«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Көнілді мысықтар"

04.04.2017

Технологиялық карта

Білім беру салалары: «Денсаулық»

Бөлімі: «Дене  шынықтыру»

Тақырыбы: «Көңілді мысықтар»

Мақсаты: Балалардың

үй-жануарлары туралы білімдерін кеңейту:

 Топпен жүруге,жүгіруге жаттықтыру.Орындарында тұрып жоғарыға

секіру.Төрт аяқтап жүруге жаттықтыру.

Құрал-жабдықтары: доптар, мысық суретінің маскалары, жастық,

матрас, сауықтыру жұмыстарына арналған құралдар.

Сөздік жұмыс: Мысық, кішкентай, сүйкімді.

Қос тілдік компонент: Мысық-кошка, кішкентай-маленький, сүйкімді-ласковый.

 

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар музыка әуенімен

залға кіреді. Бір сапқа тұрады.(бастарында мысық суреті бар маска тағылған).

 Тәрбиеші: Балалар

жұмбақ тыңдайық: 

Тікірейіп құлағы 

Менен бұрын тұрады. 

Бойын жазып керіліп, 

Беті-қолын жуады. 



Амандасады.

 

 

 

 

 

 

Балалар: мысық - кошка. 


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші:Дұрыс балалар! Мен ана мысық боламын, ал сендер

менің балаларым. Айналамыз, айналамыз кішкентай мысықтарға айналамыз. 

Тәрбиеші: 

- Ал бұл жерде кім тығылды екен?Бұл Мурзик

мысық екен ғой Балалар, Мурзикті қалай шақырамыз?

Дұрыс балалар. Мысық қалай

мияулайды?

 Ол сәбилермен ойнағанды жақсы көреді екен.

Мурзикпен ойнайық па? Біз не жасай алатынымызды көрсетейік. 

Музыка әуенімен балалар түрлі жүріс пен жүгіріс

жаттығуларын орындайды 

- мысықтар секілді аяқ ұштарымен; аюлар

секілді (мысықтардың қарындары тоқ); тізені биік көтеріп(далада шалшықтар

бар, шалшықты басып кетпейік ); аяқ ұшымен тышқан соңынан жүгірейік; демді қалыпқа

келтіретін жүріс. 

Мурзиктің қолында

не бар?

Доппен ойындар. 

Добым, добым домалақ, 

Қайда кеттің домалап? 

Қызыл, жасыл, сары, көк... 

Қуып жетем мен саған!!! 


Допты қорапқа түсіру керек 


Тәрбиеші: Міне қандай тамаша! Ал енді доптарыңды

орнына қойындар.

 

Сергіту сәт:

Пеш үстінде мысық отыр,

Аздап көзін қысып отыр,

Тышқан етін жегісі кеп,

Оның тісі қышып отыр.


Жалпы

дамытушы жаттығулар комплексі. 

- Тәрбиеші: мысықтар шаршап қалды, демалуға

жатты. Жастықтарға жатыңдар. 

(Баяу әуен жүріп отыр. Балалар ұйықтап жатқандай

жатады). 


Әуен аяқталады. 

Міне ояндық, созылдық, жақтан жаққа бұрылдық. 

Қолымызбен былғаймыз, ішімізде жатамыз,

бетімізді, құлағымызды жуамыз. 

Ал енді құйрығымызбен былғаймыз, құйрығымыздан

жүгіреміз. 

Біз іздейміз тышқанды. 

Таба алмадық, ашуландық «ш-ш-ш» деп.



 

 

 

 

 

 

 

 

Кіс-Кіс-деп

 

Мяу-мяу –деп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Доптар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайталайды

Көздерін қысады, қолдарымен іштерін сипайды, ауыздарын

ашады.

 

 

 

Балалар ұйықтайды

 

 

 

Қимылдар жасайды

 

 

 

 

 

Ш ш ш деп қайталайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар, бүгінгі сабақта біз айналы,айналып неге

айналдық? Біз не болдық?-Дұрыс

 

Не жасадық?

Осымен сабақ аяқталды,

Мурзик сендермен қоштасады. Рахмет, Мурзик саған.

 

Мысық болдық

 

Жаттығудар

 

Балалар қуанышты сезімде

болады.

 

Күтілетін нәтиже:

Қабылдай алады: Мысықты сипаттау,

жаттығуларды жасау.

Түсінеді: Әңгімелеу, тақпақтар

айту. Жаттығуды істеуге

талаптанады

Қолданылады: Тақырып бойынша сұрақтарға

жауап бере алу дағдыларын.  Допты қолдана алады.

 

Просмотров: 574


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст