І-кіші
тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық
картасы.
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Құрастыру
Тақырыбы: «Үй және қақпа»
Мақсаты:1. Балаларды құрылыс материалдармен жұмыс жасауға үйрету.
2. Құрылыс
материалдардың түсін,пішінін ажыратуға үйрету.
3.Үй және
қақпаны құрастыруға үйрету..
Қажетті құрал-жабдықтар: үлгі
сурет және құрылыс материалдары.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету,
әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.
Билингвальды
компонент:үй- дом
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеттері |
Балалардың іс-әрекеттері |
Мотивациялық қозғаушы |
Тәрбиеші үлгі суреттен үй мен қаңпаны көрсетіп, қанша тек-шеден және қандай құрылыс материалдары пайдаланылатынын айтады. Үй жасауға, қақпа жасауға арналған ңүрылыс мате-риалдарын таңдайды.
|
|
Іздену-ұйымдастырушы |
Тәрбиеші үйді қалай құрастыруға болатынын текшені алып, оның үстіне ұшбұрышты орналастыруды ұсынады. Үй құрастырып болған соң оның жанына қақпа жасайды. Ол үшін екі ұзын кірпішті тігінен қатар қойып, оның үстіне бір кірпішті көлденең орналастырамыз деп, қүрастырып, көрсете отырып түсіндіреді. Үстел үстіне қалай орналастыруға болатынын айтады, ұсақ ойыншықтарды таратып береді. Қақпадан машинаны жүргізеді, «Үйде кімдер бар?» деген сауал қояды. «Кімнің үйі?» ойыны. Тәрбиеші балалардың құрылыстарын мұқият қарап, дұрыс орналастыруына мән беріп, бақылау мен басшылық жасайды, қажет болғандарға көмек көрсетеді.
|
Балалар алдыларындағы құрылыс матери-алдарынан текше мен ұшбұрышты тауып алып, үй құрастырады. Қақпаны кірпіштерді тәрбиешінің көрсетуі бойынша орналастырып, құрастырады. Дайын болған құрылысқа ұсақ ойыншықтармен ойнау арқылы сабақ жалғасады. Өздері құрастырған үйге қандай ойыншықты кіргізетінін сұрайды. Балалар ұсақ ойыншықтарын көтеріп көрсетеді. |
Рефлексивті түзетушілік |
Балалардың өздері не жасағандары жайында сұрайды, құрылыстарының аттарын атауды, қандай құрылыс материалдарын пайдаланғанын айтқызады.
|
Балалар өздерінің жасаған құрылыстары жайында көңіл күйлерін білдіреді. Не жасағанын айтады. |
Нені білу керек: екі түрлі қүрылысты бір мезгілде жасауды меңгереді және оны
іс-әрекет барысында көрсете алады;
Қандай түсініктерді игерді: үй мен қақпа жасауға қандай құрылыс материалдарын
пайдаланатынын түсінеді;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлемі, пішініне
сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра білуге дағдыланады.