«Балдырған»
бөбекжай-бақшасында жалпы ата-аналар жиналысы болады. Күн тәртібінде «Отбасы.kz» порталының құрылғанын
және белсенді жұмыс жасайтыны туралы мәлімдейміз. Порталдың құрамы сегіз айдардан тұрады. Олар: «Басты бет», «Мамандар», «Медиа-форум»,
«Жазылу-жіберу», «Жеке кабинет», «Құқықтық
база», «Форум», «Балаларға арналады» айдарларымен таныса алатындарын
хабарлаймыз. Сондай-ақ «Жеке кабинет»
ашып, бала тәрбиесіне
қатысты өз ойларын және өз
материалдарын орналастыра алатынын
таныстырып өтеміз. Балабақшада қаңтар
айынан бастап, ата-аналарға арналған «Ашық есік күні» жобасының әр
топтардағы өткізілетін уақытымен
кесте бойынша көрсетіп, таныстырып
өтеміз.Сонымен қатар балабақша меңгерушісі Сайфуллина Т.К. ата-аналарға балабақшаға төленетін төлемақыға өзгерістер енетінін хабарлайды.
Балабақшадағы ас мәзірінде
күнделікті пайдаланатын тағамдардың қымбаттауына байланысты
төлемақыға да өзгеріс енетінін
мәлімдейтін болады.