«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

облыстық аймақтық семинар туралы

19.05.2017

19 мамыр күні «Балдырған» бөбекжай-бақшасында «Қосымша

білім беру бағдарламалары негізінде үйірме жұмыстарының маңыздылығы» тақырыбында

облыстық аймақтық семинар болып өтті.Семинардың ашылу салтанатында балабақша меңгерушісі

Сайфулллина Т.сөз сөйлеп, балабақшаның бүгінгі күнге дейін жеткен

жетістіктеріне тоқталып өтті. Семинарды балабақша әдіскері Балдаева Ж.жүргізіп,

әр педагогты таныстырып өтті. Мектепке дейінгі білім мекемелерінде қосымша

білім беру бағдарламаларына сай вариактивтік компонент  үйірме сабақтарын көрсетті. Балабақшамыздың

музыка жетекшісі Мухамедрахим  Г. «Жауқазын»  ересектер тобының балаларымен «Мақта қыз бен

мысық» музыкалық қойылымын қойды. Осы ертегі қойылым арқылы балалар өздерінің әртістік

қабілеттерін көрсетті.  «Шебер бала

болармыз» үйірме жұмысын «Жұлдыздар» орта тобының тәрбиешісі Сейтахметова С өзінің

«Табиғатты аялайық» сабағын қызықты да тартымды өткізді.Үйірме жұмысында дәстүрден

тыс материалдан жұмыстар көрсетілді. Балалар табиғат аясына саясатқа шығып, көңілді

оралып, табиғаттан алған әсерлерін қызыға айтып берді. «Жауқазын» ересектер

тобының тәрбиешісі Нұрмағамбетова А. «Дос іздеген ботақан» қуыршақ театрын көрсетті.

Осы қойылым арқылы балаларды достыққа, бауырмалдыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге

болатынын сахнада көрсете білді. Балабақшамыздың шет тілі маманы Серикбаева Г.

ересектер тобының балаларымен ағылшын тілінде «Үйшік» ертегісінен қойылым көрсетіп,

семинарға келген қонақтарды таң қалдырды. «Мектеп жасына дейінгі балалардың көлеңке

театры арқылы танымдық белсенділіктерін арттыру» тақырыбында  өзінің шеберлік сыныбын балабақшамыздың тәжірибелі

тәрбиешісі Серикбаева Г.өте жоғары деңгейде көрсете білді. Семинарға келген қонақтармен

өз тәжірибесімен бөлісті. Көлеңке театры арқылы балалардың ертегіге деген қызығушылығын

қалай артыруға болатынын тәжірибе жүзінде көрсетіп, әріптестермен ой бөлісті. Қосымша

білім беру бағдарламалары негізінде облыстық сырттай байқауға қатысып,ІІІ орынға

ие болған  тәжірибелі тәрбиеші Бекмағамбетова

Г. өзінің «Ертегілер елінде» баяндамасын оқып, іс-тәжірибесімен бөлісті.

Семинарға келген қонақтармен балабақшамыздың жас маманы педагог-психолог  Карин А. «Көңіл-күй тұрғындары»  психологиялық тренинг өткізіп,қонақтарға көтеріңкі

көңіл -күй сыйлады. «Өзге ұлт өкілдері бүлдіршіндерін мемлекеттік тілде тәрбиелеуде

отбасы мен балабақша  ынтымақтастығы» тақырыбында

18 жыл еңбек өтілі бар тәжірибелі тәрбиешіміз 

Сулейманова Г.өзінің шеберлік мектебін өткізді. Сонымен қатар балабақша әдіскері

Балдаева Ж «Балабақшадағы  үйірме жұмыстарының

балалар шығармашылығындағы маңызы» тақырыбында презентациялық алаңшада жалпы

балабақшадағы үйірме жұмыстарымен 

таныстырып өтті.Семинардың соңында балалақша педагогтары шығармашылық

концерт қойып, қонақтарға қуаныш сыйлады. Семинарды балабақша меңгерушісі

Сайфулллина Т. қорытынды сөз сөйлеп, келген әріптестерімізге алғысын айтты.

Аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі бөлімнің әдіскері Жұмабаева Г. сөз сөйлеп,

облыстық аймақтық семинардың жоғары деңгейде өткенін айтып өтті. Атбасар, Жақсы

, Есіл ауданынан келген қонақтар семинардан алған әсерлерімен ой бөлісті.

Просмотров: 351


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст