27
сәуір күні «Балдырған» бөбекжай-бақшасында
«Жаңа Стандарттың шығармашылық саласы бойынша білім беруді жүйелендіру»
тақырыбында №4 педагогикалық кеңес болып
өтті. «Жаңа Стандарт негізінде шығармашылық салалары бойынша оқу
іс-әрекеттерінде жаңа ииновациялық технологияларды қолданудың тиімді тәсілдері» тақырыбында
әдіскер Балдаева Ж. әдіскердің ашық хатында баяндап берді. Қазіргі заманда жаңа
инновациялық технологиялар,
ақпараттық технологиялар негізінде
жаңаша үрдісте тиімді тәсілдерді
қолданудың жолдарымен таныстырып өтті. «Жауқазын» ересектер тобының тәрбиешісі Қарақойшинова Р.
«Дәстүрден тыс бұйымдармен сурет салудың жаңа әдіс-тәсілдері» тақырыбында топтағы балалармен жүргізілген шығармашылық
жұмыстарымен және осы сабақтағы балалардың қалай
қызығушылығы артқанын көрсетіп, слайд арқылы қорғап шықты. Дәстүрден тыс көптеген бұйымдармен жұмыс
жасауға болатынын көрсетті. Тәрбиеші Қарақойшинова Раушанның балалармен сурет
салу сабағында өткізген
шығармашылық жұмыстары тәрбиешінің кәсіби деңгейінің жақсы екенін
танытты. Балабақша меңгеруші Сайфуллина Т.К. педагогтармен «Іскерлік ойын» өткізді.
Педагогтардың кәсіби деңгейін көтеру
мақсатында және шығармашылық
ізденістерін көтеру үшін осы ойынның пайдасы зор болды. Балабақшамыздың
ән-күй жетекшісі Мұхаметрахим Г.» Балалардың музыкалық қабілетін арттыруда
тәрбиешілердің ықпалы» тақырыбында өз баяндамасын оқып беріп,
күнделікті музыка сабақтарында
тәрбиешінің рөлі қандай болу
керек екенін айтып өтті. Сонымен
қатар «Дәстүрден тыс бұйымдардан жасалған
мүсіндер» көрмесін барлық
педагогтар көрсетіп, өздері мүсіндердің жасалу жолдарымен таныстырды. Педагогикалық кеңесте басқа да ағымдағы мәселелер қаралып,
көпшілік талқысына салынды. Балабақша
меңгерушісі Сайфуллина Т. қорытынды
жасап, педагогтарға шығармашылық табыс тіледі.