырып,оның әсемдігін сезіне білуге,оларға қамқор болуға баулу.
Балықтардың дене мүшелері,тіршілігі және іс-әрекетімен таныстыру.

Сөздік жұмыс:Желбезек,жүзбе

қанаттары,қабыршық,алтын балық.

                           Аквариумдағы  тірі балықтар.

Іс-әрекет кезеңдері:

Мотивациялық –қозғаушылық.

Шаттық шеңбері:

Алақанды ашайық,

Күннің көзін салайық,

Жүрекке оны сыйлайық,

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық!

(Слайд алтын балықтан хабарлама келеді. Алтын балықтың тапсырмасын орындау)

-Балалар,балықтар қайда тіршілік етеді?

-Суда.

-Дұрыс айтасыңдар.

-Балалар,балықтардың дене бітімі қандай пішінге 

ұқсас екен?

-Сопақша.

-Балалар мынау балықтың басы. 

Басында  желбезегі болады. Осы

желбезегі  арқылы демалады. Ал денесінде қабыршықтары

бар.  Денесінің бауырындағы жүзбе қанаттары.

Осы жүзбе қанаттары арқылы балықтар  суда

еркін жүзе алады.  Ал денесіне жалғасқан  құйрығы..Балалар  балықтарды адамдар не үшін пайдаланады ?

-Тағам ретінде.

-Балалар,тағам ретінде пайдаланбайтын, әсемдікке үйде ұстайтын балықтардың түрлері

де болады екен.

-Балықтар қандай ыдыстың ішінде жүзіп жүр екен?

-Шыны ыдыста.

-Бұл шыны ыдыс «Аквариум» деп аталады.

-Аквариумда басқа тағы нелерді көріп тұрсыңдар?

Тастар,шөптер.

-Балалар бұлардың барлығы балықтарға қажет.Олар бұтақтардың,шөптердің арасына

кіріп тығылып жем іздейді. Аквариумдағы балықтар үнемі адамдардың қамқорлығында

болады. Балалар ,қалай ойлайсыңдар балықтардың қарны ашпас үшін оларға не

керек?

-Тамақ керек

-Дұрыс айтасыңдар, әрине тамақ керек. Оларға арнайы дүкендерде сатылатын

мынадай қалтадағы жемдерді береміз.

-Балалар, балықтар тағы құрттар,жасыл шөптер жейді. Балалар аквариумдағы балықтар

күніне таңертең,кешке екі шым-шымнан ғана ас жей алады, одан артық беруге

болмайды.

-Қане балалар, балықтарға жем берейік.(Балалар бірге балықты тамақтандырады)  Аквариум суын апта сайын ауыстырып отыру

керек. Балалар, ертегілерде алтын балық адамдардың тілегін орындайды екен. Мүмкін

біздің де тілегімізді орындап қалар. Бізде алтын баллыққа тілегімізді айтып көрсек

қалай қарайсыңдар?

-Ендеше барлығымыз бір-бірден тілегімізді айтып көрейікші.

-Жарайсыңдар ,балалар. Ендеше орнымыздан тұрып,осы жақсы тілектерімізді ішкі

лебізбен айтып балыққа үрлеп жіберейікші.

-Уф,Уф,Уф.

- Ендеше балалар жұмысымызды бастаймыз.(Балаларды екі топқа бөліп жұмыс жүргізу.)

Сергіту сәті:

Қимылмен қайталап көрсетеді.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Балықтарға ұқсап біз,

Жүзіп-жүзіп алайық.


Рефлексикалық-түзетушілік:

-Жарайсыңдар,балалар! Бүгінгі оқу іс-әрекетіне барлықтарын да жақсы қатыстыңдар.Сендерге

көп-көп рахмет!

Жасай алуы: Тәрбиешінің тапсырмасын жауапкершілік пен орындап,өздігімен ұқыпты

іс-әрекет жасай алуы.









Просмотров: 1004


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст