«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңартылған Стандарт негізінде «Қатынас» саласы бойынша драма сабақтарының баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы маңыздылығы.

21.02.2017

Жаңартылған  Стандарт 

негізінде  «Қатынас»  саласы 

бойынша  драма  сабақтарының  баланы жеке  тұлға ретінде қалыптастырудағы  маңыздылығы.

 

 

Бүгінде  мектепке дейінгі тәрбие  мен білім 

беру  жүйесінің жаңаруына  жан-жақты 

жетілген,  ұлттық  сан-сезімі, 

ұлттық  психологиялық  нышандары 

қалыптасқан,  рухани  байлығы 

дамыған  ертеңгі  еліміздің 

болашағы ,бүгінгі  бүлдіршіндерімізді  тәрбиелеу—мектепке  дейінгі 

мекемелердің басты  міндеті  болып 

табылады. Еліміздің  айқын  мақсатының 

бірі- бәсекеге  қабілетті  жас  ұрпақты  жан-жақты 

жетілген  парасатты  азамат 

етіп  тәрбиелеу .  «Ел 

боламын десең, бесігіңді  түзе» -

деп ұлы  жазушы  М.Әуезов 

айтқандай , тәрбие  тал  бесіктен 

басталуы  тиіс.Тек  отбасында ғана  емес, балабақшада тіл  үйреніп, 

халқымыздың  салт-дәстүрін  бойына 

сіңіріп,  құнарлы  бай  әдебиетімізден  нәр алып өскен баланың болашағы  қашан 

да жарық  болары  сөзсіз.Атақты педагог Ы.Алтынсарин «Бала

кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті

нәрсенің бәрін де ертегіден алады»-деп атап айтқандай қай бала болмасын

кішкентайынан анасының өзіне айтқан бесік жырынан бастап, өсе келе ертегіні тыңдап

өсетінін өмір тәжірибесінен білеміз.Бала тәрбиесінің алтын кілті  халық педагогикасында деуге толық негіз бар.Өйткені

халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайырымдылықты,мейірбандықты

дәріптейді. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің 

маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген, ешқандай жоғары білімсіз-ақ  дана халқымыз 

тәрбиенің бастауын ертегілерді айтып берумен бастағанын білеміз.

Ертегілер,санамақтар, әңгімелер бүлдіршіндердің тіл байлығын дамытудың негізгі құралы

болып табылады. Қазіргі кезеңде білім беру жүйесі заман  талабына сай 

үздіксіз дамып келеді. Сондықтанда 

мектепке дейінгі  білім

мекемелерінде  биылғы жылы  Жаңартылған 

Стандарт бойынша «Қатынас» 

саласына  драма сабағы

енгізілді.  Драма  сабағы 

арқылы  балалардың көркем  шығармаларға деген қызығушылықтарын арттыруға  және шығарма 

желісін сахналау арқылы  балалардың

белсенділігін дамытуға  болатынын  көрсетті. Мектеп  жасына 

дейінгі балалар ертегіні  түсініп қана

қоймай, оны рөлдерге бөлініп, ертегі қойылымдарын  сахналауды 

үйреніп  келеді. Балалар  образға 

кіріп, оны  сомдау кезінде  өздерін 

сахнада тұрған  кішкентай  әртіс ретінде сезініп, бала көңілі шаттыққа

толатынын байқап жүрмін. «Драма» сабағы  әр

балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, әр баланың  көркемдік 

талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.Қазақ  өнер жұлдыздарының  бірі театр майталманы  Ш.Айманов «Театр- адамдарды туыстық қарым-қатынасқа

тәрбиелейтін орта, сахна өнері-тіл жетпес құдіретті өмір шындығын білу, яғни  адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес» деп айтқандай  балалар кішкентай  кезінен сахнаны көріп, өздері  түрлі ертегі кейіпкерлерін ойнау арқылы

сахнаны  танып біліп қана қоймай, образға

кіріп ойнау арқылы сахна құдіретін сезінетінін өзім әдіскер ретінде бақылап жүрмін.

Осы драма сабақтары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілі дамып, сөздік қорлары

толығады, байланыстырып сөйлеуге дағдыланады, дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу

дағдылары қалыптасады, театр өнеріне деген қызығушылықтары артатынын күнделікті

ұйымдастырылған  оқу іс-әрекеттерінен  байқап жүрмін. Біз  балабақшада 

драма сабақтарындағы  ертегілерді

түстен кейінгі уақытта үйірме жұмыстарында 

ары қарай жалғастырып, ертегілерді,  

музыкалық қойылымдарды орта топ пен ересектер тобының тәрбиеленушілері

арқылы сахналаймыз Мұндағы мақсатымыз: мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық

қабілетін театр түрлерін қолдану  арқылы

дамыту болып табылады.Сол арқылы балалардың тіл байлығын арттырып, сөйлеу мәдениеті

мен дүниетанымын дамытып, балаларды адамгершілікке тәрбиелейміз. Театрлық іс-әрекетте

ертегілерді пайдалана отырып, балалардың ой-өрісін дамытамыз, сонымен бірге көркем

шығармаларға деген қызығушылықтарын 

арттырып, ертегіні тыңдай білуге ,есте сақтауға, түсінуге, рөлге бөліп, қазақша

әдемі сөйлей білуге үйретеміз. Балабақшадағы балаларға театр, әртістік өнер,

сахналау, ертегі қойылым, жалпы сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын

арттырамыз.Ертегі қойылымдарын үйірме жұмыстарында сахналауға үйрету кезеңдерінде

балалардың  ертегі кейіпкерлерін ойнау арқылы

өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген

сүйіспеншілігін арттырамыз. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа

дейін қалыптасады екен. Сондықтанда баланың жан-жақты дамыған  жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін

театрландырылған қойылымдар мен театрландырылған ойындардың пайдасы зор екенін

тәжірибеден көріп отырмыз.Қай бала болмасын, әр нәрсеге құмар,қызыққыш, ол өзінің

айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады.

Сондықтанда әр баланың жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің

дамуына театрландырылған ойындар арқылы да жетілдіруге болады.Театрландырылған

ойындар ойын-қойылымдары болып саналады. Бұл жерде балаларға арналған көркемдік

шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың

маңызы зор. Сондай-ақ орта топтың тәрбиеленушілері де үйірме жұмыстарында  қуыршақ театры арқылы ертегілерді рөлдерге бөлініп,

ойнауды үйреніп келе жатыр.Қуыршақ театры балалардың  дүние танымын қалыптастыруда үлкен рөль атқарады.   Қуыршақ театры арқылы балалар сахна мәдениетін

түсініп, өздері таңдаған 

кейіпкерлерді  рөльдерге бөлініп,қолға

киілетін қуыршақтарды ойнату арқылы  ертегі

қойылымдарын қойғанда балалар өздерін ерекше қуанышты сезімде көрсетті. Мінезі

тұйық балалар өздеріне берілген рөльді сомдағанда бойларында батылдық пайда

болатынын байқадым.Кейбір балалар дайындық кезінде «мен осы кейіпкерді ғана

ойнағым келеді» деп өздерінің ниеттерін білдіреді. Қуыршақ театры арқылы көрермен

бүлдіршіндер де жақсы мен жаманды ажыратын болды. Сонымен қатар театрландырылған  ойындарға 

қызығушылықтарын қалыптастыруға қуыршақ театрының қойылымын көру көмектеседі.Балабақшамызда

ересектер тобының балалары қуыршақ театрының қойылымдарын  кіші топтардың балаларына  сахнада көрсетіп, өздерін нағыз әртістерше

сезініп, бір-бірімен қуанышты сезімдерімен бөліседі. Міне балалардың өзін жеке

тұлға ретінде қалыптастыруда осы драма сабақтарында өткен ертегілерін  үйірме жұмыстарында  қойылым жасап шығару арқылы балаларды

адамгершілікке тәрбиелейміз.Қуыршақ театры күнделікті ұйымдастырылған  оқу іс-әрекеттерінде балаларды мадақтау үшін,

олармен амандасып, қоштасу үшін қолданған тиімді екенін тәжірибеден көріп жүрміз.Балалардың

шығармашылығы  тек  рөльдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар

қуыршақтар, декорациялар дайындағанда да көрінді. Қуыршақтардың түр-түрін ,қойылымға

қажетті шымылдықтар, декорация жасау кезіндегі ұжымдық жұмыстарда да балалардың  ұйымшылдығы 

мен белсенділіктерін арттыратынын 

байқадым. Балабақша әдіскері ретінде күнделікті үйірме жұмыстарында   балалар шығармашылығында  балалардың 

тіл байлығын дамытуға және сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын

кеңітетінін  байқадым. Қай  баланы болмасын сахнада кейіпкер ретінде

ойната отырып, оның  жеке тұлғасын дамытуға

зор ықпал жасайтыны белгілі болды. Баланың бойында көркем шығармаға, сахна мәдениетіне

деген құштарлықты оятты.Балабақша  тәрбиеленушілері  сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы

байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де

балалармен тіл табыса білуге үйренетіні көрініп тұрды. Осы театрландырылған  ойындар 

балалардың  ой-өрісін кеңейтеді,

балаларды  әңгімеге араласуға,  ертегі 

қойылымдары  туралы  ата-аналарына, достарына  әңгімелеп 

беруге  үйретті. Бұның бәрі  сөйлеу 

мәдениетінің дамуына, диалог  түрінде  сөйлеп жеткізуге  септігін тигізді деп есептеймін. Жалпы  театрландырылған  ойындарда 

балалардың  шығармашылық  қабілет-мүмкіндіктері  айқын 

аңғарылады. Бұған 

пайдаланылатын  шығарманың  сюжеті мен ойындық қимылдары, оның  мазмұны 

бойынша анықталады, ал рөлдерді 

орындау  тәсілдері  мимика, 

интонация,  дене  қимылдары 

арқылы жасалып, іске  асырылады.Бұл  ойындарда 

балаларға  шығармашылық  жағдайлар 

жасауға, өздеріне тапсырылған  рөлдерді  толық игеріп, кірісіп кетулеріне көп көңіл

аудару  керек екенін түсіндік.

Оларды  тиісті  бейнелерді дұрыс  жасаулары үшін іс-әрекет, қимылдарын көрсетіп,

кейіпкерлердің сөздерін, көңіл-күйін, сезімін, мінез-құлқының  қандай 

болуы керектігін  түсіндіріп, ұғындырып

отыру керек.Осындай  тынымсыз  жұмыстардың арқасында  балалар 

тартымды бейнелер жасайтынына көзіміз жетті. Балабақша  тәрбиешілері 

театралды  ойындарды  балалармен 

бірлесе отырып ойнайды. Тәрбиешілер 

балалардың өздеріне тән  жеке қасиеттерін

анықтай түсу  мақсатымен  жылдың басында және аяғында  театрландырылған  жұмыстар арқылы «Құпия» ойындар өткізіп

отырады.  Бұл ойындарда қабілеті бар

деген балалар  өздерін  еркін ұстайтын, ал ұялшақ , ұяң балаларға жәй

рөлдер беріледі. Осы жұмыстардың арқасында 

өздерін тиісті  рөлдерде ойнай

алатын қабілетті балаларды театрландырылған жұмысқа, яғни үйірме жұмыстарында  ертегі қойылымдарын  дайындауға 

аламыз.Осылайша балалармен жеке жұмыстар жүргізеді. Мысалы: қуыршақты қалай  ұстау 

керектігін, мимика, дауыс ырғақтарын үйретеді. Әр  тәрбиеші театрландырылған  ойындардың мазмұнына  ерекше мән беру керек. Осы ойындар арқылы

балаларды адамгершілік,достық, кішіпейілдік, ерлік,, адалдық,әділдік, шыншылдық

қасиеттерге баулимыз. Әдетте балалардың өздері жақсы көретін

кейіпкерлеріне  еліктеп өсетіні белгілі ғой.

Осыған  қарап, шапшаң, ширақ балаларға жағымсыз

рөлдер  тапсырылады. Бұл  арқылы біз балалардың  шындық 

өмірге тереңірек үңіліп, ненің жаман, ненің жақсы екенін айқындырақ ұғынып,

жаманнан жиіркеніп, жақсыдан үйренуге ,өз қылықтарын дұрыс бағалап, жақсы

кейіпкерлерге еліктеуге  үйретеміз.Топтарда

театрландырылған  ойындарды ұйымдастыру  үшін  қолайлы  жағдайлар жасалған. Әр топтарда  театралды бұрыштар  жабдықталған. 

Біздің  балабақшамызда  «Шалқан» «Бауырсақ» , «Үйшік», «Түлкі  мен  көжектер»,

« Қоянның үйшігі», «Қызыл  Телпек» , «Шұбар

тауық» ертегілерін сахнада  театралды қойылым

ретінде көрсеттік. Балабақшамыздың 

кішкентай  бүлдіршіндері  ертегі қойылымдарын  тамашалап, ертегі аяқталғанда  қуанып, қолдарын шапалақтап, қуанышты

сезімдерін білдірді. Ал осы ертегі қойылымдарында ойнаған  балалар өздерін нағыз әртісше сезініп,

бойларын мақтаныш сезімі биледі. Балабақшамыздағы ата-аналарымызға арналған

«Ашық есік күндері»   осы ертегі қойылымдарын  ата-аналарымызға  да көрсеттік.Ата-аналарымыз  өздерінің 

балаларының сомдаған шағын рөлдерін сүйсіне қарап, тәрбиешілерге , саз

маманына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтып кетті. Өткен жылдың желтоқсан

айында балабақшамызда «Қосымша 

білім  беру  бағдарламалары негізінде үйірме  жұмыстарының 

маңыздылығы»  тақырыбында  аудандық семинар өткіздік. Семинарда балабақшамыздағы  үйірме 

жұмыстары көрсетілді. «Ертегілер 

елінде» тақырыбындағы үйірме жұмысын тәрбиеші Нұрмағанбетова Ә.өзінің  ересектер тобымен дайындаған  «Дос іздеген ботақан»  қуыршақ 

театрын  көрсетті. Осы қуыршақ  театры арқылы балаларды  достыққа, бауырмалдылыққа,

кішіпейілділікке  тәрбиелейтін  мағынасы терең әрі қызықты ертегі қойылымы  семинарға қатысушылардың  көңілінен шықты.  Балалабақшамыздың  саз 

маманы Мұхаметрехим Г. өзінің «Біз 

өнерлі  өрендерміз» үйірме  жұмыстарындағы  дайындаған 

«Мақтақыз  бен  мысық» музыкалық  қойылымын 

ересектер тобының  тәрбиеленушілерінің  қатысуымен 

көрсетті. Қазақ  халқының  ертегісінің 

желісімен  музыкалық  қойылым 

өте қызықты да тартымды  өтті.

Балалар өздеріне  берілген  рөлдерді 

музыка ырғағына  сай бірге  орындап шықты.  Сонымен қатар балабақшамыздың  тәрбиешісі «Көлеңке  театры арқылы 

балалардың  танымдық

белсенділіктерін  арттыру»  тақырыбында 

шеберлік  сыныбын семинарға  келген 

қонақтармен  тәжірибе  алмасу 

мақсатында  өткізіп,

педагогтар  арасында пікір  алысты. 

Мектепке  дейінгі  білім 

мекемелерінде  көлеңке  театрын 

сахналау үшін  топтарда  шағын 

сахнаны ал үлкен  залда  балабақшаның 

балаларына   үлкен  сахнаны 

қалай  жасаған  тиімді 

екенін көрсетіп, өзінің  тәжірибесімен  бөлісті. Шеберлік  сыныбында 

тәрбиеші Серікбаева Г. көлеңке 

театры  арқылы  ертегіні 

көрсетіп, өзінің  іс-тәжірибесімен  таныстырды. 

Балабақшамыздың  тәжірибелі  тәрбиешісі 

Бекмағанбетова Г. «Мектепке 

дейінгі тәрбие  мен оқытудың  үздік қосымша 

білім  беру  бағдарламасы» 

облыстық  сырттай байқауға қатысып,  ІІІ дәрежелі 

дипломмен  марапатталған еді.Осы тәрбиешіміз  өзінің 

осы  байқауға  қатысқандағы 

үйірме  жұмыстарының  нәтижесі мен жетістіктері туралы  баяндама оқып, балалармен  жүргізілген 

жұмыстарын көпшілікке таныстырып, ой бөлісті. Міне  балабақшамызда осы  семинар арқылы  балалар 

шығармашылығындағы  театралды  қойылымдар 

арқылы  баланы  жеке  тұлға  ретінде 

қалыптастыруға  болатынын  көрсете білдік деп ойлаймын. Балабақшамыздың  тәрбиешілері 

баланы  жан-жақты  дамытып 

тәрбиелеуде   бар мүмкіндікті  пайдаланып келеді.  Әр тәрбиеші оқу-тәрбие  жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа  заман талабына  сай, озық 

дәстүр, ұлттық рухында  тәрбиелеп,

сабақты  түрлендіру мақсатында  оқытудың 

түрлі  әдіс-тәсілдерін  пайдаланса, игі  нәтижеге жетуі сөзсіз дер едім.Педагогикалық  үрдісте 

бала жанының қозғалысы 

педагог  жанының  үйлесімін тапқан кезде ғана бала бойындағы  табиғи 

дарынын ашуға  болатынын түсіндім.  Тал 

бесіктен  басталатын бала тәрбиесін

бүгінгі заман  талабына  сай 

жан-жақты жетілдіру, білімді де саналы ұрпақты  тәрбиелеу- біздің басты  борышымыз екенін жақсы білеміз. Сөзімді  қорыта 

келе  Елбасымыздың  «Егемен 

еліміздің  ертеңіне тіреу,

іргесіне сүйеу болатын  жас  ұрпақты 

жан-жақты  білімді етіп тәрбиелеп

жетілдіру  басты назарда болуы  тиіс»- деген 

ұтымды  ойдан  туған сөзімен 

аяқтай келе , еліміздің ертеңі бүгінгі бүлдіршіндеріміздің  болашағы үшін 

тәрбие  мен  білімнің сара жолында ізденуден  еш уақытта 

ізденуден  жалықпайық.

 

 

            Пайдаланылған әдебиеттер: В.И.

Ядэшко Мектеп  жасына дейінгі педагогика

1982жыл.

А. Меңжанова

Педагогикалық  пәндерді оқыту  әдістемесі-Алматы: Рауан. 1996жыл.

С.Бабаев. С. Оңалбек.

Жалпы педагогика  Астана. 2005жыл.

А. Меңжанова.

Мектепке дейінгі педагогика-Алматы. Рауан баспасы 1992 жыл.

 

 

Просмотров: 483


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст