«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ата-ана, балаңыздың денсаулығын сақта!»

09.02.2017

«Ата-ана, балаңыздың денсаулығын сақта!»

Мақсаты: Отбасы мен балабақша

арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балалардың дене қимылдарын дамыту.

Шапшандылық, ептілікке үйрету, жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына

жолдауында айтылғандай,“Салауатты өмір салтын” үстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің

бірі болып отыр.

Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты,жан-жақты

жетілген,парасатты,мәдениетті,дені сау азамат өсіру отбасының балабақшаның

жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.Балабақшамыздың негізгі мақсаты

болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы дені сау сымбатты

шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы «Ата-ана, балаңыздың денсаулығын сақта!» атты отбасылық сауықтыру кешіне  қош

келдіңіздер!

Жүргізуші:

Денсаулық – ол күлуің,

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық – ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай –деп  шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Ата-аналармен бірге жаттығудан бастаймыз. Ата-ана –бала- тәрбиеші.

Ата-аналар үйге берген тапсырмаларын (СПОРТ 

ҚҰРАЛЫН ДАЙЫНДАУ) балаларымен бірге көрсетіп, және денсаулығымызға не үшін

қажет екенін қысқаша айтып береді.

Назерке, Нағима анасымен  «Сиқырлы лента»

Жүргізуші:

Бала өсірген ата-ана,

Бала болып ойнайды,

Бала тәрбиелеген тәрбиеші,

Бала болып ойлайды- деп арі қарай жалғастырамыз.

Арсен, Айна анасымен «Массажға арналған қолғап»

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаттығуды бастаймыз.

 

 

Инжу, әкесі

Денсаулық -ол шыныққан

Дарлық денең мүшесі.

Денсаулық-ол тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі.

 

Ойын «Жаңбыр жауды, күн шықты» ата-аналармен бірігіп ойнаймыз.

Мақсаты: Балаларға табиғат құбылыстарын сезіне

білуге үйрету.

Ойын шарты: Бір ата-ана күн,

екінші ата-ана жаңбыр болады.Күн болып тұрған ата-ана  «Күн» деп орнынан тұрғанда балалар жүгіреді,

ойнайды. «Жаңбыр» деп екінші ата-ана  орнынан тұрғанда барлық бала бастарын жасырып,

қолшатырдың астына тығылады.

Қимылды ойын:  Хоккей

   Мақсаты: Балаларды,

ата-аналарды  ұжымшылдыққа,

адамгершілікке баулу.

Ойын

шарты: Балалар ата-аналармен бірге қатарға тұрады

екі команда болып межеге дойбыны қай команда бірінші апарады сол топ бірінші

орынға, марапатқа ие болады. Ал ұтылған топ таппақ не өлең айтып өз өнерін көрсетеді.

Тәрбиеші:

Балақай!

Болсаң да әлі қаршадай

Ойнау үшін шаршамай

Оқу үшін мектепте

Ашу үшін тәбет те

Құру үшін сен сауық

Керек жақсы денсаулық.

 

Ата-аналар:

Нағима

Ата-анамыз, ұстазымыз,

Бір тілек айтарымыз:

Берекелі заман болсын,

Балаларымыз аман болсын!

Сәуле

Жиырма бірінші ғасырда,

Ашық аспан астында,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын,

Жанұяларыңыз қуанышқа толсын,

Бүгінгі тәрбие сағаты

Денсаулық жайлы сөз еткен.

Көп нәрсені ұғып алдық

Кетпейтұғын мәңгі естен.

Жүргізуші:

 

Бүгін міне

оң болып,әр ісіміз,

Жоғары боп

күш-жігер,намысымыз

Осылайша қуанышпен

думандатып,

Аяқталды

халайық іс-шарамыз!

Просмотров: 302


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст