«Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің
бастамасы».
Бүгінде
мектепке дейінгі тәрбие мен білім
беру жүйесінің жаңаруына
жан-жақты жетілген, ұлттық
сан-сезімі, ұлттық психологиялық
нышандары қалыптасқан, рухани
байлығы дамыған ертеңгі
еліміздің болашағы, бүгінгі бүлдіршіндерімізді тәрбиелеу—мектепке дейінгі
мекемелердің басты міндеті болып
табылады. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру әрекеті барлық негізгі
балалар дамуының
бағыты бойынша үйірме жұмыстары арқылы іске
асырылатынын білеміз.Өткен жылдың желтоқсан айында «Қосымша білім
беру бағдарламалары негізінде үйірме жұмыстарының
маңыздылығы» тақырыбында аудандық семинар өткіздік. Семинарда
балабақшамыздағы үйірме
жұмыстары көрсетілді.
Балабақшамыздың саз
маманы Мұхаметрехим Г. өзінің «Біз
өнерлі өрендерміз» үйірме жұмыстарындағы дайындаған
«Мақта қыз бен мысық» музыкалық қойылымын
ересектер тобының
тәрбиеленушілерінің қатысуымен
көрсетті. Қазақ халқының ертегісінің
желісімен музыкалық қойылым
өте қызықты да тартымды өтті.
«Мектеп жасына дейінгі бала дамуында әрекеттік
тәсіл- Қазақстан Республикасыны МЖМБС жүзеге
асыру құралы» Республикалық қашықтық байқауға ән –күй жетекшісі Мұхамедрахим Г.Е.осы қойылымның видео-ролигін
жіберіп,ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.Балабақшамыздың тәжірибелі
тәрбиешісі
Бекмағанбетова Г.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үздік қосымша білім беру
бағдарламасы» облыстық сырттай байқауға қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен
марапатталған еді. «Мектеп жасына дейінгі бала дамуында әрекеттік тәсіл- Қазақстан Республикасының МЖМБС жүзеге
асыру құралы» Республикалық қашықтық байқауға
6 педагог қатысып,арнайы сертификаттарға
ие болды. Тал бесіктен басталатын бала тәрбиесін бүгінгі заман талабына
сай жан-жақты жетілдіру, білімді
де саналы ұрпақты тәрбиелеу- біздің
басты
борышымыз екенін жақсы білеміз. Сөзімізді қорыта
келе
Елбасымыздың «Егемен
еліміздің ертеңіне тіреу,
іргесіне сүйеу
болатын жас ұрпақты жан-жақты
білімді етіп тәрбиелеп жетілдіру
басты назарда болуы тиіс»- деген
ұтымды ойдан туған сөзімен
аяқтай келе , еліміздің ертеңі бүгінгі
бүлдіршіндеріміздің болашағы
үшін
тәрбие мен білімнің сара жолында ізденуден еш уақытта
ізденуден жалықпайық.