Армысың, әз-Наурыз!
(Музыка қосылады, сахна сыртында)
Жүргізуші Елькеева Алтынай
Көктем келді шуағын шашып,
Жер жүзі гүлденіп,табиғатта оянды
Қар астынан бәйшешектер қылтиып
шығады.
«Көктем биімен» Қарлығаш ерте
жас тобын қарсы алыңыздар.
Мәди:
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Наурыз тойы басталды,
Бір орында тұрмаңыздар!
Зере :
Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямас өнерпаздар ән мен жырын!
Тойлайық бақшамызда Наурыз тойын,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін!
Жүргізуші: Елькеева Алтынай
Шығыс халықтарына ортақ үлкен
мейрам Наурыз – бірліктің, татулықтың, ізгілктің, бақыттың мерекесі саналады.
Олай болса құрметті қауым, барлықтарыңызға татулық, береке-бірлік тілей отырып,
құттықтау сөз кезегін балалабақша меңгерушісі – Сайфуллина Тлеулес Камешқызына берейік.
(Құттықтау айтылады.)
Жүргізуші Елькеева Алтынай : - Уа, жараңдар, жараңдар
Көңілің бар алаңдар
Наурыз тойы басталды,
Бәрің бері қараңдар.
Досқа құшақ ашайық,
Өлең-жырға басайық.
Қазақтың бір салты деп
Тойға «шашу» шашайық!
(Ақтиін тобының Әжелер шығып «шашу»
шашады,ән айтады.)
Алас, алас,алас,
Әр бәледен алас.
Ескі жыл кетті,
Жаңа жыл келді.
Алас, алас,алас.
Жылдан есеп
Жақсылықты тәңір береді,
Жарық күнді кең береді.
Қамбамыз дәнге толсын
Аузымыз нанға толсын!
Алас, алас, алас!
Жүргізуші: Елькеева Алтынай
- Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге салшы, уа халайық! – дей келе, кезекті әнге берейік.
Ақтиін тобының орындауында «Дастархан »әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Елькеева Алтынай - Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ,
Қалыс адам болмасын некен-саяқ.
Ән шырқап, би билейік қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
Жауқазын тобының мың бұралған бишілерінің орындауында
«Наурыз көктем» биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
- Ал, балалар, тақпаққа қалайсыңдар,
Сендер өтер алдыда талай сын бар.
Наурыз күні ортаға қымсынбай кеп,
Жақсы айтсаңдар әрине, жарайсыңдар!
Балабақшамыздың бүлдіршіндерін ортаға шақырайық.
(Тақпақтар айтылады.)(Ақтиін мен
Балапан Жұлдыздар тобы)
Ясмин:
Құтты болсын Наурыз той,
Құлпырып тұр қыр мен ой.
Күн мен түні теңелді,
Жер шуаққа кенелді. Дамиан:
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Азаматта әл болсын!
Атымызда жал болсын!
Денис:
Кел, балалар, ойнайық
Наурыз тойын тойлайық.
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық.
Ерали:
Уа, ағайын,халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекелі халыққа,
Алсу:
Ата- бабам тойлаған,
Наурызым армысың!
Қызыққа еш тоймаған
Ернар
Науырыз тойым, Науырыз тойым
Құтты
болсын халайық!
Қане
достар, қане достар,
Шырқап әнге салайық.
Әмірлан
Науырыз
келді еліме,
Науырыз
келді жеріме.
Байлық, бақыт тілеймін,
Бүкіл
қазақ еліне
Жүргізуші: Елькеева Алтынай Наурызды
халқымыз
Жыл басы санайды.
Көнермей салтымыз
Көп елге тарайды, - деп «Тұсау кесер
» рәсімі көрсетілсін. (Қарлығаш
тобының әжелері Тұсау кесер көрсетеді).
Жүргізуші: Елькеева Алтынай Наурызда
оюлы
Ұлттық киім киеміз.
Бастап ән-күй ойынды
Билеуді сүйеміз, - дей келе «Аңшылар»
биіне кезек берейік.
Аңшылар» биі:
Жүргізуші: Елькеева
Алтынай
Болғанымен өнер көп
Той өтпеген ойынсыз, - дей келе келесі кезекті ойынға берейік. «Қыз қуу» ойыны басталсын. (Балапан тобы ойвн ойнатады.)
Жүргізуші : Елькеева Алтынай Наурыз тойы– көңіл тойы, көктем
тойы,
Жақсылық болса дейтін өмір бойы.
Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін
Елдегі бақыт, байлық, бақ көбейсін,дей отыра
Айтыс өнеріне кезек берейік. (Зере мен Жан)
(Наурыз мерекесіне арналған өлең жарыс).
1.Зере
Ал бастайық,бастайық
Осы тойды халайық,
Осы келген қауымға
Бар өнерді салайық.
Қайымасы:
2.
Ерке,еркем,еркем-ай!
Еркелеткен еркем-ай
Еркелеткен еркемді
Еркелетсем екен-ай
3.Жан
Бір ағашта екі
алма
Менде алмайын,сенде алма
Көрші ауылға наурыз тойға
Мен барғанда сен қалма
Қайырмасы
4.Зере
Біздің бақша тамаша
Іші бәрі жаңаша
Наурыз тойға келген қауым
Жан – жағына қараса
Қайырмасы сол:
5.Жан
Қош келіпсіз көрермен
Ақпейілді сезіммен
Босқа отырмай текке сіз
Поддерживай көңілмен
Жүргізуші: Елькеева Алтынай Наурыз
тойың, наурыз тойың
Құтты болсын халайық.
Мың бұралып би леп,
Бишілерді қарсы салайық, - демекші «Жұлдыздар » тобының балаларының
орындауында «Көкпар »биін тамашалаңыздар.
Қол соғып қошемет көрсетейік.
Жүргізуші: Елькеева Алтынай Болғанымен өнер көп,
Той өтпеген жарыссыз.
Намысқойлар елеңдеп,
Елп етпеген намыссыз.
Өрісіңді бағалар
Алдыңда тұр асқар шың.
Ортаға шық балалар,
«Арқан тарту» басталсын.
Ойын: «Арқан тарту» ұлдар
Жүргізуші: Елькеева Алтынай Наурызым
міне келді жайраңдаған,
Ынтымақ пен достық бір сайраңдааған.
Мол дастархан, ақ ниет ырыс толған,
Көктемнің бұл күніне қайран қалам, - дей келе «Жауқазын» тобының балаларының
орындауында «Наурыз тойы » әнін қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші: Елькеева Алтынай
Ұлыс күні қазан болса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар
Енді кезекті Қыдыр атадан бата алайық.
Қыдыр ата:
Сұрасаң бата берейін,
Ақ тілекті төгейін.
Еліме берсін берекет,
Қашсын сырқат-бәлекет!
Кірсін дәулет есіктен,
Кетсін бейнет тесіктен,
Ескі жылым есірке,
Жаңа жылым жарылқа!
Дастарханың мол болсын!
Абыройың зор болсын!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Әумин!
Жүргізуші: Елькеева
Алтынай Жатыр шалқып көңілім, шалқып әнім,
Наурыз сыйлар қуаныш, бақыт нәрін.
Ұлыстан соңкүтіп тұр, Ұлы күнің, бәрің
Наурыз көжеге бәрің келіңдер.
(Ақбота тобының әжелері)
Жүргізуші: Елькеева Алтынай Осымен құрметті қонақтар, ата-аналар! Сіздерге арналған «Әз Наурызым,
армысың!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ұлыстың Ұлы күні құт-береке, молшылық әкелсін.Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын.