Ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы .
Күні:
9.03.2017ж
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі : Тіл дамыту.
Тақырыбы : Қуыршақты шомылдырып, ұйқтатамыз.
Мақсаты: балаларға дұрыс жуыну ережелерін үйрету,
кіиімдерді ретімен шешуді, киімдердің атын атай білуге үйрету. Қимыл-әрекетті білдіретін
сөздерді меңгерту. Еңбекқорлыққа, тазалыққа баулу.
Көрнекіліктер: шомылдыруға арналған заттар: су, сабын,
сүлгі.
Сөздік жұмыс: сүлгі.
Әрекеттердің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Мотиватциялық - қозғаушылық |
Балалармен сәлемдесіп шаттық шеңберін жасайды. -Топ, топ басайық Жалаудан күн жасайық! Жаса, жаса алтын күн! Жаса, жаса жарқын күн! Тазалық туралы сөйлеседі. Балалар сендер таза жүргенді ұнатасындар ғой. Әр уақытта таза, ұқыпты жүретін балалардың достары нелер, білесіңдер ме? Балалар білмесе көмектеседі. -Сабын, су, сүлгі, айна, тарақ. «Сү-сү-сүлгі» деген буын- сөздің айтыуын қайталатып айтқызып үйретеді. |
Балалар қимыл-қозғалыспен шаттық шеңберін жасайды.
Балалар тыңдай білуге талпынады.
Қайтаталайды. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік
|
Ғажайып сәт. -Балалар бізге қуыршақ Айгүл қонаққа келді. (Қуыршақ Айгүлдің үстінің кір болып кеткенін айтып, менен өзін шомылдыруды өтінеді). -Кәне, балалар .Айгүлді бірге шомылдырайық. Киімін шешіп, таза суға шомылдырайық. Алдымен баскиімін, сонан соң аяқкиімін шешейік .
Киім шешу ретін көрсетеді. Шешіп отырып, киімдерінің аттарын айтып отырады: баскиім, аяқкиім, көйлек. Шешіп болған соң, шомылдырады. Ыдысқа су құйып, сабынмен денесін сабындап, одан соң таза сумен жуындырамыз, болған соң сүлгімен сүртіп, денесін құрғатып, таза киімдерін кигіземіз. Киіндіреді-киіну ретін көрсетеді. Айгүл рақмет айтады.Оның ұйқысы келді әлдилеп ұқтатайық. «Бесік жырын» айтып, Айгүлді ұйықтатады. Қуыршақ балалардың әлдиіне ұйықтап қалады. Сергіту сәті: Ақ қоян-ау, ақ қоян, Ұйқыңнан тұрсаңшы. Бетінді жусаңшы, Айнаға қарасаңшы. Әй-әй көйлек кисеңші! 1.«Не жоқ?» дидактикалық ойыны (киімдердің суреттерімен). Киімдерді тізіп қояды, жоқ киімді табады. Көздерін жұмдырады, біреуін алып қояды. Көру, есте сақтау қабілеттерін дамытады. 2. «Айгүлге қуыршағын жуындыру үшін не керек?» дидактикалық ойыны. Жуындыру үшін қандай заттар керегін суретке қарап айтып,артық затты сызады. |
Қуыршақ Айгүлге таңғалады. Айгүлдің кір болғанына аяушылық таныттды.
Киім шешуге, шомылдыруға, көмектеседі. Қамқорлық көрсетуге ұмтылады. Киімнің шешу ретін, киімнің аттарын білуге, үйретуге талпынады. Тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыстар жасайды. Ойынды қуана ойнайды. Балалардың көңілдері көтеріледі. Жоқ киімді табуға асығады.
Жуындыруға қажетті заттарды айтуға тырысады.
|
Рефлексиялық-
түзетушілік |
Сұрақ жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды. -Шешінерде, бірінші неден бастап шешінеміз? -Киінерде, бірінші неден бастап киінеміз? -Жуыну үшін қандай заттар керек? -Қандай киімдерді білесіңдер? т.б. Балалардың қамқорлығын бағалайды. |
Сұрақтарға жауап беріп үйренеді. Киімдердің аттарын атап үйренеді. Жуынуға қажетті заттарды біледі. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: киімдердің
аттарын;
Игереді: тазалық
туралы түсініктерді ;
Меңгереді: киінудің,
шешінудің ретін.
Әдіскер:______________________