«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырған» города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы іс-шара

25.05.2017

                         Шынықсаң

шымыр боласың

 Мақсаты:                                                                                                 

 Ырғақты би, әсем қимылдарының дұрыс

орындалуына мән беріп, спорттық, эстафеталық ойындар мен ұлттық ойындарды өз

ережесін сақтай отырып ойнауға үйрету. Жарыс кезінде көріністер арқылы баланы

шапшаңдыққа, ептілікке намысшылдыққа баулу.

1-жүргізуші:  Құрметті тәрбиешілер және кішкентай бүлдіршіндер!

 Бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың» атты спорттық

эстафеталық ойынымызға қош келдіңіздер! Бұл ойынның негізгі мақсаты дене шынықтыру

арқылы денсаулықты нығайту әрекеттерін қалыптастыру болғандықтан күнделікті

дене шынықтыру және музыка сабағымызда көрсетіп, жаттығып жүрген қимыл-қозғалыс

жаттығуларымызды сіздермен бірге өткізбекшіміз. Олай болса, «Сұңқар» және «Қыран»

тобының балаларын қарсы алайық.

(Балалар музыка әуенімен қолдарын

жоғары көтеріп шапалақтап, билеп ортаға келеді.)

Бүгінгі ойынымызға төрелік

ететін қазылар алқасымен таныс болайық.

2-жүргізуші: Топ

алдына шыққанда басын иіп,

                       Сәлемдесу- парызы әрбір

жастың.

                       Өнерлерін паш етер бүлдіршіндер,

                       Сәті келіп қалғандай

танысатын,- дей келе алғашқы кезеңді бастаймыз. 1-ші кезең- «Сәлем-сөздің анасы» .

                                      (2топ өздерін

таныстырады)

Ал балалар күнделікті ертеңгілік

жаттығуымызды қайталап, денемізді шынықтырып алайық.  

                                      «Қара жорға»әуені                  

1-    жүргізуші: Шынықсаң шымыр боласың,

                              Өнегелі баласың.

                              Бұлшық еттер бұлтыңдап,

                              Жұлдыздай болып

жанасың,- дей келе 2-ші кезеңімізді бастаймыз. 2-кезең – қазақтың ұлттық ойыны арқан тартыс.

                              Көкшіл, ала ,қызыл

доп,

Басайықшы

топ-топ-топ.

Шынығамыз

әрқашан,

Ауырмайсың

жоқ-жоқ-жоқ.

Олай болса,3-кезеңімізді

бастаймыз.

                  (Спорт нұсқаушысы ойын шартын

түсіндіреді)

Намысыңды

бермегін

Құлашыңды

сермегін.

Қане

биле балақан,

                              Жарқылдаған өркенім!

Қане балалар бойымызды

сергітіп бір би билеп жіберейік пе?!

«Арива» биі

                                        Денсаулығың зор болар

Рухың

да өр болар.

Сендердей

шымыр баламен

Елдің

рухы қорғалар!-

дей келе ойынымыздың шарты

бойынша 4-ші соңғы кезең «Менің үйім»,

яғни кубиктерден үй құрастыру.

Міне,балалар,ойынымыздың соңғы

мәресіне жеттік,ойынымыздың жеңімпазын анықтау үшін қазылар алқасына сөз

берейік.

Осымен балабақшаішілік

спорттық-музыкалық сайысымыз аяқталды,келгендеріңізге, ойынымызға қатысқандарыңызға

көп-көп рахмет.Сау болыңыздар!

 

Просмотров: 344


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст