Жұлдыздар
ортаңғы тобының ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 14.03.17ж
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Көктем»
Мақсаты: 1.балалардың музыкаға қызығушылығын арттыру. 2.музыкалық
шығармаларға эмоциялық қатынастарын дамыту
3. табиғатқа деген қызығушылығын ояту
Блингвалды сыңары:көктем-весна
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті |
Балалардыңіс-әрекеті
|
Ынталанды ру
Сезімді ояту.
|
Көңілді музыка әуенімен балаларды қарсы алады. Шаттық шеңберіне тұрғызады. Көктем көріністері бейнеленген суреттерді көрсетіп, қандай жыл мезгілі бейнеленгенін сұрайды. |
Балалар көңілді әуенмен кіреді. Шаттық шеңберін жасап, бір-біріне жылы лебіздерін жеткізеді. |
Ізденістер. Ұйымдас-тыру.
|
Музыка тыңдау: «Бұл қай кезде болады?» Көктем Б.Ерзакович -Балалар, қазір қандай жыл мезгілі? -Көктемде қандай құбылыстар болады? -Қар, мұз қай кезде ериді? Ағаштар қай кезде бүршік атады? Сендертағы қандай құбылысты байқадыңдар? -Дұрыс айтасыңдар, күн жылиды, мал төлдейді, жауын жауады. Өткен әндерді қайталау. Ән айтар алдындағы ережелерді еске түсіріп, бойды тік ұстап, қатты айғайламай, еркін айту. Дауысты жаттықтыру. Әндердің мәтінін қайталап, нақышына келтіріп айту. Ән үйрену: «Көктем» К.Қуатбаев. Музыка жетекшісі әнді нақышына келтіріп орындап береді. Алдымен мәтінін қайталап, содан кейін әніне қосып айтады. Педагог балалардан ән не туралы екенін сұрайды. Ән көңілді, жеңіл орындалады. Әуенді қимылды ырғақ: «Қақпа». Бірінші бөлімінде балалар қақпа жасап, шеңбер бойында қолдарын жоғары ұстап тұрады. Ортада бір бала қақпадан кіріп-шығып жүреді. Музыка аяқталғанда қақпа жабылып, балалар қолдарын түсіреді. Бала қақпаның ішінде қалып қойса, екінші бөліміндегі музыка әуенімен билейді. Шеңбердегі балалар қол шапалақтайды. Ойын қайталанады. |
Балалар сұрақтарға жауап береді. Көктем
Көктемде күн жылиды, ағаштар бүршік атады.
Балалар өткен әндерді естеріне түсіріп, бірнеше рет қайталайды.
Балалар жаңа әннің не туралы екенін түсініп, әуенін еске сақтауға тырысады.
Ойынды қызыға ойнайды.
Айыпты болған бала би билейді. |
Қорытын-дылау. Өзін–өзі бағалау. |
-Сонымен, бүгін қандай жыл мезгілі туралы сөз болды? |
Көктем туралы. |
Біледі: көктемқұбылыстарын
айта біледі
Игереді: бүршік
атты, сай-саладан су ақты деген түсініктерді
Меңгереді:
«Қақпа» ойынын ойнауды, әнді нақышына келтіре орындауды